Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет9/150
Дата12.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#491664
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150
SP RK 4.02-104-2013

ҚР ЕЖ4.02-104-2013* 
 

1 кесте -Сырттағы ауа температурасына байланысты жылу беруді ұйғарынды 
төмендету
Көрсеткіштің атауы 
Жылуды жобалауға арналған сырттағы ауаның есептік 
температурасы t
0
°С 
минус 10 
минус 20 
минус 30 
минус 40 
минус 50 
Жылу беруді ұйғарынды 
төмендету, %, дейін 
78 
84 
87 
89 
91 
Ескертпе -Кесте 0,92 қамтамасыз етілген анағұрлым суық бес күнде сырттағы ауа температурасына 
сәйкес келеді 
 
4.2 Сенімділік және төзімділік 
4.2.1 ҚР ҚН 4.02-04 сәйкес жылу желілері, жобаланатын және қолданыстағы жылу 
көздерінің, жылу желілерінің және толықтай ОЖЖ-ның белгіленген уақыт ағымында 
жылумен жабдықтаудың (жылудың, желдеткіштің, ыстық сумен жабдықтаудың, сондай-
ақ кәсіпорындардың бу мен ыстық суға технологиялық қажеттілктерінің) талап етілетін 
режимдерін, параметрлерін және сапасын қамтамасыз ету қабілетін мына үш көрсеткіш 
(критерий) арқылы анықтаған жөн: тұрақты жұмыс істеу ықтималдылығы [Р], дайындық 
коэффициенті [Кг], өміршеңдік [Ж].
4.2.2 Сенімділікті ескере отырып, жүйе көрсеткіштерін есептеу әрбір тұтынушы 
үшін жүргізілуі қажет.
4.2.3 Тұрақты жұмыс ықтималдылығының ең аз рұқсат етілген көрсеткіштерін:
а) Р
ит
= 0,97 жылу көзі үшін;
б) Р
тс
= 0,9 жылу желілері үшін;
в) Р
пт
= 0,99 жылу тұтынушысы үшін; 
г) Р
ООЖ
= 0,9×0,97×0,99 = 0,86тұтас ОЖЖ үшін қабылдаған жөн.
Тапсырыс беруші жобалаудың техникалық тапсырмасында анағұрлым жоғары 
көрсеткіштер орнатуға құқылы.
4.2.4 Жылу желілерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мыналарды анықтаған 
жөн:
а) жылу өткізгіштердің (тұйықтық, радиалды, транзитті) резервтелмеген 
телімдерінің әрбір тұтынушыға немесе жылу бекетіне шекті рұқсат етілген ұзындығы;
б) радиалды жылу өткізгіштердің арасындағы резервті құбыр өткізгіш 
байланыстардың орналасқан жері;
в) олқылықтар болған жағдайда тұтынушыларға жылуды резервті беруді қамтамасыз 
ету үшін жобалау кезінде таңдалатын жаңа немесе қайта құрылатын қолданыстағы жылу 
құбырлары диаметрлерінің жеткіліктігі;
г) нақты телімдерде жылу желілерінің және жылу құбырларының конструкцияларын 
анағұрлым сенімдеріне айырбастау қажеттілігі, сондай-ақ жер үсті немесе тоннельдік 
жабынға өтудің негізділігі;
д) өз ресурсының бір бөлігін немесе толықтай жоғалтқан жылу өткізгіштерді 
жөндеудің және айырбастаудың кезектілігі;
е) ғимараттарды қосымша жылыту бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет