Султанова нургуль камильевна



бет10/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың мақсаты неде?

  2. Музыка сабағында басқа ойындарды қалай құрастыруға болады, қандай ойындар қолданылады?

  3. Бастауыш сынып оқушыларына нені ұсынар едіңіз?


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Сластенин В.А., Тамаркин В.Э. Методологическая культура учителя// Сов. Педаголгика. – 1990. - №12.

  2. Гмурман В.Е. Объект, предмет и стуктура педагогики// Методологические проблемы педагогики. – М., 1977.

  3. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.


Тақырып 12. Қазақ халқының музыкалық ойындарын сабақта қолдану – 4сағ.

Жоспары:

  1. Жалпы ойын туралы анықтамалар мен зерттеулер

  2. Ауызекі поэтикалық шығармашылыққа сипаттама.

  3. Ұлттық ойындардың мазмұндары.

  4. Әдет-ғұрыпқа байланысты сабақ үлгісі

Біздің еліміз 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын, ел басшымыздың үштұғырлы тілдік саясатын, білім мен ғылымдағы мемлекеттік бағдарламаларын негізге ала отыра, білім берудегі кезек күттірмес өзекті мәселелерін алға қойып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларын тиімді түрде жүзеге асыратын және еркін бағдарлайтын, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру [1].

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті [2].

Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отыра, оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан жан-жақты, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологиялармен салыстырылған, өмір тәжірибесіне ұштастырылған терең білім беріп, білікті маман даярлау.

Еліміздің егемендік алуына байланысты, соңғы жылдардағы ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі және өз тәжірибемізде жиі кедесетін жайт - мектеп оқушыларының сөздік қорының аз екендігі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу деңгейінің төмендігі,тіпті өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігін аңғартады. Бұған себеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоқтығы, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі толыққанды қалыптаспағандығы және мектептегі музыка пәні сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға жете мән берілмейтіндігі деп есептейміз.Осы себепті, қазіргі оқу үдерісінде музыка сабағында қолданылатын ойын әдістері, әсіресе дидактикалық ойындардың маңызы туралы зерттеу жұмысында қарастырылған.

Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің этимологиясына қарастырсақ, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып шығады, міне сол себепті де ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болатындығын байқауға болады. Сондықтан, музыка сабағында ойын элементтерін қолданудың маңызы зор деп есептейміз. Ойын әдісі арқылы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай , өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Егер мұғалім ойын технологиясын жеткілікті деңгейде орындаса, яғни жақсы құрастырылып, тиімді әдістермен ұйымдастырылса, онда ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан негізгі оқыту тәсілі болып табылады.

Ойында балаларды не қызықтырады деген орынды сұрақ туындайды. Ол түсінікті де, әрекет ету үрдісінің нақ өзі балаларды қызықтырады. Бірақ ойындағы әрекет - ерекше болып келеді. Ойында бала қандай болғысы келсе, сондай болады, мәселен, қайырымды бала, әдемі ханшайым, саяхатшы; ойында бала қайда болғысы келсе, сонда болады - айда, аспанда, теңіз түбінде және т.б. Ол барлық қызықты оқиғалардың мүшесі бола алады - ауруларды емдейді, айдахармен күреседі, өртті сөндіреді.Егер бала нағыз машинаны жүргізе алмаса, онда тұрған ештеңе жоқ. Ол орындықтардан жасалған машиналарда, «Балалар әлемі» дүкендерінен сатып алынған зермен қанша жүргісі келсе, сонша жүреді. Ол тiптi жол оқиғаларын да құрастырады, машина үшін гараж салады. Ол өзінің қояндары мен аюларын сатады, баға қояды. Сондай-ақ өзі оқушы бола алады.

Ойын балаға өтіп жатқан кірпік қағым сәттерді тоқтатуға, қайталауға және онда әлі бірнеше рет өмір сүруге мүмкіндік береді. Мысалы, ол ата-анасымен қайықта немесе поезда жүрсе, оны ол күнделікті өз ойынында қанша кайталағысы келсе сонша кайталай алады. Сонымен қатар, ойынның маңыздылығы мынада, ол балаға тек жағымды оқиғаларды «қайталаудан» қанағат алуға ғана емес, жағымсыз әсерлерден, яғни, сол кездегі бip нәрсе дұрыс болмай қанағат алмаса, солардан арылуға көмектеседі.

Сейтіп, ойын балаға эмоциялық қолдау береді, өзінің әр түрлі тілектері мен талпыныстарын жүзеге асыруға мүмкідік береді, ең әуелі, әрине үлкен адамдар тәрізді айналасындағы заттарды басқаруға деген тілек (расында да оның жасында дәл казір бағына қоймайтын нәрселер бар).

Балада осы бip ic-әрекет түрін қолдау мен дамытуға жоғарыда көрсетілген негіз, дәлелдер жеткілікті тәрізді.

Олай дейтініміз балалар ойыны баланың дамуы үшін аса қажет.

Психологтар мен педагогтардың көрсетуінше, ойында баланың танымдық үрдістері дамиды.

Ойын баланың ақыл – ойы дамуы үшін ғана маңызды емес, ол оның тутасымен тұлғасының дамуында маңызды.

Ойын балалардың басқа адамдармен өзара әрекетінің дамуына да айтарлықтай ыкпал етеді. Бұдан басқа бала ойында үлкендердің өзара әрекеттері мен өзара қатынастарын жаңғырта отырып, осы өзара әрекеттердің ережелерін, тәсілдерін меңгереді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойындарда ол өзара түсіну тәжірибесін жинақтайды, басқа балалармен келісімге келуге, өз әрекеттері мен ниетін түсінуге үйренеді.

Ойында бала өз қылықтарын реттеуді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында үлкендердің бақылауынсыз-ақ ұстамды болуғга, ойын ережесін сақтауға үйренеді.

Осы қасиеттердің баланың болашағы үшін әрине, ең әуелі, мектепте қаншалықты қажет екендігін түсіндірудің қажеті жоқ тәрізді.

Психологтардың пайымдауынша, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында жинақтаған бай тәжірибесі бар балаға салыстырғанда, балалық шақта «ойынын қандырмаған» балаға мектепте оқу және басқа адамдармен байланыс орнату аса қиынға түседі.

Осы айтылғандардан ойынның баланың жалпы дамуында және тәрбиесінде айтарлықтай маңызды екендігін көруге болады. икалық міндеттерді шешуге де көмектеседі. Ойында бала өмірлік

Сонымен қатар, ойын бірқатар педагог қажетті білім, іскерлік және дағдыны меңгереді. Демек, бұл балалар ойынын арнайы педагогикалық

ұйымдастырудың кажеттігін көрсетеді. Оның мазмұнында баладан белгілі білім, нақты әрекеттерді орындауды талап ететін тапсырмалар орын алуы керек. Мысалы, мектеп ойынын ойнау керек болса, бала әріптерді аса құмарлықпен меңгеруге талпынады, ал арнайы ұйымдастырылған дүкен ойынында қарапайым есептеу дағдыларын бекітелі. Әйтсе де, осы міндеттердің шешімін табуы үлкендермен біріккен ойында ғана жүзеге аспақ.

Басқаша айтқанда, ойын жай нәрсе емес, ол балаға қанағат әкеледі сонымен қатар, оның дамуының толық қанды тұлға ретінде қалыптасуының

аса күшті құралы болып табылатынын үлкендер, педагогтар (бала тәрбиесімен айналысушылар) білуі керек.

Сонымен, біз, ойынның не үшін керек екенін анықтадық, енді келесі сұрақтарға жауап іздеу қажет: ойыннын пайда болу тарихы, ойын түрлері, ойынның функциялары үлкендерге балалар ойынын арнайы ұйымдастыру керек пе, оларды ойнауға үйрету керек пе? және т.б.

Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшiн, ұстаздар қауымы оқy-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн қолдануы керек. Сондай оқy-тәрбие негiздерiнiң бiрi ­ұлттық ойындарымыз.

Ойын да халық педагогикасының құрамды бiр бөлiгi. Адам баласы жасаған жетi кepeмeттiң қaтapынa сегiзiншi етiп осы ойынның аталып жүруi де жайдан-жай емес. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазaқ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып, көзiмiз әбден жеттi.

Уақыт мектеп мұғалiмдерiне шәкiрттерiн жаңа заман талаптарына сай, әpi озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмipгe әзiрлеу секiлдi жауапты мiндеттер жүктеп отыр. Бүгiнгi күннiң ұрпақ тәрбиесiне деген өз талабы өз ерекшелiгi бар.

Халқымыз терең мағыналы дана сөзiн "Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы" деп тауып айтқан. Еңселi ел болып, ана тiлiн, ата салтын, дәстүрiн қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тiл заңы мен тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесiне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеудi талап етуде.

Халқымыздың ұлы перзенттерiнiң бiрi, заманымыздың аса көpнeктi жазушысы М.О.Әуезов: "Бiздiң халқымыздың өмip кешкен - ұзақ жылдарында, өздерi қызықтаған алуан ойын өнepi бар ғой. Ойын деген, менiң түсiнуiмше, көңiл көтеру, жұрттың көзiн қуантып, көңiлiн шаттандыру ғана емес, ойынның өзiнше бiр ерекше мағыналары болған",- деп тeгiннeн тeгiн айтпаса керек.

Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бiзге жеткен, өткен мен бүгiнгiнi байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын баланың алдынан өмiрдiң eciгiн ашып, оның шығармашылық қабiлетiн оятып, бүкiл өмipiнe ұштаса бередi. В.А.Сухомлинский сөзiмен айтқанда: "Ойынсыз ақыл­ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе iспеттi, ол арқылы баланың рухани сезiмi жасампаз өмipмен ұштасып, өзiн қоршаған дүние туралы түciнiк алады. Ойын дегенiмiз ұшқын, бiлiмге деген құмарлық пен елiктеудiң маздап жанар оты"

Сәбит Мұқaнов өзiнiң "Өмip мектебi" атты мемуарлық еңбегiнде ертеректе "Орда" атты есеппен ойналатын асық ойыны болғанын бiрнеше рет атап өтедi. "Орда" атты асық ойыны қырғыз халқында да бар болғаны жайлы деректi профессор К.К.Юдахин 1940 жылы Москвада шыққан "Труды института востоковедения" жинағының 2-санында бастырған.

Сондай-ақ Б.Төтенаев "Қазақтың ұлт ойындары" деген кiтапшасында аты ғана сақталып қалған ойындарының аса бiр маңыздыларының бiрi деп "Абылайдың алты ағашы" атты ойынды атайды.

Қазақтың ұлттық ойындарының iшiнде логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негiзделген ойындар жетерлiк. "Тоғыз құмалақ" ойынының фотосуретi мен ойнау тәртiбiн қағаз бетiне алғаш түcipгeн этнограф Н.Понтусов 1906 жылы "Бұл ойын өте көне және кiм ойлап тапқаны белгiсiз. Ол қазақтық үш ордасының барлығына тeгic тараған" деп жазды.

Қазақ ССР Fылым академиясының корреспондент мүшесi F.Мұсабаев жүргiзген этнографиялық зерттеулер нәтижесiнде "Тоғыз құмалақтың" тас бетiне қашалып салынған таңбалары табылды.

Оймен келетiн ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы ойындарын атауымызға болады. Орта ғасыр жазушысы Юсуф Баласағұнның 1069 жылы жазған "Құдaтқy бiлiк" деген тарихи еңбегiнде түpкi батырларының бiлектi де бiлiктi болуын шын тiлеп: " ... Ә, егер де ол дойбы мен шахмат ойынын жақсы бiлсе ғой", - деп жазғанын оқимыз.

Қазақ халқының ұлт ойындары жайындағы деректемелердi қағаз бетiне түсiргендердiң бiрi Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Австрияның атақты дипломанты С.Герберштейн 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Москвада болып, Қазақстанда болған орыстардың ауызша айтуларынан жинаған материалдарынан жазған 1549 жылы латын тiлiнде жарық көрген "Записки о московских делах" атты еңбегiнде Қазақстанның жерi, әдет-ғұрпы, орыс халқымен қарым-қатынасы, ойын-сауықтары жайында жазған.

Қазақ халқының ұлт ойындарын зерттеуде еңбектер жазған поляк революционерi А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залесскийлер болды.

Башқұрттың атақты оқымыстысы Ә.Диваев қазақ балаларының ойындарын жинап, жеке кiтап етiп қалдырған болатын. Ол өзiнiң "Қазақ балаларының ойындары" атты еңбегiнде ұлттық ойындарымызды төрт топқа бөледi:



  1. Бiр жасқа дейiнгi нәресте ойыны

  2. Бiр жастан жетi жасқа дейiнгi бала ойыны

  3. Сегiз жастан он бес жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер ойыны

  4. Он алты мен жиырма бес аралығындағы жiгiт ойыны

Қазiргi кезде осы мәселенi қарастырып жүрген Б.Төтенаев қазақ балаларының ойындарын төрт топқа бөлiп қарастырады.

  1. Бiр жасқа дейiнгi нәpecтeнi тәрбиелеудегi "Бесiк жыры", "Саусақ санау"

және "Tұcay кесу" жырларының орны

  1. Әр түрлi ойыншықтарды пайдалану арқылы өткiзiлетiн ойындар

  2. Жасөспiрiмдердiң ойындары

  3. Қимыл әрекеттi ойындары.

Дәстүрлi ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарына М.Тәнекеев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркiтбаев есiмдерiн атауға болады. М.Тәнекеев еңбектерiнде дене тәрбиесiне халықтың педагогикасы сияқты көкейкестi мәселесi қаралады. Е.Сағынбаевтың авторлығымен жазылған ғылыми монография "Ұлттық ойындарды oқy-тәрбие iсiнде пайдалану" (Алматы, Рауан, 1993 жыл) деп аталады. Fылыми еңбекте қазақ мектептерiндегi І- IY сыныптарды қазақ халық ойындарын жекелеген топтарға бөлiп, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдiстерi анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалған.

Ә.Бүркiтбаевтың 1985 жылы жазылған "Спорттың ұттық түрлерi және оның тәрбиелiк мәнi" еңбегi бар.

Fалым А.Усова өз еңбегiнде ойынның мәнiн ашады. Тәрбие мен оқыту барысындағы спорттық жаттығулар мен оның қажеттілігіне ғалымдар И.Давыдов, Л.Былеева, Н.Поддьякова, Д.Хухлова ерекше назар аударған.

Бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекетін жетiлдiрiп, тиiмдi әдiс – тәсiлдердi қолдана отырып, оқушыларымызға үйретуге мiндеттiмiз. Әр ойынның өзiндiк мақсаты, маңызы, тәрбиелiк мәнi бар. Олардың көбi баланың денесiн шынықтырып, шапшаңдыққа, алғырлыққа, батылдыққа баулыса, кейбiреулерi тiлiн дамытуға, өзiн қоршаған табиғатты тани бiлуге, тапқырлыққа тәрбиелейдi.

Ауызекі поэтикалық шығармашылықтың өте бай үлгілерінің бірі- ойын, ойын өлеңдері. Оларда адамдар өмірінің сан қырлы, тұрмыс тілегі, еңбегі, дүниетанымы, арман- тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен жігерлікке құлшынысы, және т.б. ойын арқылы көрсетеді.

Қазақ балаларының ойын-сауықтары күнделікті көшпенді- малшы отбасының еңбек тіршілігінен байланысты болады. Мұның бәрі халық өлеңдерінде, аңыздарында би мен ойын қимылдарында өз көрінісін тапқан.Балалар ойындарының көпщілігі олардың жасына сәйкес, қара өлең түріне ғана емес, музыка мен әннің сүйемелдеуімен өткізілген. Мысаы, «Асай мәстек» атты балалар ойнында жүгізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады:

Ер екеніңді білейін,

Ешкі сойып берейін.

Тақия алсаң еңкейіп

Құламасаң теңкейіп,

Ерлігіне сенейін.

Өзінің ептілігін сынап көргісі келген ойында:

Асау мәстек бұл болса,

Үйретейін, көріңіз

Маған таяқ беріңіз,- деп, ортаға шығады да жүргізушіден алған таяққа сүйене отырып, көрпеше немесе киіз оралған қыл арқанға малдас құрып отырып алып, тепе- теңдігін жоғалтпай, жерден тақия алуы тиіс. Оны орындай алмаса, ойын аяқталысымен «айбына» ән шырқайды, күй шертеді. Бұл ойын ептілікті, шапшаңдықты, машықтануды, баланың музыкалық-әншілік қабілетінің дамуына жәрдемдеседі. Байқап қарасақ, балаларға арналған ойындар олардың әндерін жетілдіруге тәрбиелейтін өзінше бір сабақ.

Музыка оқулығына «Атамұра» баспасы бойынша «Төрт түлік» мал және «аңдардың айтысы» бірнеше тарауларды қамтылған. Осы тарауларға байланысты «Қалай айтуды білемін» атты ойын қызықтыны мына 1-кесте арқылы толықтыруға болады:


Кесте 1. Қалай айтуды білемін


Қалай айтуды білемін

Кім қалай

дауыстай алады?



Малдың төлін емізуге шақыруы

Малдың суға шақыру

Малдың төлін аталуы

Ол шағын төрт әннен тұрады (сұрақтары: Кім қалай дауыстай алады? Малдың төлін емізуге шақыруы. Малдың суға шақыру. Малдың төлін былай атайды). Ойын барысында ойынға қатысушылар әрбір жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, жан- жануарлардың мінез- құлқын, олардың сыртқы көрінісін, олар шығаратын дыбысты айнытпай салып беру тиіс. Ал, мұның өзі байқампаздықты,, тапқырлықты, табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Мұнда ән- жыр айта білу, көрген-білгеніне, есте сақтай білу қабілетіне мән беріледі.

Ойын ережелерінің үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар ойынның барысын, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым- қатынасын бақылап ерік- жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: «Қырғи көк» ойынында қыздар тек кемпірдің «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын» деген сөзінен – ақ тізбегін жазбай кемпірден қаша жөңелуі керек.Бұл ойындағы ерекшелік билеп жүріп хормен өлең айтуда өзара үйлесімдік байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау сылдыры ойыншылардың қимылына сүйемеушілік қызметін атқаратын тұрғандай болады, өйткені ойындағы қимылдар – жай қимыл емес, әуеннің ырғағына байланысты жасалатын қимылдар.

Мұндай ойындар халықтың педогогикада өте көп және мазмұндары, бағыттары да бірін- бірі қайталамайтындай сан- алуан, қызықты.Олар: «Алақан соқпақ», «Тартыс», «Айгөлек » т.б.

Қай ойынды алмайық, бәрінде де белгілі бір ырғақтарды соғу, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл бір-бірімен алмасып жатады.

Дегендей, ей Тайқарбай, ей Тайқарбай,

Қойынды мол жусанға жай Тайқарбай.

Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр.

Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?

Немесе:

Тарта қойдым,

Орта қойдым.

Орта қойдым,

Жорта қойдым.

Жаңылпаштарды балаларға жылдам айтқызған кезде, «р»-дың орнына «и» дыбысы айтылып, «Тайқайбай», «тойта», «ойта» деп жібереді. Ал, бұл жаңылпаштар балаға «р» дыбысын дұрыс айтуға, ойын бұрмалай, дәл айтуға әуез бен қоса сөздің де анық шығуына септігін тигізеді.

Балалар мен жастардың эстетикалдық тәрбиесін дамытып, оқушуларды суырып салмалыққа, импровизациялық қабілеттерін дамытуға «айтыс» өнерінің орыны ерекше.

«Айтыс» - қазақтың төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы , пікір таласы деген ұғымда қолданылып келген. әдетте айтыс шешендік сөзбен де, өзара күй тарту арқылы да айтылған. Мұның қай түрін алып қарасақ та, сезімтал тапқырлықпен, қисынсыз қиыстырылатын шеберлікпен қатар, халқымыздың ой-арманы мен ар-намысын қастерлеген аталық ақыл-өсиетсезімді, халқына, оның өнеріне деген сүйіспеншілік сезімі аңғартылады, музыкалық, әншілік, күйшілік дарындылығы байқалады.

Оқушыларды суырып салмалыққа, импровизациялау қабілетін дамыту мақсатында сабақ үлгісі беріліп отыр.

Халық ойындарында, қалжың, әзіл-күлкі, түрлі бәсәке жарыстар көптеп кездеседі: қимылдың нақты жіне бейнелі, балалардың сүйетін, қызығатын санамақ, қаламақ, жаңылпаш- жұмбақ, күлдіргі ойындармен кезектесіп отырады.

Ойынға қатысушыларды тез ұйымдастыруға, олардың жүргізушіні әділ таңдай біліуіне, ережені қолма-қол бұлжытпай тиянақты орындауына мүмкіндік туғызады.

Санасмақтан басқа қаламақ ойынары бар, олар көңіл күйге тез әсер етіп, балалардың есту қбілеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға, ойын процесінің барысымен еліктіреді. Олар балалардың екі командаға бөлінуіне қажеттілік туғанда пайдаланады. Мысалы, ойынға қатысушылар санамақ арқылы екі жүргізушіні қояды, содан кейін екі-екіден жұптасып ат қояды. Сол жасырын ат бойынша жетекшілерден алма-кезек кімді қалай тынын сұрайды.

Оқушылар «Аспандағы жұлдыз керек пе, судағы құндыз керек пе? » - деп сұрайды. Жүргізушінің біреуі: «судағы құндыз» - деп жауап берсе, «Құндыз - бала» сұраған жаққа шығады. Осылайша ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Қойылатын аттар ойнаушылардың тілегіне байланысты.

Алтын асық керек пе?

Күміс қасық керек пе?

Түйенің ботасы керек пе?

Жердің жотасы керек пе?

Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, сөз тіркесінің ұқсастығына және әуеннің ырғағын тез үйренуге дағдыландырады.

Осы нақты санамақтар әуезді, қызықты орындалатын әуендер, тілекті адамдардың өзара қарым-қатынасында кездесетін қызықты әңгімелер жылдам есте сақталады және оны балалар күнделікті ойындарда сүйіспеншілікпен қайталайды.

Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі – жаңылпаш. Ол әуеннің сөзін анық айтуға, дикцияның дұрыс қалыптасуына, бала тілін ширатудың қолайлы құралы, қалай болса солай мағынысыз айтыла салған сөз емес, керісінше дүниетанымдық, тәрбиелік мәні бар.

Балалардың көбіне тілі келмейтін дұрыс айта алмайтын – «р» дыбысына арналған жаңылпаш сөздерді пайдалануға болады.

Сонымен қоса сыныптан тыс жұмысында немесе сабақтың қорытынды бөлімдерінде мынадай ойын түрлерін «Наурыз – ырыс, құт – береке бастауы» бойынша өткен сабақтан көрініс өткізуге болады.

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың әдет – ғұрып, салт – дәстүрлеріндегі ұлттық мейрамның ерекшелігі неде екендігін бала санасына тереңдете түсіндіру.

Дамытушылық: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің келешек ұрпаққа берер тірбиесі мен тағлымы жайлы айта отырып, оқушылардың эстетикалық қызуғышылығын арттыру.

Тәрбиелік: Әрбір оқушы жүрегінде ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпы, тілі мен мәдениетін қалыптастырып, оны құрматтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын.

Музыка сауаты: legato, staccato, luga.

Көрнекіліктер: Плакаттар, үнтаспа, бейнетаспа, қожын, асық, домбыра, сырнай, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі, сұрақ – жауап әдісі.


  • Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өттік?

  • Жауап, Наурыз туралы. Т. Сарыбаевтың «Наурыз - думан» әнін үйрендік.

  • Енді сол әннің бір шумағын айтып еске түсірейік, әнді айтпас бұрын не жасауымыз керек?

  • Жаттығу.

  • Олай болса балалар, тынысты дұрыс алып, денені тік, бос ұстап, ерін, тіл, көмей, жақ – сүйек жұмыстарын жақсарту жаттығуларын жасаймыз.

Кәне орнымыздан тұрайықта «М» буынымен ауызды жауып, тісті бір – біріне тигізбей ерінді ғана тигізіп, жұмсақ айтамыз, төмен және жоғары.Осылайша бірнеше буындарға жаттығу айтқызамын. Енді мен сендерге үйге өздерің білетін ән, өлең, тақпақ, мақал, сурет болса дайындап келіңдер деп едім, сол бойынша кім айтады?(Оқушылар кезекпен өз білгендерін айтып береді) – бұл үйге өздік тапсырма үшін берілген болатын. Тәтімбеттің «Көкейкесті» күйін үнтаспадан ақырын дауысын шығарып, оқушыларға «Наурыз» мерекесі туралы айтып беремін.

Көгіме күн өрлетіп,

Төрт түлігін төлдетіп,

Қаймақ сүтін көлдетіп

Ризық құтын селдетіп

Келді Наурыз Ұлыс күн,


Деп, наурыздың 21 – нен 22 – не қараған түні сағат 3 – те күн мен түннің теңелуін қарсы аламыз. Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді, сол жаңа күннің аты – Ұлыс.

Міржақып Дулатов, өз еңбегінің бірінде Наурыз мерекесін Үндістанда, Иран, Ауған, Бухар, Кавказ, Түркістандықтарда мейрам еткендігін айтады. Ал, Ахмет Байтұрсынов, Абай, Шәкәрім, Сәбит, аталарымыз ызғардың – жылығы, сордың – баққа, кесірдің – киеге, жоқтың – барға ауысатын табылдырығы деп таныған.( Әдебиет, тарих пәнімен байланыстырдым).

Наурыз күнінің бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден, амандасудан басталады. Ұлыс күні қазақ елі үшін, әрқашан қасиетті, ол күні қар не жаңбыр жауса, «Нұр» жауды деп қуанған. Себебі, наурыз айында жауған қар ерекше аппақ, үлпілдек болады да, «Ақша қар» аталады. Осы ұлыс күні туған сәбилерге Наурызбай, Наурзбек тағы да басқа аттар қойған.

Қазір біз осы тақырыпқа байланысты Айтқали Жайымов ағамыздың «Наурыз – біздің әніміз» атты өлеңмен танысымыз. Аспаптан әнді орындап беремін. Оқушыларға әр уақытта ән айту ережелін естеріне салып отырамын.

Музыкалық сауат: Осы әнге байланысты бізге legato, staccato, luga кездеседі. Әнді айтқанда әсіресе, қайырмасында , ноталардың ширектік, жарты, сегіздік болып ауысы келуіне және осы айтылған таңбалар, яғни legato – үзбей орындау, staccato – үзіп айту болса, luga – бір биіктегі немесе әртүрлі биіктегі дыбыстарды байланыстырып тұратын доғаны айтамыз.

Оқушыларға тапсырма «Наурыз – біздің әніміз» әніне қысқаша аннотация жасату. Олар өздері шығрманың екпіні – көңілді, жеңіл, альтерацилық өзгерістерді, өлшемін тез арады айтып берді.

Оқушыларды осы тақырып бойынша екі топқа бөліп «наурыз» және «Думан» аулын өнер – білім сайысына шақырайық. Мына қоржындағы нөмерлі асықтарды алайық. Асықтардағы нөмерлер бойынша екі топ сұрақтарға жауап береді. Мысалы мынадай сұрақтар:


  1. Музыкадағы әртүрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде ауысып отыруын не дейміз?

  2. Ұлыс күні қандай ұлттық ойындар ойналады?

  3. «Домбырасыз сән қайда» кімнің әні?

  4. Тәттімбеттің «Көкейкестісі» күйдің қай түріне жатады?

Сонымен қатар шығармашылық жұмыспен мақал арқылы, яғни әр топ бір мақалдың басын айтса, әекінші топ сол мақалдың жалғасын табады.

Мақал сайысы:



  1. Сиырды теппейді, ақты төкпейді.

  2. Ұлыс күні алдың келсе, атаңның құнын кеш.

  3. Қоныс көркі – там, дастархан көркі – нан.

  4. Ақ бидайдың қадірін, ашыққанда білерсің.

Жұмбақ сайысы:

  1. Түгел айтсақ не барын, Төрт құлақта бір қарын. ( Қазан).

  1. Судан шығады, судан қорқады. (Тұз).

  2. Ұзын мұртты сарылар, Қырман толы дәні бар. (Бидай)

  3. Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,

  4. Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)

Жаңылтпаш сайысы:

Тарғыл итім талға оралды,

Талға тағы барып оралды.

...........................................

Қораларында қол ара тұр,

Қол араларың қорада тұр.

Айтыс сайысы:

Ұл: Ал, кәнеки, ағайын,

Амандасып алайын,

Наурыз құтты болсын деп,

Мен бір дабыл қағайын.

Дәстүрлі той күнінде,

Алдарыңда ағайын,

Ақ тілекті ақтарып,

Шырқап әнге салайын.

Қыз: Кеңейтейін әнімен,

Ашайын көңілдің сарайын,

Ұлыстың Ұлы күнінде,

Сайрамай қалай қалайын.

Жаңарып, жаңғырып,

Жаны түлеген даланың,

Ұлысты – ұлы күнін,

Жыл басы деп санаймыз.

Мінеки, балалар, екі ауыл да барынша өз өнерлерін ортаға салып, асыға күткен Ұлыстың ұлы күнін – наурызды өткізуге өз үлестерін қосты. Енді тақтадағы сөзжұмбаққа назар аударайықшы. Наурыздың қасиетті тағамының аты не еді?

Наурыз көже.

Әрине, балалар, осы көжені пісіру үшін не қажет еді, кімдер көмектеседі маған?



      1. Ырыс – құт береке бастауы. (Наурыз)

      2. Нанды қандай дәнді дақылдардан жасайды? (Бидай)

      3. Алғашқы ұлы күні күн күркіреп, көк дүркірегенде ел ішінде айтылатын қандай дәстүр бар? (Саумалық)

      4. Тауықтың түсіне не кіреді? (Тары)

      5. Қыз бен жігіттің өнер сайысын қалай атамыз? (Айтыс)

      6. Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі? (Қыз қуу)

      7. наурыз айы қай мезгілдің басы? (Көктем)

      8. Абай атамыз...сөздің патшасы, сөз сарасы деп нені айтады? (Өлең)

      9. Дала аруы деп аталатын дәнді дақыл? (Жүгері)

      10. Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді? (Ет)

Бағалау. Оқушылардың жинаған фигуралына бал қою арқылы бағалау.

Үйге тапсырма. Әнді жаттап, әнге байланысты сурет салып келу берілді. Келесі сабақта осы тақырыпты толық меңгерту барысында мынадай сабақ түрін, яғни өзімнің шәкіртім П 443 топ студенті Мейіржан Әлібеков осы пәннен Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұймдастырған ІІІ Республикалық студенттер олимпиадасына қатысып бүкіл Қазақстанның 12 жоғары оқу орындарынан өз білім жоғары деңгейде көрсеткені үшін ІІ дәрежелі орынды жеңіп алды, ол біз үшін, ұстаз үшін, семей мемлекеттік педагогткалық институты үшін үлкен мақтаныш, сол сабақтың үзіндісін осы тақырыпқа сай болғандықтан, өзім жетекшілік еткен соң көрсетіп отырмыз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет