Ионалмасу тәсілі. Бұл өнеркәсіпте кең қолданылатын (көбінесе гидрометаллургияда) физико-химиялық тәсіл. Тәсіл кермектікті жою және деминерализациялау үшін қолданылып, кермектікті ғана жоймай, бұнымен қатар суды толығымен тазартады. Мұндай тазартудан өткізілген су құрамында бейтаныс иондар: не катиондар, не аниондар кездеспейді. Бұл тәсіл кейбір заттардың суда ерімейтін иондарын сыртқы ортадағы иондарға стехиометриялық түрде алмасу қабілеттілігінде негізделген. Мұндай қасиеттерге ие заттар ионалмастырғыштар (ионалмасу сорбенаттары) немесе қысқаша иониттер деп аталады. Иониттердің көбісі – қатты, шекті ісінетін, амофты және кристалды құрылымды заттар. Олар матрицадан және оған бекітілген ионогенді немесе комплекс түзуші топтардан тұрады. Иониттер табиғи суды ерімейтін қоспалардан тазартып қоймай, сонымен қатар онда еріген заттардан да тазартып сапасын жақсартады. Өнеркәсіпте ионалмасу сүзгісінің көмегімен кальций және магний иондарын натрий және калий иондарына алмастырып, жұмсақ су алады
Судың жалпы кермектілігін комплексонометрлік тәсілмен анықтау.
Судың жалпы кермектілігі сілтілі-жер металдар тұздарының мөлшерімен өлшенеді және кальций мен магнийдің 1л-гі миллимолимен ммоль көрсетіледі.
Титреленетін колбаға 100 мл су пипеткамен алынады, оған 10 мл аммиакты буферлі ерітінді, 0,2 г индикатор эриохром қара қосылады. Титрлеу процесін ЭДТА-ң ерітіндісімен жүргізеді. Судың түсі көк түске өзгергенше ЭДТА қосылады. Титрлеу процесі жүрген кезде келесі реакция орын алады:
Ca2+ + HIn2- = CaIn- (қызыл) + H+
Mg2+ + HIn2- = MgIn- (қызыл) + H+
CaIn- (қызыл) + Na2[H2Y] (түссіз) = Na2[CaY] (түссіз) + HIn2- (көк) + H+
MgIn- (қызыл) + Na2[H2Y] (түссіз) = Na2[MgY] (түссіз) + HIn2- (көк) + H+
Достарыңызбен бөлісу: |