ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
12
4.4.3.4 Еден ағаш болуы тиіс немесе арнайы жабын төселуі керек, еденнің беті тегіс,
бүтін және ақаусыз болғаны шарт. Залдың қабырғаларында шығыңқы бөліктер, карниздер
болмауы тиіс. Батареялар терезе астында арнайы орынға бектіледі де, сыртынан тормен
жабылады немесе еденнен 2,4 м биіктікте орналастырылады. Терезелер мен жарық
түсіргіш құралдарда қорғаныш құрылғылар болуы тиіс.
4.4.3.5 Спорттық ұяшық (спорт аренасы) өлшемдері ашық спорттық құрылыстарды
жобалау бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қабылданады.
4.4.3.6 Снарядтық
кабинет есік немесе ені кемінде 2 м, ал биіктігі
кемінде 2,2 м болатын ашық ойық арқылы спорт залымен бірігіп тұруы тиіс.
Гимнастикалық бөренені сақтауға арналған снарядтық кабинеттің ұзындығы
кемінде 5 м болуы шарт. Снарядтық кабинеттің едені (табалдырықсыз) спорт зал еденімен
бір деңгейде болуы тиіс.
4.4.3.7 Көрермен залына жақын жердегі дәліздер мен демалу бөлмелерін оларды
кулуар (фойе) ретінде пайдалануды есепке ала отырып жобалаған дұрыс.
4.4.3.8 Кабинеттер мен зертханалар біржақты орналасқан жағдайда демалу
бөлмелерінің ені кемінде 2,8 м, ал сыныптар, кабинеттер мен зертханалар екі жақты
орналасқан жағдайда ені - кемінде 4 м болуы керек.
4.4.3.9 Білім алушыларға арналған дәретханалардағы унитаздар жабық кабиналарда
орналастырылуы қажет. Кабиналар еденге кемінде 0,2 м жетпейтін, биіктігі
кемінде 1,8 м (еденнен) болатын қоршау-экрандармен бөлінуі тиіс. Кабиналар өлшемі
кемінде 0,9 м × 1,2 м болып қабылдануы тиіс. Қыздарға арналған дәретхана кабиналары
біреуінің өлшемі кемінде 1,8 м × 1,2 м болуы тиіс.
Дәретхана кабиналары мен қарама-қарсы қабырға арасындағы өткел метрмен
алғанда төмендегілерден кем есептелінбеуі тиіс:
а) писсуар болмаған кезде - 1,5 м;
б) писсуар болған кезде - 2,0 м.
Жеке қолжуғыштар крандарының арасы кемінде 0,65 м болуы тиіс.
Қолжуғыштардың жоғарғы бетінің еден үстіндегі биіктігі 1 сынып білім алушылары
үшін кемінде 0,5 м; 2 - 4 сынып білім алушыларына - кемінде 0,6 м; ал 5 – 11 сынып білім
алушыларына - кемінде 0,7 м болып қабылдануы керек.
Қолжуғыштар мен қабырға арасындағы өткел кемінде 1,1 м, ал екі қатардағы
қолжуғыштар арасында - кемінде 1,6 м болады.
4.4.3.10 Душ кабиналарының өлшемі кемінде 0,9 м × 0,9 м болып қарастырылуы
керек. Екі қатардағы душ кабиналарының арасындағы өткел кемінде 1,2 м, ал кабина
немесе кабина мен қабырға (арақабырға) арасы - кемінде 0,8 м.
4.4.3.11-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес алынып тасталды.
Достарыңызбен бөлісу: |