Свободный селосының әкімі Ә. Омаровтың 2012 жылғы селоның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы



жүктеу 80.26 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі80.26 Kb.
Свободный селосының әкімі Ә.Омаровтың

2012 жылғы селоның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы

ақпараты

Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауы дәстүрге айналды, халық пен биліктің арасындағы бірлік пен қарым қатынасы айғақ көрсетілген. Осы жылы одан да нығая түсті. «Қазақстан – 2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің басты саяси бағыты» атты жолдауының ерекшелігі ол, өткенді қортындылай отыра және анық бағыттар қойып жалпы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі келешектегі дамуына көптеген үмітпен қарауға сендіреді.

Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша жыл сайын өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесуі, уақытша өтілген жолға ғана өзгеше шекара болған жоқ, сонымен қатар жасалған жұмыстың сапалы өлшемі, қабылданған міндеттің орындалу бағасы және болашақ жоспарлардың түзетілуіне де ықпал етті.

Свободный селосы бойынша 507 аула бар, онда 1551 адам санын құрайды, оның ішінде 801 - адам еңбекке жарамдылар, зейнеткерлер – 229 адам, 16 жасқа дейінгі балалар саны – 368 адам, 16 жастан 18 жасқа дейін-59 адам, 207 отбасы жеке қосалқы шаруашылығымен айналысады, 29 отбасы жеке меншікті кәсіпкер.

Селодағы ұлттық өтілдері бойынша көрсеткіш:

Барлығы – 1551 адам, оның ішінде қазақтар – 301 адам, орыстар – 614 адам, немістер – 167 адам, украиндар – 307 адам, белорустар – 87 адам, татарлар – 21 адам және де басқа ұлттар – 54 адам.


Қосалқы шаруашылық
Село бойынша 207 отбасы жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады, онда ірі қара мал -232 бас, шошқа – 536 бас, қойлар мен ешкілер – 352 бас, жылқы – 76 бас және де құстар - 3055 басты құрайды.

Жаздың құрғақшылығы және мал азығының жоқтығына қарамастан жеке сектордың ірі қара малы мен шошқа басы кішігірім болса да өсті.

Село аймағында «Торғай АШТС» ЖШС шаруашылығы өз жұмыскерлеріне жем шөппен көмектеседі.

Егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін ЖШС өзінің жұмыскерлеріне 110 тонна жем қалдығын орташа бағамен 1 тоннасын 20000 тенгеден, 45 тонна шөпті 1 тоннасын 20000 тенгеден, 20 тонна сабанды 1 тоннасы 10 тенгеден жаздырды. Былтырғы жылдың мәліметтеріне қарағанда «Торғай АШТС» ЖШС жұмыскерлерінің орташа еңбек ақысы 27 000 тенгені құрады.


Аппарат жұмысы
«Есіл ауданы Свободный селосы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік орган болып саналады, мемлекеттік басқару және бақылау қызметінің орындалуына уәкіл етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президент актілерімен, Қазақстан Республика Заңдары мен Конституциясына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады. Аппарат штатында 2 қызметкер жұмыс істейді, орташа жұмыс өтілі 20 жыл. Бұлар тәжірбиелі мамандар, өз уақытында қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату курстарынан өтті. Аппарат қызметкерлерінің басты мақсаты Қазақстан Республика Заңдарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.

2012 жылы село азаматтарының арасында 5 жиын, көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен 12 жиналыс, ардагерлер кеңесімен 5 отырыс өтті. Село азаматтарынан 16 өтініш қабылданып барлығы қаралды. 49 нотариалдық іс әрекет жасалды, село тұрғындарына 869 анықтама берілді. Жалпы құжат құжатайналымының көлемі 1655 бірлікті құрады. Іс жүргізу екі тілде жүргізіледі, мемлекеттік және орыс тілінде.

Өткен жылы село бойынша 9 неке қиылды, 26 бала дүниеге келді, 20 адам қайтыс болды. Село тұрғындарының арнайы қайырымдылық қорына жиналған қаржы есебінен, селоның зиратын және зираттың қараушысын ұстаймыз, ол зираттағы керекті тәртіпті қадағалайды. Қорғаныс істер бөлімінде 55 әскерге шақырылатындар есепте тұр. Кәзіргі уақытта Қазақстан Республикасы қарулы күштер қатарында 1 сарбаз өз жауынгерлік міндетін өтеуде. «Әскери міндет және әскери қызметтері туралы» заңына сәйкес әкімшілік маманы әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілердің әскери есеп ережелерін сақтауды, бақылауды жүзеге асырады.

Свободный село аймағында «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұжымы жұмыс істейді, құрамында 72 адам бар, төрағасы Есіл ауданы бойынша «Нұр Отан» ХДП саяси кеңес мүшесі Владимир Викторович Середа. Селода ардагерлер кеңесінің ұжымы, жастар ісі жөніндегі кеңес, экономикалық кеңес, кәмелетке толмаған азаматтар құқығы бойынша комиссия жұмыс істейді және де 2 біріктірілген діни бірлестігі бар «Конференция Церкви адвентистев седьмого дня» және Христиан баптистарын қолдаушылар. Дінге табынушылардың әсері халық арасында шамалы.


Экономика
Село аймағында қожалық субьектісі болып «Торғай АШТС» ЖШС саналады. Егіс алаңы 20650 га құрайды, оның ішінде астық өнімімен -6086 га себілген. Жаздың құрғақшылығына байланысты астық өнімі 3,5 центнерді құрады. Мал шаруашылығында 880 ІҚМ, оның ішінде 419 бас сиыр, 482 бас шошқа, 9 бас жылқыны құрайды. Қолдан ұрықтандыру пункті бар. Өндірілген ет өнімінің тірі салмағы 20 тонна, сүт – 506 тонна. Селода наубайхана бар, 1 бөлкенің бағасы 45 тенге, салмағы 600 гр.
Әлеуметтік қорғау
Село аумағында жағдайы төмен отбасы жоқ. 6 отбасы МБЖ алады. 2012 жылы жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздықта 21 азамат тіркелген. 2012 жылы қоғамдық жұмысқа 21 адам тартылды. Селода аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 2 қызметкер жалғыз басты қарттарға қызмет көрсетеді. 2012 жылы тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөнінде тұрмыстық көмек көрсету үшін ауданның қаражатынан ақшалай қаржы бөлінді. 23 отбасы тұрмыстық жәрдемақыны дайындады.
Пошта және байланыс
Селода пошта жұмыс істейді, ол аптасына үш рет бұқаралық ақпаратты жеткізіп тұрады және зейнетақы мен жәрдемақы, еңбек ақыларды мезгілімен әкеліп таратады. Баспасөз басылымына жазылу өткізіліп тұрады. Бөлімде телефонның жоқтығы мен меңгерушінің 3 сағат жұмыс істейтіні қиындық туғызып тұр. АТС 198 сымды және 215 телефон байланыс терминалына қызмет етеді.
Білім
Село аумағында 520 орынды орта мектеп жұмыс істейді. Кәзіргі уақытта 220 оқушы білім алуда. Оның ішінде 32 бала мектеп алдындағы дайындықта жүр. Сыныптар жиынтығы 20, оның ішінде 7 сынып қазақ тілінде және 13 сынып орыс тілінде білім алуда. Оқыту тілі аралас. Мектеп кадрлары толық, құрамында 34 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде: жоғары білімді -27, арнаулы орта – 7 мұғалім. Мектепте спорт залы, интернетке шығатын компьютерлі сыныптары бар. 4 интерактивті тақта, қазақ тілі пәні кабинетінде 1 лингофон-мултимедиялық және кәзіргі физиканы зерттеу кабинеті бар. Мектеп ішінде 30 орынды «Балдырған» атты шағын орталық жұмыс істейді. Штат саны 5 адам. Мектепте дәрігерлік кабинет бар, медбике, психолог, жетекші жұмыс істейді.Мектепте асхана жұмыс істейді. Балаларды ыстық тамақпен ЖК Р.Н. Сковородина қамтамасыз етеді. 95% оқушылар ата –аналарының қаржы есебінен тамақтанады. Жаппай білім беру қорының бюджеттік қаржы есебінен 64 оқушы тегін тамақтанады. Күнкөріс сатысынан төмен табыс табатын отбасылардың қатарына жататын 64 оқушыға киімдей көмек көрсетілді. Свободный орта мектебі Есіл ауданы мектептерінің рейтенгісі бойынша 2 орынға , Есіл ауданы бойынша БҰС –тан 2-ші орынға ие болды. «Немеркнущие звезды» БҚБ атты пионер ұжымы жұмыс істейді. Ата аналар кеңесі белсенді жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау
Есіл аудандық емханасынан селода дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Село тұрғындарына 4 дәрігерлік қызметкер қызмет көрсетеді: фелдшер – акушер, патронаждық медбике, зертханашы, егу медбикесі. Барлық қызметкерлер білікті және село тұрғындарына қажетті медециналық көмек көрсетеді.

2012 жылдың қараша айынан бастап дәрігерлік емхананың ішінде дәріхана дүңбіршегі ашылып жұмыс істеуде.

Дәрігерлік емхананың мәселесі дәрігердің жоқтығы мен емхана ғимаратының толық жөндеуден өтпегені.
Мәдениет
Селолық клубымызда мемлекеттік мерекелер мен мәдени іс шаралар өткізіліп тұрады. Свободный селосының көркем өнерпаздары бірнеше рет облыстық және аудандық байқауларында басты жүлделерге ие болды.

Селодағы өндіріс кеңсесінің ғимаратында жалпы жан-жақты кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана қорында 15900 дана кітап бар, оның ішінде мемлекеттік тілде 1200 дана.

Клуб ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу сұрақтары басты қиын мәселе болып тұр.
Спорт
Село аймағында стадион, мектепте спорт зал, 1 спорт алаңы бар. Қыс мезгілінде барлық іс шаралар орта мектептің спорт залында ұйымдастырылады және өткізіледі. Спорттық керек жарақтардың жоқтығы ең басты мәселе болып тұр.

2013 жылдан бастап аудандық мәдениет бөлімінен спорт әдіскеріне 0,5 ставка бөлінді. Әдіскердің үміткеріне – Владимир Викторович Середа белгіленді.


Құқықтық тәртіп
Учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын тұрғындар арасында жүргізіп тұрады. Село әкімінің ұсынысы бойынша, Свободный селосына бұрынғы учаскелік инспектор Сағит Рақымжанұлы Жармағанбетов жұмысына қайтарылды.
Құрылыс және ТҚШ
Селода орталық қазандық, су құбыры бар, кәзіргі уақытта «Тепло Сервис» ШЖҚ МКК басқармасының сенімінде. 2012 жылы орталық жылу құбырына тағы 13 пәтер қосылды. Аудан бюджетінен бөлінген 2 мил. тенгеге Днепропетровский көшесіндегі қиындық туғызып тұрған 120 метр жылу беру құбыры жөнделді. Кәзіргі уақытта село тұрғындарының пәтерлерінде жылы,температурлық режим сақталады, су тәулік бойы беріледі. Село тұрғындары монополияға қарсы комитеттің келісімімен, көрсеткіштерге сәйкес ШЖҚ МКК –ға қызмет көрсеткені үшін ақы төлейді.

Свободный селосындағы су құбыры мен жылу құбыры күрделі жөндеуден өтуді қажет етіп тұр, өйткені бұл обьектілердің жарамсыздығы 90% құрайды.


Шағын кәсіпкерлік
Селода шағын кәсіпкерліктен -10 субъект тіркелген. 9-жеке дүкендер, 1- жазғы суару бойынша тұрғындарға қызмет етеді.

Дүкендер: 2- азық түлік, 5- аралас тауарлар. Жұмыскерлердің жалпы сены 16 адамды құрайды.

Кәсіпкерлікте ең көп орын алатын сауда субъектісі.
Көріктендіру
Селоның тазалығын ұстап тұруға «Торғай АШТС» ЖШС қолдау көрсетеді. Жазғы тазалық айлығын өткізу кезеңінде әкімшілікпен қажетті техника бөледі. Село тұрғындары ауылдың санитарлық тазалығын ұстап тұруға белсене қатысады. Өз үйлерін, аулаларын көріктендіріп, гүлзарлар ұйымдастырып, гүлдер өсіреді. Жеке қаржының есебінен селоның асфальтпен жабылған 500 кв.м. жолдарының ой шұқыры жөнделді. Есеп беру мерзімі кезінде 2520 тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылды.

Кәзіргі уақытқа дейін тұрмыстық қалдықтар үшін полигон заңдандырылған жоқ, осы жағдай алаңдатып тұр.


Меморандумдар
Село әкімі мен «Торғай АШТС» ЖШС директорының арасында жалпы 1 млн 367 мың тенге көлемінде 7 меморандумға қол қойылды, олар жұмсалды;

-500000 тенге селоны көркейту мен санитарлық тазартуға

-221030 тенге орта мектепке демеушілік көмек көрсетілді

-110000 тенге аудандық жазғы селолық спартакиадасына қатысуға

-424500 тенге қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету үшін.

.
2012 жылдағы айтылған ескертулер



мен ұсыныстардың орындалуы:


  1. Бала бақшаның ғимаратына күрделі жөндеу өткізілді, 2013 жылдың 10 қаңтарына ашылуы жоспарланған.

  2. Сарапшылар қортындысы бойынша селолық монша ғимараты күрделі жөндеуден өтуі мүмкін емес, өйткені сыртқы ауа райының әсерінен ғимарат іргетасы бүлінген.


Келешек


  1. Село ішіндегі асфальт жолдарды жөндеу.

  2. Клубты, орта мектепті, дәрігерлік емхананы күрделі жөндеуден өткізу.

  3. Монша құрылысы.

  4. Селодағы жылу құбыры мен су құбырына, су қысымды мұнараға кұрделі жөндеу өткізу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет