Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет43/150
Дата12.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#491664
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   150
SP RK 4.02-104-2013

ҚР ЕЖ4.02-104-2013* 
 
39 
Қосқыш қимасын есептеп анықтайды және мыстан 50 
аз болмауға тиіс. 
Қосқыштың ұзындығын құбырдың жылу беру ұзындығына байланысты анықтайды. Болат 
қосқыштарда тоттанудан қорғайтын қабаттар болуы керек. 
4.7.8.2.8 Тексеріп- өлшейтін пункттерді (КИП) құбырлардың потенциалдарын 
өлшеу үшін жер бетінен 200 м көп емес аралықта орнатады: 
а) камерада немесе камерадан тыс құбырдың қозғалмайтын тірек орнатылған
жерінде;
б) ток өткізбейтін фланцтардың орналасқан жерінде; 
в) жылу жүйесінің электрленген көліктердің рельсті жолдарымен түйісетін 
орындарында; түйісуде екі жолдан көп болған жағдайда КИП арнаулы камера құрылғысы 
мен түйісу жолының екі жағынан орнатылады;
г) түйіскен жерлерде және қатарынан салынған инженерлік болат желілер мен 
құрылыстарда;
д) жылу жүйелері жолдарымен сору кабельдерінің қосылу пункттері электрлі 
жолдардың рельстеріне жақындаған орындарда.
4.7.8.2.9 Жер асты жылу жүйелерін салуда болат құбырлардың тотығу жағдайының 
инженерлік диагностикасын жасау үшін жылу желісінің камераларында құбырларға өту 
орнын жасау жолын қарастыру шарт.
4.7.9 Жылу пункттері  
4.7.9.1 Жылумен қамтудың ашық және жабық түрлерінде ғимараттарды ОЖП немесе 
ЖЖП арқылы технико-экономикалық негіздерге немесе проектілеуге қойылған талаптарға 
сәйкес, оның ішінде жұмыстың гидравликалық режимін және жылу жүйесі мен 
ғимараттардың температуралық графигіне сәйкес қосылады.
*4.7.9.2 Жылу пункттерін жобалау ҚР ҚН 4.02-01, ҚР ҚЖ 4.02-101, ҚР ҚЖ 4.02-108 
ескеріле отырып және жылу желілеріндегі құрылыстар ретінде жіктелетін және жылумен 
жабдықтаушы (жылу желісі) компанияның теңгеріміндегі жылу пункттеріне 
қолданылатын осы бөлімнің талаптарын ескере отырып және жылу пункттерінің 
орналасуы жөніндегі ұсыныстарды ескере отырып (Ж қосымша) жүзеге асырылуы тиіс 
(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)
4.7.9.3 ОЖП-ның бар-жоғына қарамастан кіргізу торабы құрылғысын барлық 
ғимараттарға орнату қажет. Бұл кезде кіргізу торабында ғимаратты ғана қосуға арналған 
және ОЖП-да қарастырылмаған іс-шаралар істелінеді.
4.7.9.4 Жылу пунктерінде құбырларды, құрылғыларды және арматураларды 
орналастырудағы негізгі талаптарды Б қосымшасына сәйкес орындау қажет.
4.7.9.5Жылу пункттеріндегі жылулық жүйелерге тұтынушыларды қосқан кезде
жылулық жүйедегі судың минималды шығымын қамтамасыз ететін және жылудың 
шығымын бақылайтын құрылғыны, жүйелік судың максималды шығымын шектейтін
сыртқы температураны ескермегендегі ауаны кондициялайтын вентиляция жүйесіне және 
жылу жүйесіне келетін судың температурасын тузету насосы немесе автоматты бақылауы 
бар элеваторларды сызба бойынша қолдану керек.
Жылумен қамтамасыз ету системасындағы температураның әртүрлі есептік 
көрсеткіштері бар ғимараттарды ОЖП-не қосқан кезде ОЖП-нен кейінгі температура 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет