Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет35/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
31 
4.2.15 Қалыптау жұмыстары 
 
4.2.15.1 Бетон және темірбетон конструкцияларын жасау кезінде қалыпты таңдап алу 
үшін:
- қалыптың дайындалу және монтаждалу дәлдігі;
- қалыпты шешкеннен кейінгі бетон бетінің және монолитті конструкцияның сапасы; 
- қалыптың айналымдылығы қарастырылады.
4.2.15.2 Қалыптың жиынтықтылығы тұтынушы тапсырысымен анықталады.
4.2.15.3 Қалыптауды есептеуге арналған мәліметтер мен жүктелерді Е қосымшасы 
бойынша қабылдау қажет. 
4.2.15.4 Қалыпты орнату және қабылдау, монолитті конструкциялардың қалыптарын 
шешу, тазалау және майлау кезінде әрекеттегі нормативтік техникалық құжаттардың 
талаптарына сәйкес және ЖАЖ талаптары сақталуға тиіс.
4.2.15.5 Қалыпты сынау қалыпты әзірлеуші-кәсіпорын әзірлеген бағдарлама мен 
нұсқаулық бойынша жүргізіледі. 
Бетондауға дайындалған қалыпты акт бойынша қабылдау керек.
Бұл жағдайда металл жұмыс беттері ГОСТ 9.014 бойынша консервациялану керек.
4.2.15.6 Бетонмен жанасатын қалыптың беті бетон қоспасын төсер алдында майлану 
керек. Жағармайды мұқият тазартылған бетке жұқалап жағу керек.
Пайдаланылған құрамы белгісіз машина майларынан жасалған жағармайды 
қолдануға жол берілмейді.
4.2.15.7 Көлемді конструкциялардың қалыптары мен арматурасын бетондау алдында 
оларды қар мен қызылсу мұзынан сығылған (оның ішінде ыстық) ауамен тазарту қажет. 
Арматураны бумен немесе ыстық сумен тазартуға және жылытуға жол берілмейді.
Қалыптың сапа көрсеткіштері және қалыпты шешу кезіндегі бетонның жол берілген 
беріктігі 10-кестеде келтірілген.
4.2.15.8 Қалыпты ішінара немесе ретімен шешу барысында аражабын аралығында 
аралық тіректерді орнату кезінде бетонның қалыпты шешу кезінде беріктігі төмендетілуі 
мүмкін. Бұл жағдайда бетонның беріктігі, аражабынның бос аралығы, тіректерді орнату 
күні, орны және тәсілі ЖАЖ бойынша анықталады және жобалау ұйымымен келісіледі. 
Барлық қалып түрлерін бетоннан алдын-ала ажыратқаннан кейін шешу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет