Сулейменов М. С. АӘД пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы ОҚо түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылы



жүктеу 84.2 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі84.2 Kb.
Сулейменов М.С.

АӘД пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы

ОҚО Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылы

С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі

Атыс дайындығы тарауына қосымша мәліметтер

Оқ – оқатар қаруынан атылатын патронның бас бөлігі. Оқты ату патронның оқ-дәрі қуатының есебінен жүргізіледі. Нысананы сенімді жою үшін оқтың нақты қаруға (тапаншаның, автоматтың, пулеметтің, т.б.) тән барлық қашықтықтарында жеткілікті жою күші, тескіш және арнайы әрекеті болуы керек. Қазіргі атыс қаруында оқтың ұшуының тұрақтылығы үшін оған ұңғы арналарындағы ойықтар көмегімен айналмалы қозғалыстар беріледі.

Оқтың құрылысы

Оқтың сыртқы құрылысын таңдау, ең алдымен, ауа қарсылығын азайту міндетіне бағынады. Сыртқы құрылысы бойынша оқ басты (бекітпелі), жетекші (цилиндрлі) және соңғы бөліктерді құрайтын айналмалы сопақша бітімде жасалған. Оқтың жалпы ұзындығы 5,5 калибрге дейін жетеді. Жетекші бөліктегі оқтың көп түрінің жетекші бөлімдерінде оның оқсауытын бекітуге арналған сақиналы ойығы болады.

Ішкі құрылысы бойынша оқ қарапайым және арнайы болып бөлінеді. Қарапайым оқ ашық немесе жеңіл қалқаның артындағы адам күшін және қарсыластың сауытталмаған техникасын, ал арнайы оқ жеңіл сауытталған техниканы жоюға, сонымен қатар атыс нысанасын көрсету мен дәлдеуге арналған. Қарапайым оқ қабықсыз (тұтас) және қабықты болады. Арнайы оқ (сауытбұзар, тұтатқыш, сауытбұзар-тұтатқыш, жарқырағыш, сауытбұзар-тұтатқыш-жарқырағыш, атыстық) қабықты болып келеді және оларда қарапайым болат өзектің орнына арнайы сауытбұзар өзек, жарқырауық, тұтатқыш құрамдар орналастырылады.





Оқсауыт (гильза) — ұрыс заряды және тұтандырғыш құралдар салынған темір құты. Оқсауыт снарядты (оқты), заряд пен капсюльді біртұтас етіп біріктіреді. Жеке оқсауытты оқтау оқсауыт снарядпен біріктірілмейді (қосылмайды). Оқсауыт сыртқы бітімі бойынша қарудың оқтығына сәйкес келуі керек. Оқсауыттың түбіне оқсауытты шығарған завод пен қай партиямен шыққаны жөнінде сандармен белгі қойылады.Оқсауыт түбіндегі ойыққа капсюль орнатылады және сыртқы ортамен байланысты шектеу үшін лак жағылады.

Калибр.

Ату қаруының оқпанының ішкі диаметрі, снарядтың (оқтың) көлденең қимасының ең үлкен диаметрі. Калибр оқ ататын қару қуатын анықтайтын негізгі шамалардың бірі. Жылтыр оқпанды қаруда оқпанның ішкі диаметрімен, оқпаны иір ойықты қаруды – ойықтардың қарама-қарсы қырларының ара-қашықтығымен анықталады. Конус оқпанды зеңбіректер кіру және шығу калибрлерімен сипатталады. Қазіргі қару-жарақтың барлық түрінің калибрлерін белгілеуге мм өлшемі қолданылады. Аңшының жылтыр оқпанды мылтығының калибрі 400 г таза қорғасыннан құйылған, массасы мен диаметрі бірдей жұмыр оқтар санымен көрсетіледі. Мысалы, 400 г таза қорғасыннан диаметрлері өзара бірдей 12 немесе 16 оқ құйылса, тиісінше мылтық калибрі 12 не 16 санымен өрнектеледі.



Ізді оқ (орыс. трассирующая пуля) — атысты реттеуге және нысананы көрсетуге арналған оқ (снаряд). Ізді оқта (снарядта) — жүрекшесінің артында, ізді құраммен толтырьшған стақан орналасадsы. Ол атыс кезінде тұтанып, жанып, ұшу барысында жарық із (жол) қалдырады. Ізді оқ (снаряд) құрғақ, шөпті, сабанды, бұталарды әртеуі мүмкін.

Баллистика (немісшее Bаllіstіk, грекше ballo — лақтырамын) — жоғары математика, теориялық механикагаз, жылу динамикалары, жарылғыш заттар мен оқ-дәрі теориялары және т.б. ілімдерге сүйенетін әскери-техникалық ғылым. Ол артиллериялық және реактивтік снарядтардыңминалардың,  авиабомбалардыңракеталардың, оқтардың, гарпундардың атылу, ұшу, құлдилау (әуеден тастау) кезіндегі қозғалыстарын зерттейді.

Баллистика — ішкі баллистика және сыртқы баллистика болып бөлінеді. Ішкі баллистика оқ-дәрі оталғаннан кейін оқ, снаряд, мина т.б-лардың қару ұңғысындағы қозғалысы мен жану камерасында өтетін процестерді зерттейді. Ішкі баллистиканың негізгі салалары: пиростатика және пиродинамика, сондай-ақ, аралық баллистика мен оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы.Пиростатика белгілі бір тұрақты көлем ішінде оқ-дәрінің жану (оталу) және газдану заңдылықтарын, ал пиродинамика ату кезінде ұңғы (оқпан) ішінде өтетін процестерді және олардың арасындағы өзара байланыстық құбылыстарды зерттейді; ұңғының құралымдық сипаттары мен нысана көздеу шарттарын: қарулардыңракеталардың, атыс құралдарының баллистикалық жобаларын белгілейді. Аралық баллистика процестердің кезеңдік салдарын, ал, оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы камерадағы оталған заттардың жану және газ бөліну, сондай-ақ, ракетаға әсер ететін күштердің пайда болу заңдылықтарын зерттейді.



Сыртқы баллистика снарядтардың, миналардыңоқтардың, басқарылмайтын ракеталардың қару (қондырғы) ұңғысынан ұшып шыққаннан кейінгі қозғалыстарын, сондай-ақ ол қозғалыстарға ықпал жасайтын өзге де факторларды зерттейді. Сыртқы баллистиканың негізгі мәселелері: снарядқа ұшу кезінде әсер ететін күштер мен әр түрлі жәйттерді зерттеутраектория элементтерін есептеу үшін снаряд массасы (салмағы мен инерциясы) орталығының қозғалысын, сондай-ақ, ұшу бағдары мен ауытқушылық сипаттарын айқындау мақсатында снаряд қозғалысын оның масса орталығына қатынасы арқылы зерттеу. Сыртқы баллистика осымен бірге атыс кестелері мен сыртқы баллистикалық жобаларды әзірлеу үшін мәліметтер алу әдістерін жасау және түзетпелер теориясы мәселелерін де қамтиды. Ерекше жағдайларда снарядтар қозғалысын сыртқы баллистиканың авиациялық баллистика, су асты баллистикасы, т.б. арнаулы салаларымен байланыстыра зерттейді. Баллистика ғылым ретінде 16 ғасырда қалыптасты. 

Оқ-дәрілер (боеприпасы) — қару-жарақтың негізгі бөлімі. Тірі күш пен техниканы жоюға, құрылыстар мен бекіністерді қиратуға, арнайы тапсырмаларды (жарық беру, түтіндету, үгіт-насихат әдебиетін тарату т.б.) орындауға арналған. Оқ-дәрілерге артиллериялық атыстар, реактивтік снарядтар, ракета мен торпеданың ұрыс бөлімдері, атыс қаруының оқтары, гранаттар, авиациялық және жер асты бомбалары, инженерлік теңіз миналары, жарылғыш зарядтар, түтіндеткіш құты жатады. Heгe арналғанына байланысты  артиллериялықавиациялықтеңізатыс,инженерлік оқ-дәрілер болады; мақсатына қарай — негізгі (нысаналарды жоюға), арнайы (жарық беру, түтіндету үшін) және қосалқы (оқу, оқсыз, арнайы сынақтар үшін); жабдықтау сипатына байланысты — жай жарылғыш заттармен, ядролық оқ-дәрілер, көлемді жарылғышты т.б. болып бөлінеді.



Кассеталық оқ-дәрі (Кассетные боеприпасы) — ракетаның ұрыс белімі, авиациялық бомбаларартиллериялық атыстар және ұрыс элементтерімен жабдықталған реактивтік снарядтар. Олар нысананы жою үшін бытыраңқы зарядпен лактырылады. Жарықшақты, жарықшақты-фугасты, фугасты-кумулятивті, өртегіш және басқа түрлері болады. Олар өз алдында көздеу тұмсықтарымен жабдықталуы мүмкін.

Инженерлік ок-дәрілер (Инженерные боеприпасы) — инженерлік миналар, қопару зарядтары, минасыздандыру зарядтары және жарылғыш құралдары от жүргізу бауы, тұтандыру бауы, капсуль-тұтандырғыш, өртегіш түтік, жандырғыш, электртұтандырғыш және т.

Ядролық оқ-дәрілер – әр түрлі типтегі, мақсаттағы ракеталардың ұрыс бөлімдері, авиациялық бомбалар, снарядтар, кеме торпедолары, тереңдікке тасталатын бомбалар мен ядролық зарядты фугастар. Ядролық оқ - дәрілердің негізгі элементтері: ядролық заряд, нейтрондар көзі, нейтронды тойтарғыш, әдеттегі жарылғыш зат заряды, заряд қабығы, жарылғыш қондырғы мен оқ-дәрі қорабы (қабығы). Қуаттылығына қарай ядролық оқ - дәрілер шартты түрде 3 калибрге бөлінеді: шағын (тротил эквивалентімен 15 мың тоннаға дейін), орташа (15 – 100 мың т) және ірі (100 мың және одан көп т). Термоядролық оқ-дәрі қуаты ондаған млн, тіпті 100 млн. т-ға жетуі мүмкін. Ядролық оқ - дәрілер әсерінің қашықтығы нысанаға жету тәсіліне байланысты (ракета, авиация, т.б.).

Ядролық оқ-дәрілер құрылымы

(Устройство ядерных боеприпасов) — бөлінетін заттар зарядынан тұратын ядролық бомбаның негізгі элементтері:



  • ядролық заряд (бөлінетін зат)

  • нейтрондар көзі

  • нейтрондардағы қайтарғыш

  • жарылғыш зат заряды

  • корпусы (қабығы).

Ядролық бомбада ядролық заряд ретінде уран 235, сондай ақ жасанды жолмен алынған уран 233 пен плутоний 239 қолданылады. Әр түрлі ядролық, оқ-дәрілердің құрылымы, негізінен, бірдей.

Ядролық оқ-дәрілердің күші

(Мощность ядерного боеприпаса) — жарылыс кезінде бөлінетін энергия мөлшері. Ол тротил эквиваленті бойынша, яғни жарылыс энергиясы берілген ядролық оқ-дәрінің жарылыс энергиясына тең болатын тротил салмағымен есептеледі. Тротил эквиваленті өдетте тоннамен өлшенеді (бірнеше тоннадан ондаған миллион тоннаға дейін). Осылайша, 100 мың тонналық тротил эквиваленті бар ядролық оқ-дөрі жарылганда 100 мың т. тротил бәліп шығаратындай мөлшерде энергия беледі. Ядролық оқ-дәрілердің күші жағынан шартты түрде: кіші, орта ірі калибрлерге бөлінеді.





Авиациялық оқ-дәрілер — авиациялық бомбалар, бір реттік бомбалық кассеталар, бір реттік бомбалық байлам (бірнеше авиациялық бомбалар бір алқаға байланған жабдық), өртегіш бактар, авиациялық пулеметтер мен зеңбіректердің оқтары, авиациялық ракеталардың ұрыс бөлшектері мен торпедалықавиациялық миналар, авиациялық белгі беретін және суретке түсіретін оқтар.

Электронды нұсқасын және оқ туралы қосымша бейнематериалды http://www.nvp-kz.narod.ru/ сайтынан көшіре аласыздар.



Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сақтау  оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ұзақ уақыт бойы белгілі мақсатта пайдалануға дайын күйінде ұстап тұруға қажетті шаралар жиынтығы. Арнайы сақтайтын орындарда, қоймалар мен базалардың арсеналдарында сақталады. Кемелерде оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар ватерлинияның төменгі жағында машина мен от жагатын бөлімдерден алыс орналасқан қоймаларда сақталады. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сақтаудың қауіпсіздігі соңғы үлгідегі тактикалық қызметті бұлжытпай қолдану нәтижесінде жүзеге асады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет