Су XXL ғасырдың стратегиялық ресурсы

бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі48.77 Kb.
#493854
1   2   3
Су XXl ғасырдың стратегиялық ресурсы

Мамандардың болжамына сүйенсек, 2025 жылға қарай судың жетіспеушілігі 1,3-2 трлн. текше метрге дейін жетуі мүмкін. Есептеулер бойынша бұл кезеңде ауызсудың тапшылығын жер бетіндегі халықтың үштен екі бөлігі сезінеді. Сондықтан да БҰҰ Бас Ассаамблеясының шешімімен 2005-2015 жылдар «Су - тіршілікке арналған» атты халықаралық іс-қимылдар онжылдығы болып бекерден-бекер жарияланған жоқ. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында: «Онжылдықтағы мақсат - барлық деңгейдегі су ресурстарына байланысты іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар бойынша шараларға және проблемаларға баса назар аударуға негізделген», - деп атап өтілген

«Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қа­терінің бірі ретінде «судың тым тапшылығы» мәселесі аталғаны белгілі. Стратегияда әлемдік су ресурстары қатты қысым көріп отырғаны, соңғы 60 жылда Жер шарында ауызсуды пайдалану 8 есе өскені, осы жүзжылдықтың ортасына қарай көп елдің суды сырттан алдыруға мәжбүр болатыны жайлы айтылған болатын.

Ал Қазақстанда су ресурстары 2030 жылға қарай қазіргі 91,3 текше шақырыммен салыстырғанда 21 пайызға азайып, 72,4 текше шақырымды құрайды. Азаю үдерісі, негізінен трансшекаралық өзендер есебінен болады, яғни көршілес елдерден келетін су көлемі 60 пайыздан астам мөлшерге кемиді. Себебі, бүгінгі таңда көршілер өздерінің экономика салаларын дамыту үшін су ресурстарын пайдалануды арттырып келеді. – Әрине, су – шектеулі ресурс. Ал, шек­теулі дүниенің көзін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себеп­терінің ошағы ретінде қаралып, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет