- ерекше ферменттік жүйенің көмегімен іске асады. Биосинтез үдерісінің әр сатысын ерекше фермент катализдейді. Пенициллин биосинтезі кері байланыс принцип арқылы L- лизинмен реттеледі. Себебі пенициллин мен лизин синтезі барысында альфа-аминоадипин қышқылы аралық зат ретінде түзіледі. Лизин бірінші ферментті, гомоцитратсинтазаны тежейді де, а-аминоадипин қышқылының жетіспеушілігі пайда болады, нәтижесінде пенициллиннің шыгымы төмендейді. Көптеген антибиотиктердің алғы заты ретінде алмасу процесінде түзілген бірінші реттік метаболиттер қызмет атқарады. Сондықтан қоректік ортаға а-аминоадипин қышқылын қосса, ол пенициллиннің биосинтезін тездетеді және лизиннің әсері жойылады. Қазіргі күнде микробиологиялық әдістің барлық сатылары —табиғи пенициллиннің биосинтезі, ацилаза катализдейтін гидролиз және 6-аминопенициллан қышқылының экстракциясы үздіксіз технологиялық үдеріс түрінде іске асырылады
ӘДІСТЕР - Антибиотиктерге микроорганизмдердің төзімділігін (резистентілігін) жеңу үшін микробтық синтез арқылы алынған табиғи антибиотиктерді өзгертеді, яғни антибиотик молекуласыньщ құрылымына химиялык реакция арқылы өзгерістер енгізеді де, антибиотиктің жаңа түрін алады. Өнеркәсіпте пенициллиндер мен цефалоспориндердің жаңа түрлерін микробиологиялық биосинтез бен химиялық синтездің біріктірілген әдісін, яғни жартылай синтетикалық әдісті қолданып алады.
- Жартылай синтетикалық пенициллиндер мен цефалоспориндер түрлерінің айырмашылығы бетта-лактамды сақинамен байланысқан бүйірлік тобының түріне байланысты. Жартылай синтетикалық пенициллинді алу әдісі екі сатыдан құралады. Бірінші сатысында микробиологиялық биосинтез арқылы 6-аминопенициллан қышқылын апады. Екінші сатысында 6-аминопенициллан қышқылының амино тобының ацилдеу реакциясын жүзеге асырады. 6-аминопешщиллан қышқылына ацил тобын қосып, ациламинопенициллинді, пенициллиніңтуындысын алады. Ациламинопенициллин бета-лактамазаның әсерінен өзінің белсенділігін жоғалтпайды сондықтан бета-лактамаза ферментті синтездейтін бактериялар, мысалы, стрептококтар, қоздыратын ауруларды тиімді емдейді.
Пенициллин қолданылуы
Сезімтал қоздырғыштардан туындаған бактериялық инфекциялар: лобальды және ошақты пневмония, плевра эмпиемасы, бронхит; сепсис, септикалық эндокардит (жедел және субакуталық), перитонит; менингит; остеомиелит; несеп-жыныс жүйесінің инфекциялары (пиелонефрит, пиелит, цистит, уретрит, гонорея, бленорея, мерез, цервицит), өт жолдарының инфекциялары (холангит, холецистит), жара инфекциясы, тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары: қызылиек, екінші реттік инфекциялар ; дифтерия; скарлатина; күйдіргі; актиномикоз; ЛОР мүшелерінің инфекциялары және көз алмасының инфекциялары.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |