Сурет Есеп шығару алгоритмінің бейнеленуі. 8 Іі-бөлім «несиелерді рәсімдеу» абж қҰру 9



бет3/11
Дата01.04.2024
өлшемі0.92 Mb.
#497131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
диплом

Есеп шығару алгоритмін бейнелеу


Алгоритм – нақты мақсатқа жетуге жетелейтін, орындаушы орындайтын жүйелік әрекетті нақты және түсінікті етіп жасау, яғни алгоритм операциялар мен ережелердің жиынтығы, кейбір алғашқы мәліметтерден бастап белгілі түрдегі әр түрлі есептерді шешуге болады. Есеп шығару алгоритмінің бейнеленуі 2-суретте блок-схема түрінде берілген.

Сурет-2. Есеп шығару алгоритмінің бейнеленуі.
ІІ-бөлім «НЕСИЕЛЕРДІ РӘСІМДЕУ» АБЖ ҚҰРУ



    1. Мәліметтердің логикалық моделін таңдау

Құрылып жатқан «Несиелерді рәсімдеу» АБЖ тиімді жұмысы үшін ДББЖ құрылады. Сондықтан төменде мәліметтердің логикалық және концептуалды үлгілері қарастырылған.


Кез келген мәліметтер базасының ядросы болып мәліметтер үлгісі саналады. Мәліметтер үлгілері дегеніміз мәліметтердің көптеген құрылымдары, толыққандылықтарды шектеу және мәліметтерді манипуляциялау операциялары. Мәліметтер үлгілері көмегімен пәндік аймавқ нысандары және олардың арасындағы байланыс көрінуі мүмкін.
ДББЖ иерархиялық, торлы немесе реляциялық үлгілер негізіне құрылады, осы үлгілердің комбинациясына не болмаса олардың кейбір көптік дәрежелеріне сәйкес құралады.
Мәліметтер үлгілерінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, торлық және реляциялық.

Мәліметтердің иерархиялық моделі


Мәліметтердің иерархиялық үлгісі ағаш бейнесіндегі иерархия болып табылады. Аталған үлгі аймақтардың қосындысы түріндегі сегмент болып беріліп, аймақтар сол сегментті сипатайды. Сегменттер типтері бойынша ерекшеленеді, ал әрбір тип белгілі бір ұзындығы және мәліметтер аймақтарына нақты бөлінуімен сипатталады. Жақын деңгейде орналасқан өзара байланысты сегменттер алғашқы (деңгейі жоғарырақ) және тума (деңгейі төменірек) деп аталады. Иерархиялық жазылым – өзара байланысты элементтердің жүйесі, онда әрбір пайда болған сегмент сол сегменттің толық көрінуі үшін қаншалықты керек болса, соншалықты дәрежеде ашылған. иерархиялық құрылымда алғашқы түрі жоқ сегмент бар және ол басты немесе тамырлы деп аталады. Бұл сегментте әдетте қасиеттері иерархияның екінші сегментінде және одан да төмен деңгейлерінде ашылатын нысан анықтағышы орналасады.
Берілген үлгіні жүзеге асыру үшін физикалық деңгейде стандартты әдістердің бірқатары қолданылады, яғни мәліметтер есте сақтау құрылғыларында орналастырылады, олар өз кезегінде сегменттерді келесідей иерархиялық ашылу әдістерімен орналастыра алады: ілеспелі, индекстік- ілеспелі, тіке, индекстік-тіке. Сегменттердің орналасу тәсілдеріне сәйкес оларды ашу тәртібі белгіленеді. Оларға қол жеткізудің бекітілген тәртібі сұраныстар тілінің процедурасын шарттайды және қолданушыдан иерархиялық ағаштың бұтақтары арқылы өтетін мәліметтерді ашу жолдарын білуді талап етеді. Бұл аталған үлгінің кемшіліктерінің бірі болып табылады. Өзге кемшіліктері қатарында келесілерді атауға болады:

    • «көбі-көпке» жүзеге асуының қиындығы физикалық деңгейде мәліметтердң көп болуын талап етеді және ДБ қаланбаған және қайтарымсыз көбеюіне әкеліп соқтырады;

    • өшіру операциясы қателеріне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету, өйткені алғашқы сегменттің өшірілуі тума сегменттердің де өшірілуіне алып келеді;

    • кез келген тума сегментке алғашқы сегмент арқылы ғана баруға болады, бұл жауап берудің уақытын ұлғайта түседі және ДБ сұранысын ұлғайтады.

Иерархиялық үлгінің көптеген кемшіліктері болғандықтан ол құрылып жатқан құрылым үшін қолданылмайды.

Мәліметтердің желілік моделі


Желі – иерархиямен салыстырғанда әлдеқайда жалпы құрылым. Желінің түйіндері болып жазудың жекелеген түрлері алынады. Жазудың түйіндері ДБ-ға қол жеткізудің бірліктері болып табылады. Ал жекелеген түйін бірнеше жоғарғы түйіндерден және бірнеше бағыныштылардан тұратындықтан берілген құрылым «көптің-көпке қатынасы» қатынасын тікелей қамтамасыз етеді. Байланыс үшін жазу - түйіндердің арасында байланыстырушы жазу жазылып, оның барлық түрлері екі түрдің байланысы үшін тізбекке орналастырылады.
Мәліметтердің торлық моделінің негізгі конструкциясы болып жинақ саналады. Кестеде анықталатын жинақтың әрбір типі үшін жинақ иегерінің жазуы белгілі бір типі нұсқалуы керек, сол секілді жинақ мүшелерінің жазуы типтерінің туынды саны да жазылады. Жинақтың әрбір түрінің құрамында бір түр иегері және бір не одан да көп жазу мүшелері болады.
Жинақ жазуының әрбір түрі меншік иесі жазбалары мен сәйкес жазба мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл жинақтағы жазба мүшенің бірде бірі бірден артық жинақ түріне тиесілі бола алмау нәтижесінен келіп шығып отыр.
Меншік иесінің әрбір таралымы сәйкес мүше жазбаларының таралымдарымен байланысатын әдіс тордың кестесінде анықталады. Осындай байланыстарды ұйымдасытрудың әдістерінің бірі меншік иесі жазбасынан шығып, жазба мүшелерінін барлығының таралымдарынан өтетін және қайтадан меншік иесі жазбасы таралымына қайтып оралатын нұсқаулар тізбегін орнату болып табылады, бұл сұраныстарды өңдеудің жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.
Желілік моделінің басты кемшілігі, жад құрылымының күрделілігінде жатыр. Қолданушы тізбектердің қандай түрлері бар ал енді қандай түрлерінің мүлдем жоқ екендігін біліп жүру керек.
Нәтижесінде сұраныстар тілдері процедуралы болады және программалық қабілеттердің болуын талап етеді.
Мәліметтердің реляциялық моделі
Реляциялық модель – домендердің тізімін декарттық қосуды сипаттайтын көптік қатынас болып табылады. Домен – бұл мәндердің көптүрлілігі, одан берілген белгі үшін мәндер алынады. Басқаша айтқанда, реляциялық моделінің негізінде белгілі бір ектеулерді қанағаттандыратын қарапайым кестелер жатыр, сондықтан оларды математикалық шектеулер деп қарастыруға болады.
Кестелердің жолдары кортеждер деп, ал қатарларының атаулары – белгілер деп бекітілген. Барлық кортеждер өзгеше, ал бағандардың тәртібі бірдей екендігін атап өткен жөн, осыдан келіп кортеждерді өңдеу процесі қарапайым бола түседі. Қатынаста(кестеге) кортеждерді бірмәнді білдіретін бірнеше белгілер ерекшеленіп алынады да, кілттер деген атау беріледі.
Реляциялық моделінің желілік және иерархиялық модельдер ерекшелігі шынайы нысандар мен олардың арасындағы қатынастар мәліметтер базасында қалыпқа келтірілген қатынастар түрінде берілуінде жатыр.
Мәліметтердің реляциялық үлгісінің негізгі кемшілігін реляциялық ДББЖ өндірушілігінің төмендігімен байланыстырады. Бірақ ORACLE, InterBase, Access және т.б. заманауи ДББЖ-дың жасалуы бұл мәселені шешіп берді.
Реляциялық моделінің артықшылықтарын екі топқа бөлуге болады:
1) қолданушы үшін артықшылықтар:

    • реляциялық ДМ қолданушы жұмыс жасауға әбден үйреніп кеткен кестелер түрінде келеді;

    • мәліметтерге бару жолын есте сақтап, өз сұранысын өңдеу үшін алгоритмдер мен процедуралар жасап қажеті жоқ;

    • реляциялық тілдер зерттеу мен үйрені үшін аса оңай, ал желілік және иерархиялық модельдер кәсіби программа жасаушылар үшін шығарылған және қарапайым қолданушылар үшін қиындықтар туғызады;

2) реляциялық ДМ мәліметтерін өңдеу артықшылықтары:

    • байланыстылық. Реляциялық бейне әртүрлі қатынастағы белгілердің өзара байланысының айқын суретін береді;

    • дәлдік. Реляциялық ДМ бағытталған байланыстар олмайды. Қатынастар жалпы табиғатында ерекше дәл мағынаға ие және мәліметтер үлгілерінің қаралымын қамтамасыз ететін алгебра мен қатынастарды есептеу секілді құралдарды қолдануға мүмкіндік береді;

    • беймділік. Қосу мен проекциялау операциялары қатынастарды қиып, қосуға мүмкндік береді, сондықтан программист әртүрлі файлдарды қажетті формада ала алады;

    • құпиялылық. Құпиялылықты бақылау жұмысы қарапайымдандырылады. Әрбір қатынас үшін енудің дұрыстығы тапсырмасын орнатуға болады, құпия көрсеткіштерді ену құқықтарын тексерумен ерекше қатынаста орналастыруға болады;

    • енгізілудегі қарапайымдылық біртекті (кестелік) файлдарды физикалық орнату иерархиялық немесе торлық құрылымдарды орнатқаннан әлдеқайда жеңілірек;

    • мәліметтер тәуелсіздігі. ДМ кеңейтілім мүмкіндігіне яғни жаңа белгілер мен қатныастардың қосылуына жол бере алатындай болуы шарт.

Жоғарыда айтылғандарға негізделіп келесідей тұжырым жасауға болады: жоғарыда аталып өткен логикалық үлгілердің арасында реляциялық үлгінің кемшіліктері ең аз болғандықтан ДББЖ жасалымының негізіне осы үлгі таңдалып алынатын болады.

Концептуалды моделін таңдау


Мәліметтердің концептуалды моделін таңдап алу үшін үш түрді қарастырып көрейік:

    • семантикалық;

    • фреймдер;

    • «негіз-байланыс».

Семантикалық модель семантикалық тордың құрылуына негізделеді. Семантикалық тор дегеніміз, белгіленген төбелер мен доғалардан тұратын жәе пәндік аймақтың нысандары мен қатынастарын беретін бағытталған графа болып табылады. Семантикалық торлардың бірқатар артықшылықтары бар, соларға келетін болсақ:

    • пәндік аймақтың нысандарын суреттеу табиғи жолмен жүзеге асады;

    • ДМ келіп түсетін барлық жазбалар біртекті құрылымда жинақталады.

Бірақ осы артықшылықтарына қарамастан, семантикалық үлгінің бірнеше кемшін тұстары да бар, соның ішінде семантикалық торлардың негізінде мәліметтердің реляциялық үлгісін жасау қиындатылған.
Фреймдерді мәліметтер құрылымдар мен сол мәліметтерді өңдеуші процедуралар арқылы танып білуге болады. Фреймдер келесі түрлері болуы мүмкін: жағдайлық, мінездемелік, логикалық предикаттар. Фреймдік үлгіні қолдану да дұрыс емес, өйткені аталған үлгі мәліметтердің реляциялық үлгісінде байланыстар типін көрсетпейді.
«негіз-байланыс» үлгісін негіз, байланыс, мән терминдерімен сипаттаймыз. Негіз – анытауға болатын ұғым. Байланыс – негіздердің қосылысы. Байланыстар мен негіздерді көрсету үшін арнайы ER-диаграмма енгізілген. Стерженьдік негіз – бұл тәуелсіз негіз (ол әдетте тәуелсз тіршілік етеді).
Ассоциативті негіз немесе ассоциация «көптің көпке» типіндегі немесе соларға ұқсас екі не одан да көп негіздер арасындағы байланыс реітнде қарастырылады.
Сипаттамалық негіздің барлық негізгі мақсаты қарастырылып жатқан пәндік аймақ шегінде, басқа бір негізді нақтылау не болмаса сипаттау болып табылатын негіз. Негіздер әрбір көптүрлілігі тік төртбұрыш, ал байланыстардың көптүрлілігі ромб болып беріледі. Байланыстар үш түрлі болуы мүмкін: «бірге-бір», «бірге-көп», «көпке-көп». Байланыстың бұл типтері реляциялық үлгіге тән, оған реляциялық үлгіде кестелер сәйкес келетін негіздер де жатады.
Осыған негізделе отырып мынадай тұжырым шыға кельді: «негіз-байланыс» үлгісі ұйымдастыру принциптері бойынша реляциялық үлгіге сәйкес келетіндіктен және соңғысын біріншінің негізінде құру аса қолайлы болғандықтан, концептуальды үлгі ретінде «негіз-байланыс» үлгісі таңдалған.

Үлгілеу үрдісі


Негіздерді айрықшалау
«Тұтынушы» негізі құрылып жатқан үлгінің белді негізі болып табылады. Тұтынушымен келісімге қол қойылады, келісім құрылмас бұрын кәсіпорынның жеткізіп берушілерге өтініштерді жіберу, олардан есеп фактурасын алу, тапсырысты жеткізіп берушіге жіберу, тауарды алу, жеткізілімді төлеу секілді кәсіпорынның барлық әрекеттері бақыланады. Бұл негізге кілт ретінде № Тұтынушы белгісі алынады.
Барлық негіздер, олардың белгілері мен кілттері 2 кестеде көрсетілген.

Кесте 2 - Негіздер, олардың белгілері мен кілттері.





Негіз атауы

Белгі

Кілт

Тұтынушы

Өтініштер, өтініштің берілген мерзімі, жалға алу сомасы, жалға алу мерзімі.

№ Өтініштер

Ұйым

№ Тұтынушы, тұтынушы аты, мекен жайы, телефон, құжаттар.

№ Жалға алушылар

Несиелер типтері

№ Несие, несие типі, пайыздық көрсеткіш, мерзім,

№ Несиелер

Өтініш

№ Өтініштер, өтініш статусы, өтініш сомасы, өтініш мерзімі.

№ Өтініштер

Негіздер арасындағы байланысты айрықшалау


Негіздер арасындағы байланысты айрықшалау пәндік аймақты сараптау негізінде жүзеге асады. Барлық айрықшаланған байланыстар
3- суретте көрсетілген.

Сурет-3. Негіздер арасындағы байланыс.


Жүзеге асыру алгоритмі

Құрылып жатқан жүйеде келесі тапсырмалар шешімін табу үшін келесі алгоритм кұрылды.4-суретте көрсетілген.





Сурет-4. Программаны жүзеге асыру алгоритмі.


2.2 АБЖ жүзеге асыру үшін құралдарды таңдау


Басқарудың автоматталған жүйесін құру үшін аппаратты құралдарды таңдап алуда ЖЭЕМ жұмысының жеделдік факторы үлкен рольге ие болады. Өйткені ЖО құрылу уақыты, сәйкесінше оның жасалуына және өзіндік құнына кететін шығындар да осыған тәуелді болады.


ЖЭЕМ жұмысының жылдамдығы негізінен келесі параметрлерге байланысты болады:

    • оперативті жадының көлемі (ОЖ);

    • процессордың жеделдігі;

    • бейнелік жадтың көлемі (БЖ).

Параметрлердің мәндері минималды болған жағдайда құрылған ақпараттық жүйенің қызмет ету тиімділігі өте аз болады, сондықтан келесі параметрлік мәндері бар компьюерді қолданған дұрыс болады:

    • процессор – Intel ® Pentium IV ® 2.4 МГц;

    • оперативті жад – 512 Мб;

    • операционды жүйе – Microsoft ® Windows XP, ™ Windows ® 2000 және Windows Vista.

ПҚ-ны құрудың заманауи құралдарында алуан түрлі қарарлар болады, сондықтан құрушының қосымшаларды жасау процесін автоматтандыру мүмкіндігі бар. Мәселен аталған уақыттағы құралдардың мынадай мүмкіндіктері бар:

    • стандартты компоненттерді қолдана отырып интерфейс жасау;

    • жүйе жағдайына қарай басқаруды әртүрлі процестерге жүктеу;

    • мәліметтер базасының өздері секілді олардың сырттарына да қабықтар жасау;

    • ПҚ дұрыс жұмыс жүргізілмеген жағдайларда болатын жағдайларды қалыпқа келтіру үшін сапалы ПҚ құру.

Құрудың заманауи құралдары келесі параметрлермен сипатталады:

    • программалаудың нысандық бағытталған мәнерін қуаттау;

    • құрылып жатқан жүйені жобалау және мәліметтердің реляциялық базасы үлгісін жасау үшін CASE-технологияларды қолдану мүмкіндігі;

    • интерфейсті көрсетіп жобалау үшін визуалды компоненттерді қолдану;

    • МБ қолдау;

    • мәліметтердің реляциялық базасын басқару үшін реляциялық алебраның алгоритмдерін қолдану;

    • жобаның құрамдас бөліктерін синхронизациялау мүмкіндігі (үлкен программалық кешендерді жасау кезінде ұсынылады).

Жоғарыда аталған қасиеттерге ие программалық тілдер: Delphi, Visual C++, Borland С++ Builder, Visual FoxPro және т.б.
Осы құралдардың әрқайсысы жоғарыда аталып кеткен заманауи құрал жабдыққа ие. Басты ерекшелік қарастырылып жатқан құралдарды қолдану аймағында жатыр. Мәселен, Visual C++ әдетте Windows ОЖ жұмыстарға арналған және ОЖ негізгі қасиеттерін қолданатын, сол секілді есептеулердің үлкен көлемдерін жүзеге асыратын қосымшалар үшін қолданылады. Қосымшаларды құру құралының осы түрінің кемшіліктерінің бірі программалық қамсыздандыруды құрып жатқанда аппараттық ресурстарға өте үлкен талап қоюы, программалық код компиляциясының соңғы өнімді айналымға енгізу кезіндегі жоғарғы жылдамдығы, әрі десе жасалымның басқа құралдарына қарағанда осы өнімді қолдануға әлдеқайда көп дисктік керектігінде жатыр. Borland С++ Biulder кемшіліктері жағынан Visual C++ сәйкес келеді, бірақ тағы да бір артықшылығы бар – SQL тілі негізінде мәліметтер базасын құру және олардың қолдауы шектеулі. Система разработки Visual FoxPro жүйелік ресурстарға тым аз талаптар қояды бірақ оның қолданысы жасалып жатқан қосымшаның интерфейсін визуалды жасалу кезіндегі қолайсыздықтармен байланысты келеді. Delphi кемшілігі оны қолдану кезеңінде ОЖ функцияларына қажетті деңгейде қол жеткізе алмайтындықта жатыр, бірақ бұл кемшілік айтарлықтай емес, өйткені құрылып жатқан қосымша ОЖ емес, МБ қолдауға бағытталған. Delphi ді АБЖ құру құралы ретінде таңдап алуда оның құрамындағы визуалды компоненттерінің көп болуы да үлкен роль атқарды, өйткені олар интерфейсті құру үшін де, ДББЖ үшін де аса маңызды болып табылады.
«Несиелерді рәсімдеу» АБЖ программалық өнімін жасау кезінде құрудың программалық құралдарын таңдап алу үшін басты қарарлар мыналар болды:

    • қосымшаларды құру жылдамдығы;

    • программаға жедел түрле өзгерістер енгізу мүмкіндігі;

    • құру құралдарын қолдану арқылы МБ түзету мен қарау мүмкіндігі.

Жоғарыда айтылғанға қосымша ретінде құрылу уақыты мыналарға бағынышты екендігін атап өтейік: ОЖ таңдап алған құралдарды қолдау, олардың оптималды қызметі үшін қажетті аппараттық қолдау; сәйкес программалық құралдарды қолданудағы жасаушылардың алдын ала тәжірибесінің болуы. Осы шарттар орындалғанда ғана жасалу ақытын минималды етуге болады.
Жоғарыда келтірілген талаптардан шығатын қорытындыға сәйкес, программалық қамсыздандырудың құру құралдарының келесі сипаттамаларын ерекшелеп көрсетейік:

    • аталған программалық өнімді қолдану арқылы құру тәжірибесінің болуы;

    • ресурсар бойынша талаптар;

    • операциялық жүйені қолдау;

    • интерфейсті жасаудың көрсетілімі;

    • мәліметтер базасымен жұмыс кезіндегі ұсынылатын мүмкіндіктер;

    • қол жеткізе алу;

    • құрылған программалық қамсыздандырудың жұмыс жылдамдығы;

    • құрылған программалық қамсыздандырудың жасалу уақыты;

    • қолданудағы қолайлылық.

Жоғарыда келтірілген құралдар ішінен нұсқалық негіздеулер әдісін қолданайық. Бұл тәсіл ұсынылғандардың ішінен ең үздік нұсқасын таңдап алу үшін арналған және келесі сатылардан тұрады:

    • салыстыру мен маңыздылық деңгейлері келтірілетін қарарларды анықтап алу;

    • әрбір нұсқа алынған қарарлар тізіміне сәйкес бағаланады. Сонда сандық мән шығады –бағалау;

    • әрбір нұсқа үшін баллдардың жалпы көлемін табу (қарарлардың маңыздылығын есепке алуға болады);

    • ең көп балл жинаған нұсқа үздік деп саналады.

Қойылған тапсырманың шешімін табу үшін келтірілген мінездемелер тізімін қолданатын боламыз. Нәтижелері 3-ші кестеде берілген.

Кесте 3 - Жасалым құралдарының мінездемесі.





Жасалым құралы
Жасалым құралының мінездемесі

Delphi

Visual C++

Borland C++ Builder



Visual FoxPro

Берілген программалық өнімді қолданғандағы жасалым тәжірибесінің болуы.

8

6

4

4

Ресурстар бойынша талаптар.

7

6

6

5

Операционды жүйені қолдау.

8

8

8

7

Интерфейс жұмысының көрсетілімі.

9

7

8

5

Мәліметтер базасымен жұмыс барысындағы берілетін мүмкіндіктер.

8

6

4

7

Құрылған программалық қамтамасыз етудің жұмыс жылдамдығы.

6

7

8

7

Әдеттен тыс жағдайларды есепке алу.

8

8

8

6

Құрылған программалық қамтамасыз етуді жасау уақыты.

9

6

5

7

Қолданудағы қолайлылықтар.

7

8

8

7

Барлығы.

70

62

60

56

Құралдардың орындалған сараптамасын орындау нәтижесінде, АБЖ құру құралы ретінде Delphi қолданылатындығы белгілі болды, өйткені ол құрушы пікірі тұрғысынан жасаушы ең жақсы құрал болып табылады.


Delphi қолдана отырып, MS Windows NT/XP/Vista үшін уақыт шегі минималды болатын қосымшаларды жасауға болады, өйткені оның негізінде қосымшаларды тез арада жасау концепциясы жатыр (RAD).
Delphi туралы негізгі мәліметтер:

    • Pascal – Object Pascal тілінің кеңейтіліміне негізделеді.

    • Қосымшаларды құрудың дамытылған ортасы –программалаудың біртұтас ортасында жоба не жобалар тобын жасау, компиляция жасау, сынау мен түзетуге мүмкіндік береді.

    • Программларды құрудың визуалды технологиясы – стандартты компоненттер түрінде қосымшаларды жедел жасауға мүмкіндік береді. бұл кезде программаның сәйкес коды автоматты түрде Delphi түседі. Мұндай технология жасаушыны қолданушы интерфейсін жасау секілді азабы көп жұмыстан арылтып, мәліметтердің ішкі ұйымдастырылуы мен мәліметтерді өңдеуге көбірек назар аударуға мүмкіндік береді.

    • Two Ways Tools технологиясы компоненттермен жасалатын жұмысты тиімдірек етеді. Delphi редакторының терезесінде программалық код өзгерген жағдайда сәйкесінше компоненттердің өздері де өзгереді. Басқа жағынан алғанда, нысандар редакторының инспекторында компоненттер қасиеттері өзгерген жағдайда (Object Inspector) олар бірден код редакторының терезесінде көрінеді.

    • Компоненттер кітапханасында қосымшаларды жасау кезінде қолдануға болатын көптеген стандартты компоненттер бар. Мұнда Windows ХР және IE 4.0 басқару мәнеріндегі элементтер, сол секілді формалар мен мамандарға арналған шаблондар жатады.

    • Delphi аймағында мәліметтер базасын қуаттау екіжақты жүзеге асады. Бір жағынан, мұнда мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған компоненттер кең қолданылады. Солардың көмегімен, мәліметтерді өңдеуге арналған және тұтынушы/сервер типті қарапайым қосымшаларды жасауға болады. Бұл компоненттердің ерекшелігі қосымшаларды жасау кезінде Delphi мәліметтерді өңдеу нәтижелерін көрсетіп отырады және ол программа жұмысы барысында болуы мүмкін әртүрлі жағдайларды сараптамадан өткізуге мүмкіндік береді.

    • Басқа жағынан алғанда, Delphi-де мәліметтер базасын қолдау SQL-серверлер қосылыстары драйверлерінің көмегімен Borland SQL Links for Windows жүзеге асады, ол Delphi-де интеграцияланған Borland, (BDE) Borland Database Engine мәліметтер базасы процессорының ядросына, Paradox, dBASE, Access, FoxPro жергілікті мәліметтер базасына, сол секілді SQL - InterBase, Informix, Oracle, Sybase, DB2, Microsoft SQL серверлерімен байланыс жасауына мүмкіндік береді.

    • 32-биттік Delphi компиляторы орындалатын EXE-файлдарын генерациялайды. Бұл мезетте қарапайым EXE-файлдарын, не болмаса DLL- кітапханаларының қосылуын талап ететін күрделі қосымшаларды генерациялауға болады.

Delphi – жедел жобалау компилятормен үйлесім табатын алғашқы құрал болып саналады. Бұдан басқа, Delphi-де бұрын соңды жеке компьютерлерде қолданылған программалаудың ең қуатты және күрделі болып табылатын, мәліметтердің базасын жобалау технологиясы қолданылады. Қосымшаларды тез арада құрып шығаруға арналған басқа құралдардан бір ерекшелігі, Delphi кеңейтілген құрал болып табылады. Төменде Delphi кеңейтілімін қамтамасыз ететін ерекшеліктердің қысқаша тізімі берілген:

    • API қосымшаларының интерфейсіне қол жеткізу;

    • орнатылған Ассемблер;

    • Delphi программасының мәтіндеріне енгізілген;

    • Ассемблерде жазылған жолдарды өңдеу;

    • DLL-кітапхана және Windows аймағының өзге де нысандарын құру мүмкіндігі.

Нысандық бағытталу – тіршілік етуші кластардың қасиеттеріне ие болатын жаңа кластарды құру не болмаса жаңадан өзіндік кластарды құру мүмкіндіктері.
Мәліметтер базасы қосымшаларын құру құралдарын таңдап алу кезіндегі негізгі қарарлардың бірі әртүрлі платформадағы мәліметтермен жұмыс сітеу үшін масштаб көлемін өзгерте алу мүмкндігі. Delphi де масштаб өзгертуге келесі қасиеттер арқылы қол жеткізіледі:

    • жергілкті кестелер мен өшірілген серверлердегі мәліметтер базасын қолдау;

    • күрделі сұраныстарды қолдау және әртүрлі платформаларда құрастырылған көптеген Деректер Базаларын Басқару Жүйелерінің (ДББЖ) бір қосымшасы арқылы басқа қосымшаларын ашу мүмкіндігі;

    • платформалардағы ерекшеліктерге қарамастан, мәліметтер базасына жол ашатын Borland Database Engine ядросы арқылы қосымшаның бір ДББЖ дан екіншісіне еш кедергісіз көшірілуі;

    • тұтынушы/сервер типіндегі негізгі платформалар үшін өзіндік жедел драйверлердің болуы;

    • ODBC толықтай қолдау.

Delphi, ДББЖ секілді мәліметтердің реляциялық үлгісіне арналған және SQL мәліметтер базасына деген сұраныстар тіліне ие (Structured Query Language).

    1. Программалық қамтамасыздандыруды сипаттау

Мәліметтердің реляциялық үлгісі алғаш рет Е. Коддтың мақаласында 1970 жылы баяндалды. Осы жұмыс кітаптар мен мақалалардың алуан түрлеріне бастау болып, реляциялық жақсы даму жолына түсті. Мәліметтердің реляциялық үлгісінің ең көп таралған анықтамасының авторы К. Дейт. Дейт бойынша, реляциялық үлгі үш бөліктен құралады:



    • құрылымдық бөлік; Құрылымдық бөлік реляциялық үлгінің қандай нысандарды қарастырып жатқанын сипаттайды. Реляциялық үлгіде қолданылатын жалғыз мәліметтер құрылымы қалыпқа келтірілген n- түріндегі қатынастар делінеді.

    • толыққанды бөлік; Толыққанды бөлік мәліметтердің кез келген реляциялық базасында орындауы тиіс кез келген қатынастар үшін арнайы түрдегі шектеулерді сипаттайды. Бұл негіздер мен кілттердің толыққандылығы.

    • манипуляционды бөлік; Манипуляционды бөлім реляциялық мәліметтерді манипуляциялаудың екі баламалы тәсілін суреттейді – олар реляциялық алгебра және реляциялық есептеу.

Программалауда қолданылатын кез келген мәліметтердің өз мәліметтер типтері болады.
Реляциялық үлгі қолданатын мәліметтер типтерінің қарапайым болуын талап етеді. Бұл пікірді қуаттай түсу үшін ең алдымен программалауда жалпы мәліметтердің қандай типтері қолданылатындығын қарастырып өтейік. Әдетте мәліметтер типтері үш топқа бөлінеді:

    • мәліметтердің қарапайым типтері;

    • мәліметтердің құрылымдалған типтері;

    • мәліметтердің жіберуші типтері;

    • мәліметтердің жай типтері.

Мәліметтердің жай не атомарлы типтерінде ішкі құрылым болмайды. Мұндай типтегі мәліметтер скалярлар деп аталады. Мәліметтердің жай типтеріне келесі типтер жатады:

    • логикалық;

    • жолдық;

    • сандық.

Программалардың алуан түрлі тілдері әртүлі типтерді қосу арқылы бұл тізімді кеңейтіп, нақтылай түсуі мүмкін:

    • толық;

    • заттық;

    • күні;

    • уақыт;

    • ақшалық;

    • таралымдық;

    • аралық;

    • және т.с.с.

Әрине, атомарлық ұғымы қатынасты түрде ғана болады. Мәселен, мәліметтердің жолдық типін символдардың бірөлшемді тұлғасы ретінде, ал мәліметтердің толық типін биттердің жинағы ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде осындай төмен деңгейге өту барысында мәліметтердің семантикасы (мағына) жоғалып кететіндігі ғана маңызды болып саналады. Мәселен, қызметкердің тегін белгілейтін жолды символдар массивіне салатын болсақ, бір тұтастық жолының мағынасы жоғалып кетеді.
Мәліметтердің құрылымдалған типтерін құру мәліметтердің күрделі құрылымдарын беру үшін арналған. Мәліметтердің құрылымдалған типтері компоненттер деп аталады, олар өз кезегінде құрылымға ие болуы мүмкін. Мәліметтердің құрылымдалған типтері ретінде келесі типтерді мысалға келтіруге болады:

    • массивтер;

    • жазылулар (құрылымдар).

Математикалық көзқарас тұрғысынан массив анықталу облысы аяқталған функцияны бейнелейді. Мәселен, натуралды сандардың шекті көптігін қарастырып көрейік: А={1,2,…,n}.
Көптік деп аталатын индекстер. Көрсетілуі: F:A→R.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет