Свод правил республики казахстан


Реконструкцияланатын және зақымдалған ғимараттардың тас



Pdf көрінісі
бет119/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

4.7.14 Реконструкцияланатын және зақымдалған ғимараттардың тас 
конструкцияларын күшейту
4.7.14.1 
Реконструцияланатын 
және 
зақымдалған 
ғимараттардың 
тас 
конструкцияларды күшейту бойынша жұмыстарды орындау жұмыс сызбаларына және 
жұмысты атқару жобасына (ЖАЖ) сәйкес жүргізіледі.
4.7.14.2 Тас конструкцияларын инъекциялар әдісімен конструкциялардың бұзылу 
дәрежесіне немесе көтергіш қабілетін арттырудың талап етілуіне қарай цемент-құм
құмсыз немесе цемент-полимер ерітінділердің негізінде күшейтеді. Цемент және цемент-
полимер ерітінділері үшін 32,5N беріктік класының немесе ГОСТ 10178 бойынша 


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
116 
ұнтақталу жұқалығы 2400 см
3
/г кем емес ПЦ400 немесе ПЦ500 маркалы портландцемент 
қолданылады. Цемент қамырының қалыпты қоюлығы 20 % - 25 % шегінде болуға тиіс. 
Инъекциялық ерітіндіні дайындау кезінде оның тұтқырлығы мен субөлгіштігін 
бақылап отыру керек. Тұтқырлығын ВЗ-4 вискозиметрінің көмегімен анықтайды. Ол 
цемент ерітінділері үшін (13 - 17) с, эпоксид ерітінділері үшін – (3 - 4) мин тең болуы 
тиіс. Ерітіндіні 3 сағат бойы ұстау арқылы анықталатын субөлгіштігі ерітінді қоспасы 
сынамасының жалпы көлемінің 5 % артық болмауы керек.
4.7.14.3 Тас конструкцияларын болат құрсаулармен (қамытты бұрыштамалармен) 
нығайту кезінде металл бұрыштамалары келесі тәсілдердің бірімен орнатылады:
- біріншісі – құрсаулар орнатылған жерлердегі нығайтқыш элементтің үстіне 
маркасы М100 төмен емес цемент ерітіндісі қабатын төсейді. Содан кейін қамыттары бар 
бұрыштамаларды орнатып болған соң қамыттарда (10 - 15) кН күшпен алдын ала 
керілістерді жасайды;
- екіншісі – бұрыштамаларды ерітінді пайдаланбай (15-20) мм саңылау жасап, болат 
немесе ағаш сыналармен бекітіп орнатады. Саңылауды қатты ерітіндімен нақыштайды, 
сыналарды алып тастайды және қамыттарды (30 - 40) кН дейін толық кереді.
Металл құрсауларды орнатудың екі тәсілінде де қамыттарды кергеннен кейін 
3 тәулік өткен соң толығымен кереді.
4.7.14.4 Тас конструкцияларын темірбетон немесе арматураланған ерітінді 
құрсаулармен нығайту кезінде келесі талаптар сақталуға тиіс:
- арматуралауды байланыстырылған қаңқалармен жүзеге асыру. Нығайту қаңқалары 
жоба жағдайында қалау жіктеріне шахматты түрде (0,8 - 1,0) м қадаммен қағылатын 
қапсырма шегелердің немесе ілмектердің көмегімен бекітіледі. Жалпақ қаңқаларды 
кеңістіктік қаңқаларға қолмен нүктелі дәнекерлеу арқылы байланыстыруға рұқсат 
етілмейді;
- қалыптау үшін құрастырмалы-жылжымалы қалыптарды пайдаланады, қалыптың 
қалқандары бір-бірімен қатты жалғанып, жалпы конструкцияның тығыздығы мен 
өзгеріссіздігін қамтамасыз ету керек;
- бетон қоспасын тегіс қабаттармен төсеп, қалаудың нығайтылатын жерінің 
монолиттілігін бұзбай дірілдеткішпен тығыздау қажет; 
- бетон қоспасының конусы (5-6) см шөгуге, қиыршықтас фракциясы – 20 мм 
аспауға тиіс;
- құрсаулардың қалыптарын бетонның беріктігі жобалық беріктіктің 50 % жеткеннен 
кейін шешіледі.
4.7.14.5 Тас қабырғаларды сылақ қабаты бар болған жағдайда, болат жолақтармен 
нығайту кезінде оған тереңдігі сылақ қабатының қалыңдығына тең және ені 20 мм металл 
жолақтың еніне тең көлденең кемерлерді салу керек.
4.7.14.6 Тас қабырғаларды ішкі анкерлермен нығайту кезінде қабырғадағы 
анкерлерге арналған саңылауларды ерітіндімен инъекциялау қажет.
Анкерлерге арналған негізгі ұңғымаларды жарықтарының ашылу ені (0,3-1) мм 
болған жағдайда (50-100) см қадаммен және жарықтары 3 мм және одан артық ашылған 
жағдайда – (100-200) см қадаммен шахматты түрде орналастыру керек. Ұсақ 
жарықтардың шоғырланған жерлеріне қосымша ұңғымалар орнатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет