ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
104
алшақтатып және қосымша плитаның қалған бөлігіне «сабалақтар» түрінде жағады,
плиталардың желімделген бетінің ауданы - 40 % төмен болмауға тиіс;
- плиталарды жобада көрсетілген күйге орналастыру үшін қабырғаның көтергіш
бөлігіне басу және биіктігінің бойымен нығыздау арқылы бір-біріне қатысты тегістеу
тәсілдерін қолданады. Желімнің артығымен жағылуына жол берілмеуге тиіс;
- жылу оқшаулағыш плиталарды көлденеңінен тегістеу үшін қабырғаның көтергіш
бөлігіне уақытша ағаш тақтайшасын немесе қабырғаның көтергіш бөлігіне 300 мм артық
емес қадаммен орналасқан дюбельдермен бекітілетін қалыңдығы 1 мм бастап 1,5 мм
дейiнгі металл профильді (алюминийден немесе мырышпен қапталған болаттан жасалған)
пайдаланады;
- жылу оқшаулағыш плиталарды бір-біріне тығыздап тиістіре орнатады. Егер
олардың арасында 2 мм артық саңылаулар пайда болса, оларды қолданылып жатқан
жылытқыштың материалымен немесе полиуретан көбігімен толтыру қажет;
- жылу оқшаулағыш плиталарды қабырғалардың ішкі және сыртқы бұрыштарында
тісті қысқыш орната отырып, жіктерді байлау арқылы екі қабатпен орнатады және
желімдейді;
- жылу оқшаулағыш плиталарды бекітуге арналған дюбельдер желім құрамы толық
кепкеннен кейін орнатылады. Сыртқы ауа температурасы 20 °С және салыстырмалы
ылғалдығы 65 % болған жағдайда кебу уақыты 72 сағаттан кем болмауы керек. Әр жылу
оқшаулағыш плита екі шатырлы дюбельдермен бекітілу керек.
4.7.3.6 Қаптама қабатын жобада көрсетілген биіктіктің бойымен қалау кезінде иілгіш
байланыстар орнатылады. Қабырғаның ішкі қабатында жылытқыш арқылы саңылау
бұрғыланады да, жобада қарастырылған болат немесе пластикалық кергіш болмаса
«химиялық анкерлер» орнатылады.
4.7.3.7 Екі қабатты асылмалы қабырғаларды қалау жұмыстары аражабыннан және
қуаттандыру құралдарымен орындалуы керек.
4.7.3.8 Қабырғаны сыртқы қаптама қабатты және ішкі қабаттарды бір уақытта
қалаудан бастап тұрғызады.
4.7.3.9 Жобада көрсетілген қадаммен қалаған сайын кеңейтілген ерітінді жіктеріне
(16 мм) қалаудың екі қабатын да байланыстыратын арматуралық тор-байланыстары
салынады.
4.7.3.10 Биіктіктің бойымен дәл осындай қадаммен жобада қарастырылған
анкерлердің көмегімен көтергіш ішкі конструкцияларға (қабырғаларға немесе
қақпабағаналарға) қалау бекітіледі.
4.7.3.11 Ғимараттың әр қабатының асылмалы қабырғаларын қалау жұмыстарын
аражабын плитасының (беларқаның, арқалықтың) астына қалыңдығы 30 мм көлденең
деформациялық жік салумен аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |