Свод правил республики казахстан


Сұйықтық сақтайтын қойма конструкцияларын сынау және



Pdf көрінісі
бет76/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 
4.4.14.3 Сұйықтық сақтайтын қойма конструкцияларын сынау және 
жұмыстарды қабылдау
4.4.14.3.1 Мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған сұйықтық сақтайтын қойманы, 
газгольдер сұйықтық сақтайын қоймасы мен су айдауыш мұнара бактарын сынау үшін 
жобада белгіленген биіктікке дейін су құйылады.
4.4.5.14.2 Құбылмалы шатырлары мен қалқыма көпірлері бар сұйықтық сақтайтын 
қоймаларды гидравликалық сынау кезінде тығыздайтын жапқыштар қолданылмайды және 
сырғымалы сатының, дренаж құрылғының, бағыттайтын тіректердің жұмыстары 
қадағаланады. Гидравликалық сынақтарды өткізу кезінде құбылмалы шатырлар мен 


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
74 
қалқыма көпірлердің көтерілу (төмендеу) жылдамдығы пайдаланылмалы жылдамдықтан 
артық болмауы керек.
4.4.14.3.3 Қысымы төмен сұйықтық сақтайтын қоймалардың беріктігін және 
тұрақтылығын сынау кезінде, егер жобада басқа нұсқау берілмеген болса, артық қысым 
жобалық мөлшерден 25 % артық, ал вакуум жобалық мөлшерден 50 % артық болу керек
жүктеме түсіру ұзақтығы – 30 мин. тең болуға тиіс.
4.4.14.3.4 Қысымы аса жоғары сұйықтық сақтайтын қоймаларды сынау кезінде олардың 
конструктивті ерекшеліктерін ескере отырып, жобада келтірілген талаптар сақталады.
4.4.14.3.5 Сұйықтық сақтайтын қойманың және су айдауыш мұнара багінің тұрақты 
шатыры суға толтырылған сұйықтық сақтайтын қоймада жобалық мөлшерден 10 % асатын 
қысыммен сыналады. Қысымды люктары мен штуцерді жауып қойып сұйықтық 
сақтайтын қойманы үздіксіз суға толтыру арқылы немесе сығылған ауаны айдамалау 
арқылы құрады.
4.4.14.3.6 Дымқыл газгольдерді екі кезеңмен сынау қажет:
- газгольдер сұйықтық сақтайтын қойманы мен газ кірмелерін гидравликалық сынау;
- газгольдерді толығымен сынау.
4.4.14.3.7 Гидравликалық сынақты жүргізу кезінде ауа температурасы 5 

С және 
одан жоғары болуға тиіс. Сұйықтық сақтайтын қоймаларды қыс мезгілінде сынау қажет 
болған жағдайда құбырлар мен ысырмаларда судың қатып қалуына, сондай-ақ – сұйықтық 
сақтайтын қоймалар қабырғаларының мұзға айналуына жол бермейтін іс-шаралар 
қабылдану керек.
4.4.14.3.8 Газгольдер сұйықтық сақтайтын қойманы гидравликалық сынаумен қатар 
газ кірмелеріндегі дәнекерленген жіктердің саңылаусыздығын тексеру қажет. 
Сұйықтық сақтайтын қойманы сынау барысында қоңырауда вакуумның пайда 
болуына жол бермейтін жағдайлар жасалу керек.
4.4.14.3.9 Сұйықтық сақтайтын қойма суға толған сайын конструкциялар мен 
дәнекерленген қосылыстардың жағдайын қадағалап отыру керек.
Түбінің жиектемесінен судың ағуы немесе айнала тегістеме бетінде, сонымен қатар 
газгольдерлердің газ кірмелерінде дымқыл дақтар байқалған жағдайда сынақты тоқтатып, 
суды құйып алу, судың ағу себебін анықтау және жою қажет.
Егер сынақ барысында қабырғада тесіктер, ағыстар немесе жарықтар (ақаудың 
мөлшеріне қарамастан) анықталса, сынақ тоқтатылып, су құйып алынады:
- І белдеуде ақау анықталған жағдайда – толығымен;
- II-VI белдеулерде ақау анықталған жағдайда –ақауды орналасқан жерінен бір 
белдеу төмен; ақау VII және одан жоғары белдеуде анықталған жағдайда - V белдеуге 
дейін.
4.4.14.3.10 Жобалық белгісіне дейін суға толтырылған сұйықтық сақтайтын 
қойманың гидравликалық қысымын осы жүктеменің төмендегідей көлемінің астында 
(артық қысымсыз) ұстай отырып, сынайды, м
3
:
- 20 дейін және одан жоғары
24 сағ; 
- 20 жоғары
72 сағ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет