Суицид әлеуметтік мәселе а. Т. Акжолова



Дата05.03.2016
өлшемі102.77 Kb.
#43790
СУИЦИД - ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ
А.Т. Акжолова – ф.ғ. к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дің доценті,

Л. А. Лимашева - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы,

Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша өзін-өзіне қол жұмсау мәселесі қоғамды дүр сілкіндірген жағдайдың бірі. Жылдан жылға өлім мәселесі арта түсуде, оның себептерін анықтау барысында келесі мәселелерге тоқталу керек: отбасында туындаған дағдарыстық жағдайлар, мемлекетте және дүние жүзінде туындаған экономикалық тепе-теңсіздік мәселесі, қоғамдық өмірде кездесетін алкоголизм, нашақорлық, зорлық зомбылық, бәскелестік.

БҰҰ балалар ұйымының әлеуметтік мониторинг зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Рессей және Қазақстан мемлекеттерінде өз-өзіне қол жұмсау деңгейі жоғары екенін көруге болады. Суицидке барудың басты себептерінің бірі бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелер және отбасындағы ата-аналар мен балаларының арасында қарым-қатынастың нашарлауы. Көп жағадайда жасөспірімдер арасындағы кездесетін суицидтің себебі ол ата- анасының балаларының қарапайым қажеттіліктерін өтей алмауынан туындап жатады. Сол себепті өзін- өзіне қол жұмсау мәселесі әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық мәселе болып табылады.

Ислам дінінде өз өзіне қолжұмсауға қатаң тиім салынады. Құран кітапта «өз-өзіне қолжұмсау» деген сөз мүлдем қарастырылмаған. Дінге сенген әрбір мұсылман өзіне жазған өмірін сүру керек деген.

Өзіне -өзі қол жұмсау, суицид- психикалық көңіл күйдің немесе жан дүниесінің әлсіреуінен ішкі күйзеліс арқылы туындайтын ой. Өзінің әрекетіне есеп бере алмайтын жағдай (яғни бес жасқа толмаған балалардың өлімі) өз-өзіне қолжұмсады деп есептелмейді, ол оқыс туындаған жағдайға жатады.

«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қолсалу» деген мағынаны береді. Суицидттік әрекет екі түрлі жағдайды қамтиды алғашқысы аяқталған суицид және суицидтке әркет ету жағдайы. Алайда бұл феномендердің көрінісі деп есептеледі. Кейбір авторлардың айтуынша кей жағдайларда бұл айналасындағы адамдарды қорқыту немесе көңіл аударудың жолы деп есептейді.

Өз-өзіне қолжұмсау деген сөздің астарынан екі түрлі түсінікті қарастыруға болады: біріншіден, жеке мінез- құлықтық әрекет; екіншіден әлеуметтік көрініс, кейбір адамдар өз еріктерімен өлімге барып жатады. Мінез құлықтық әрекет бұл психология, этика және медицина ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады, ал өз еркімен өлімге баратындар әлеуметтік саланың, әлеуметтік психологияның зерттеу аумағы болып есептеледі.

Өзін-өзі өлімге итермелеу жолын кең мағынада қарастырсақ бұл: өз - өзін жою немесе аутодеструктивті әрекеттер (алкоголь, темекі, нашақорлық заттарын қабылдау, сонымен қатар артық тамақтану) жатады. Суицидттік әрекеттің медициналық- құқықтық тұрғыдан әртүрлі жағдайларын қарасытруға болады (себебі стадиясы, мотиві бойынша, формасы, түрі). Мысалы, қатыгездік өлім түріне (өзін ату, асылып өлу, қан тамырын кесу) бұл әрекетке көп жағдайда ер адамдар барады, ал (медикоментозды препараттарды қолдану, химиялық улы заттарды пайдалану) әйел адамдарда кездесіп жатады, алайда бұл әрекеттердің көрнісі.

Өзіне- өзі қолжұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі Э. Дюркгейм өлімге итермелейтін себептерден бастап зерттеген: эгоисттік себеп (қоғам мен индивидттің арасындағы қарым- қатынастың әлсіреуі); альтуристік (шындық үшін немесе басқа адамдар үшін); аномикалық (қоғамдағы дағдарыс жағдайлар) [1].

Дорпат және Босвелл суицидтті әрекеттік немесе демонстративті деп қарастырған, өзінің өміріне қастандық ету әрекеті.

Л.Векштайн (L. Wekstein) суицидттік әрекеттің отызға жуық түрін көрсетеді: алкоголдік немесе нашақорлық мәселесі, рационалды суицид, психикалық және экзистенционалды және т.б. [2].

Бэгли басқада авторлармен бірлесе отырып суицидті депрессияға түскен адамдар жасайды деген пікір айтқан, сонымен қатар қарттық және әлеуметтік себептермен де байланыстырған.

Э. Фроммның пікіріне де мән беру керек, дамып келе жатқан қоғамға адам икемделе алмаса, жекеленіп қалғандығы туралы сезім пайда болады сол себептен осы невротикалық сезімнен айырылудың жолы ретінде өзіне қол жұмсайды деген [3].

Суицидке барған адамдардың соңғы хаттарын зерттеумен айналысқан көптеген авторлардың пікірінше қағидалы сөздер, жазудағы қателер, қарама қайшы сөздер, ызасы келтірілген жағдайлар кездеседі деген.

Л.И. Постовалов отбасылық суицидттің әлеуметтік- психологиялық аспектілерін көрсеткен. Отбасылық классификация бойынша: интеграцияланған және дезинтеграцияланған, гармониялық және дисгармониялық, корпоративтік және альтуристік, ашық және жабық, авторитарлы және демократиялық.



Интеграцияланған және дезинтеграцияланған типтер бойынша отбасындағы адамдардың отбасындағы жағдайлардың барысына араласуымен, олардың эмоциялық біріліктерімен түсіндіріледі. Дезинтеграцияланған отбасында суицидттік жағдай жиі туындап отырады себебі отбасындағы жағдайлар яғни, пікірін тыңдамау немесе туыстарының қарсы шығуы әсер етеді.

Дисгармониялық отбасылар да суицидке жиі түседі. Олар отбасындағы адамдардың ортақ мақсаттарының, қажеттіліктердің және мотивтердің болмауы әсер етеді.

Корпоративті және альтуристік отбасылар отбасындағы адамдардың қарым- қатынас жасау түріне байланысыты өзара ажыратылады. Корпоративті отбасында өзінің отбасының қызығушылығы үшін басқадан бас тарту, ортақ пікір болмайды. Альтуристік отбасы суицидке бой салмайтын төзімді отбасы болып саналады себебі, отбасындағы әрбір адам жауапкершілікпен жүктелеген және бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната білетін отбасы.

Консервативті отбасында сыртқы факторлардың әсерінен суицидттік жағдай туындап отырады. Бұл типке жасөспірімдік суицид тәуелді.

Ашық және жабық отбасылар өзара билік көрсете алу жолымен ажыратылады. Индивидттің қарым-қатынасқа түсе алу қабілетімен байланысты ең қауіптісі жабық отбасы болып саналады.

Авториталды және демократиялық отбасылар билікті бөлісуіне байланысты ажыратылады. Демократиялық отбасы толық немесе жайлы болып есептеледі, ал авторитарлы отбасы билік бір адамның қолында болғандықтан отбасылық ауытқушылық болып есептеледі сол себептен суицидке тез түсетін отбасылар қатарына жатады.

Көптеген зерттеулердің көрсеткіші бойынша суицид тек отбасылық жағдайдың нәтижесіне байланысты емес ол сонымен бірге ананың ішкі күйзелісінен туындайды деп есептейді. Себебі бала ана құрсағында жатқанда анасының жағымсыз эмоцияларын сезінеді, яғни анасының психологиялық мәселелері олда суицидттік жағдайдың туындауының себекері болып есептеледі. Отбасындағы жағдайдан басқа ата- ана қатынасы баланың жағдайына тікелей әсерін тигізеді.

Н.Д. Кибрик студенттер арасындағы суицидттің туындауының себептерін зерттеу барысында оқу процессіне тұлғаның бейімделудің деңгейімен байланыстырған:

1-ші деңгей оқу материалын меңгерудегі туындайтын қиындықтар: экзамен кезінде ұйқының бұзылуы, шаршау, төзімсіздік, ашулашақтық.

2-ші деңгей оқу үлгерімнің нашарлауы, академиялық қарыздарды жаба амауы, коллективпен, университеттің басшылығымен кикілжіңге түсуі себепкер болады.

3-ші деңгей оқудан шығып қалуы өмірінің дұрыс қалыптаспауының себепкері болып саналғандықан бұл деңгей өте қауіпті болып саналады [4].

Нағыз суицид қашан да жабырқау, дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас тарту жайлы ой, күйзелу жатады. Сол себепті екі түрлі суицид жағдайын ажыратуға болады: Демонсративті суицид- өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс құралы болады, көмекке шақырады. Жасырын суицид – өзіне- өзі қолсалу мінез- қылығының бір түрі. Бірақ, қатаң мағынада оның жағдайларына мән бермейтін, сонда да сол бағытпен қорытындыға ие болады. Бұл іс- әрекет көп жағдайда қауіп- қатер деңгейінің жоғарғы ықтималдылығымен ұштасып жатады. Көп жағдайда бұл адам тәуекелге негізделіп өмірден өтуден гөрі өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден өтудің ашық түрін таңдамай суицидтік сипаттағы әрекеттерге бой ұрады. Барлық өмірде болып жағдайлар адамның сезімдері арқылы реттеліп отырылады. Сол себепті адамның суицидке баруының бір жолы ретінде ішкі сезімдерді реттей және басқара алмағандығы деп білуге болады. Жоғарғы сезімдерді адамгершілік-моралдық, интеллектік, эстетикалық деп үшке бөліп қарастырамыз. Сезім деп атала-тын ұғым күнделікті тіршілікте жиі қолданылып, түрлі мағынада айтылады. Адам сезімнің қайнар бұлағы – бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады.

Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғарғы деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік моралдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғарғы деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және адамгершілік-моралдық дейтін түрлеріне тоқталып өтсем деймін.

Ақыл-ой (интеллектік) сезімі – адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі тұлғаның оқып білім алуына, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттағы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі – адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.

Эстетикалық сезім – мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы терең, кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі.

Адамгершілік – моралдық сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізі – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас орнату. Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді [5].

Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез- құлықтық ерекшеліктері:


  • Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар;

  • Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белесенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;

  • Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішмдікке тәуелді болуы;

  • Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі;

  • Үмітсіздік, дәрменсіздік сезмі. Осы уақытта өзіне- өзі қол жұмсау тілегі алғашқы, күшті сезімі болуы мүмкін.

  • Еш үмітсіз сезімнен және өзін өлтіру туралы ойының әсерінен басқа адамдармен қарым- қатынас жасай білмеуі;

  • Ешқашан жақсы болмайды деген сенімділігі. Олардың сөздері, ойлары «өмір қорқынышты», «барлығына бәрі- бір» деген тіркестерге толы.

  • Теннельдік көріністерге ие болуы, яғни өзіне тимді жақсы жақтарды көре білмеу. Олар болған жағдайдан біраз жолды көреді;

  • Екі жақты толғаныс өлгісі келеді, сонымен қатар өлгісі келмей өмір сүргісі келеді. Өзіне- өзі қол жұмсаудағы басқыншылық өмір сүру тілегін нақтылау.

Адамның жоғарғы деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағлым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай дамып, жетіліп, өрістейді.
Жеткіншектің өзіне- өзі қол жұмсауының себептері:

  • Депрессиялық көңіл күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы да әсерін тигізеді.

  • Отбасындағы шиленіскен қарым- қатынастар әсерін тигізеді;

  • Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін тигізеді);

  • Ол әдетте сәтсіздіктің белгісі, басқа адамдармен қарым- қатынасындағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу;

  • Қоғамдық орындардағы эмоционалдық,психикалық көңіл күйге назар аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар ождан, намысқа тию;

  • Дене бітімінде физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне- өзі қанағаттанбауы).

«Вертер синдромы»

Жеткіншектің суицид жасауға итермелейтін жағдайдың бірі ғашықтық сезім немесе махаббат. Қазіргі кезде бәрімізге белгілі Шекспирдің кейіпкерлері Ромео мен Джульетта оқиғасы. Ғашықтық жолында өз өмірін қиюға дейін барады. Көбіне махаббаттың құрбаны болып жатқан суицид өз ізін қалдырып кетеді екен. Міне осындай жолдармен өмірден өтуі жөн көрген жеткіншектеріміз сан қилы оқиғаларды қағаз бетіне ойластырып тастап кетуге тырысады. Көбіне мұндай өлер алдындағы соңғы тілек немесе хат тастап кету бұлардың барлығы да кинофильмдерден алынады. Мұны психологияда «Вертер синдромы» деп атайды.

Суицидті болдырмаудың жолдары: ең алдымен, әрбір өзіне- өзі қол жұмсаған жеткіншекті психикалық ауруға шалдыққан деп есептеуге болмайды, себебі суицид талқылайтын мәселе емес. Иә жеткіншек тығырықтан шығудан қиындықты жеңудің ең нашар жолын таңдағанымен оны кінәлауға болмайды. Бұл оның кінәсі емес, оның кінәсі қиындықты жеңіудің дұрыс жолын таба алмағандығы.

Егер де, біреу суицидке әрекеттену арқылы сізді қорқытып немесе басқарғысы келсе, сіз өз тарапыңыздан салқындық танытып, кетіп қалыңыз немес мұндай адамдардан аулақ жүріңіз. Мұндай жағдайда іске аспайтын әңгімемен диалогті соза бермей, басқа нәрсеге көңіл аударып, әңгімені қозғаңыз, осы әдіс бұл жағдайда ең тимді әдіс екені сөзсіз. Әрине, жекіншек өзіне- өзі қол жұмсағанда біреулер оған жалынышты болады деген оймен де жасауы мүмкін [6].



Мәселе туындаған жағдайда, оны шешудің амалдарын табуға әрдайым ұмтылу керек. Одан сіздің қандай көмек қажет екенін, бұл жағдайда тағы кім көмектесе алатынын сұрап білген жөн. Өмір қымбат сол өмір бірақ рет келетіндігін және эгоистік сезімнен бас тарту керектігін түсіндіру қажет. Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды мәселе ретінде қабылдайды. Сондықтан балаларға қашан да ата- ананың, ұстаздардың түсінігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Сол себептен өз- өзіне қолжұмсау өте күрделі көп аспектілі мәселе (философиялық, әлеуметтік, адамгершілік, діни, құқытық, медициналық және т.б.) болып саналады.


  1. Э. Дюркгейм. Самоубийство. –М.: Мысль, 1994.

  2. L. Wekstein. Hanbook of Suicidology: New York, 1979.

  3. Э. Фромм. Анатоия человеческой деструктивности.М.: Республика, 2006.

  4. Актуальные проблемы суицидологи. – М.:Б.и., 2004.

  5. Психологический словарь. Под.ред. Ю.Л. Неймера. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.

  6. Л.И. Божович. Этапы формирование личности в онтогенезе. Вопросы психологии. №4, 1999.23-33 стр.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет