Суицидтік мінез қҰЛЫҚТЫҢ Өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен себептері



бет2/2
Дата09.04.2023
өлшемі21.91 Kb.
#471962
1   2
СУИЦИДТІК МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ ӨЗІНДІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ

Балаңыздың өзіне-өзі қол жұмсау жайлы ойлап жүргенін қалай білуге болады.
Ол депрессиялық жағдайда, күні бойы төсектен тұрмайды, жылайды, ешнәрсе жемейді және ешкіммен сөйлескісі келмейді. Бұл жағдайда «не болды» деген сұраққа жауап алуға тырысудың қажеті жоқ. Балаға егер ол сізбен сөйлескісі келсе, қай кезде де тыңдауға және түсінуге дайын екеніңізді айтыңыз, тіпті ол қорқынышты, ұнамсыз, ұятты туралы болса да. Оны қараусыз қалдырмауға тырысыңыз. Дене түйсігі арқылы жалғасу өте маңызды: оны арқадан қағыңыз, құшақтаңыз, суйіңіз.
Ол егер жоғалып кетсе, барлығына да жеңіл болатындығы туралы жиі айтады. Оған қарама-қарсыны дәлелдеу қажет, оған деген өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді және оларға оның қымбат екені туралы айту керек.
Бала айнаға қарауды қойды әрі өзін «топас», «ұсқынсыз», «семіз» және т.б. деп атап, айтуға ұялмайтын болды. Оны сен сұлусың деп иландырудың қажеті жоқ, одан да осындай ұзын мұрынмен немесе толық аяқтармен жетістіктер мен атаққа қол жеткізген танымас адамдарды мысалға келтіріңіз.
Ол бұрын өзін қызықтырған нәрселердің бәріне қызығұшылығын жоғалтты.
Ол суицидке арналған сайттарды қарайды. Баламен өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбында ашық сөйлесу қажет.
Бала сізден немесе сіздің жақын туыстарыңыздан өз өмірлерін өзіне-өзі қол жұмсаумен аяқтай алар ма едіңіз деп сұрайды. Бұл жағдайда онымен суицидке деген өзіңіздің пікіріңізбен ашық бөлісіп, баланың мақсаты бойынша алаңдаушылығыңызды айтыңыз.
Ол өзіне залал келтіріп, жанға тигізеді – денесін тілімдеп, шашын жұлады – өзін жақсы білу үшін деген желеумен. Бұл өте қауіпті жағдай, тіпті балана одан жанды ауыртқан қорқыныш ұстап қалған суицидтік әрекет болуы да мүмкін. Онымен өз күдіктеріңіз жайлы сөйлесіп, бірге психологқа баруды ұсыныңыз.
Ол кейбір дәрілерді мөлшерден тыс пайдаланудың салдарларымен немесе адам жетінші қабаттан секіріп кетсе не болатындығына қызығушылық танытады. Бұл жағдайда адамды күтіп тұрған азап тұралы айтыңыз және міндетті түрде бұл сұраққа жауаптың ол үшін не себепті маңызды екендігін анықтаңыз.
Бала, егер ол қайтыс болса, сіздің қанша уақыт қайғыратыңызды сұрайды. Бұл жағдайда оған, бұның сіздің өміріңізде болуы мүмкін ең үлкен қорқыныш қауіп екендігін айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет