ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
78
4.4.15.1.2 Кергіштерді,
МК (металл конструкциялары) сызбаларында осы
жұмыстарды монтаждау алаңында жүргізу мүмкіндігі ескерілген жағдайларды
қоспағанда, мамандандырылған дайындаушы зауытта жасау және сынау қажет.
Арқандар 4.4.1.9.1 талаптарына сәйкес алдын ала керілу керек.
4.4.15.1.3 Діңгектердің кергіштерін бүтіндей сынау, ал МК сызбаларында мұндай
талап қойылмаған жағдайда – жекелеген жерлермен (осьтері және байланыстыру
буындары бар) арқанның жалпы үзілу күшінің 0,6 тең күшпен сынау керек.
4.4.15.1.4 Кергіштер МК сызбаларының талаптары бойынша монтаждау алаңында
жасалып сыналатын жағдайларды қоспағанда, оларды монтаждау орындарына арқанының
диаметрі 42 мм дейін және ұзындығы 50 м дейін кергіштерді ішкі диаметрі 2 м құрайтын
орамаларда, ұзындығы 50 м асқан жағдайда – диаметрі 2,5 м атанақтарға оралған күйде, ал
арқандардың диаметрі 42 мм асқан жағдайда – диаметрі 3,5 м құрайтын атанақтарда
тасымалдайды. Бұл жағдайда кергіштерді сынау стендінен бүктемей жылжытады.
4.4.15.2 Конструкцияларды көтеру және орнату
4.4.15.2.1 Тірек оқшаулағыштары бар діңгектерді уақытша тіректе (МК
сызбаларында қарастырылған) монтаждағаннан кейін оқшаулағыштарды бүкіл діңгекті
монтаждаған соң тұрғызу қажет.
Мұнаралар белдеулерін және діңгектердің габаритті емес секцияларын көтергенге
дейін жанасатын жерлер осьтерінің түзу сызықтығын немесе жобалық сыну бұрышын,
сондай-ақ ернемек жазықтықтары мен олардың ішіндегі бұрамаларға арналған
саңылаулардың бір-біріне сай келуін тексеру мақсатымен іргелес монтаждау элементтерін
ретімен жинақтау қажет. Бұрамалармен тартылған шентемір түйіспесіндегі қалыңдығы
0,3 мм қуыс бұрғы белдеу құбырының сыртқы диаметріне дейін 20 мм жетпеу керек, ал
шентемір шеңберінің бойындағы сыртқы жиек жанындағы жергілікті саңылау 3 мм артық
болмауы тиіс.
4.4.15.2.2 Бетонға 50 % жобалық беріктікке жеткеннен кейін мачтаны монтаждауды
және мұнара секцияларын орнатуды жалғастыруды жүргізеді.
4.4.15.2.3 Діңгек немесе мұнараның кезекті секциясын көтергенге дейін үстіңгі
ұштарындағы тығындар № 4 битуммен шентемір жазықтығымен бірдей деңгейге дейін
бітелуге, ал ернемектердің жанасатын жазықтықтарға – сол маркадағы битум жағылуға
тиіс. Бұл жұмыстардың орындалғандығы жасырын жұмыстарды куәландыру актісімен
рәсімделу керек.
4.4.15.2.4 Ернемек қосылыстарындағы бұрамаларды екі сомынмен бекіту қажет.
4.4.15.2.5 Діңгек құрылыстарындағы кергіштерге және мұнаралардағы тордың алдын
ала кернелген қиғаш тіреулеріне арналған керу құрылғыларының өлшеу құралының
белгіленуі туралы құжаттары бар төлқұжаттары болуға тиіс.
4.4.15.2.6 Тұрақты кергіштердің немесе уақытша тартқыштардың бекітілген
жерлерінен жоғары орналасқан діңгек ұңғысы секцияларын төмен жатқан сөре кергіштері
толықтай жобада бекітілгеннен және монтаждалып керілгеннен кейін орнатады.
|