Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет108/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
105 
4.7.4 Көп қабатты қабырғалардың беткі қабатының конструкциясына және 
материалдарына қойылатын талаптар
 
4.7.4.1 Ғимараттар қасбеттеріндегі аражабын деңгейінде биіктігі бойынша кем 
дегенде үш қабаттан кейін су тойтаратын ернеу орнату қажет.
Ернеулердің ұзындығы – кемінде 50 мм, үш қабаттан кейін орнатқан жағдайда – 150 
мм кем емес.
4.7.4.2 Сыртқы жіктерді бір деңгейлеп немесе сыртқы білікшемен әшекейлеу керек. 
4.7.4.3 Алдыңғы қабат қалауының төменгі қатарының тірек конструкциясынан 
асылып шығуы 15 мм артық болмауы керек.
4.7.4.4 Алдыңғы бет кірпіштерін қабырға жазықтығынан бір-біріне қарай 
жақындатуға рұқсат етілмейді.
4.7.4.5 Құрылыс жағдайларында аражабын плитасының сыртқы шетжағына 
керамикалық плитканы, аралап кесілген кірпішті немесе басқа да сәндік элементтерді 
желімдеуге, сондай-ақ сылайтын арматураланған қабатпен 40 мм артық ұзартуға 
болмайды.
4.7.4.6 Аражабын шетжағына сәндік элементтерді тек қана қалыпқа жобада 
қарастырылған бекіткішпен бетон құйғанға дейін ғана орнатуға болады. 
Үш қабатты қабырғалардағы қаптама қабатына кондиционерлерді, байланыс 
«тәрелкелерін», кергіштерді және осыған ұқсас материалдарды орнатуға тыйым 
салынады. Олардың қабырғаның көтергіш бөлігіне бекітілу тораптарын жоба бойынша 
жасайды.
4.7.4.7 Көлденең және тік деформациялық-температуралық жіктер және олардың 
арасындағы үш қабатты қабырғалардың алдыңғы бетіндегі ара қашықтығы жобада 
қарастырылады.
4.7.4.8 Үш қабатты қабырғаларда қаптама және ішкі қабаттарды байланыстыру үшін 
4 дана/м

кем емес көлемде иілгіш байланыстар және қосымша байланыстар – бұрыштарда 
және ойықтардың жанында қарастырылу керек. Байланыстарды қабырға бетіне тік 
бұрышпен орнатады; олардың иілген немесе жуан жерлері (полимер материалдары үшін) 
болу керек.
4.7.4.9 Ерітінді жігіне анкерлеу тереңдігі – жоба бойынша, материалы – тот 
баспайтын тоттануға төзімді болат.
4.7.4.10 Қалаудың сыртқы қабаты В2 төмен класс бетондарынан иілгіш 
байланыстардың көмегімен бекітілетін ішкі қабатты қалау үшін керамикалық және 
маркасы М50 төмен басқа да тастарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
4.7.4.11 Қабырғалардың айқасқан жерлеріне қалаудың ішкі қабатына әр жаққа кем 
дегенде 1 м енгізілетін көлденең Т-үлгілі байланыс торлары орнатылу керек. Байланыс 
торларының қалаудың ішкі қабатындағы биіктік бойындағы қадамы 60 см артық болмауы 
керек.
4.7.4.12 Иілгіш байланыстардың көмегімен сыртқы қабат бекітілетін қалаудың ішкі 
қабаты қаңқаның тік элементтеріне бекітілу керек.
4.7.4.13 
Қалаудың 
ішкі 
және 
сыртқы 
қатарларының 
тік 
жіктеріне
ҚР ЕЖ 2.04-104 сәйкес желдету арналары орнатылу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет