Спорт жаттықтыруларының əдістері
Бірінші топ əдістері. Бірінші топ əдістері қозгалыс əрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты қатаң шектелген жаттығулар, ойын жəне жарыс жаттығулар əдістері деп бөлінеді. Екінші топ əдістері. Жарыс жатығуларының техникасын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты бүл топтың əдістері: бөлшектеп үйрету эдістері (жаттығу күрделі, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш кететін жағайда қолданьшады); тұтас үйрету əдістері (жаттығу қарапайым, үйреніп, жетілдіруге
көп уақыт, күш керек етілмейтін жағайда қолданылады).
Үшінші топ əдістері. Ағзаның қызметтік мүмкіншіліктерін жақсартуға əсер ететін əдістер: жеке, тандап əсер ету əдістері, арнайы ағзаның жеке функциялары мен механизмдерінің қызметтерін жасартуға қолданылады.
Төртінші топ əдістері. Жарыс əрекетін үлгілеу əдістері жарысқа үқсата ұйымдастырылған жағдай кезінде қолданылады. Жарыс əрекетінің үлгілерін жеке қозғалыс əрекетін жетілдіруге немесе толық үлгілеу кездерінде қолданылады.
Бесінші топ əдістері. Спортшыларды дайындау түрлерінің ерешеліктеріне байланысты спорттықжаттықтыруда мынандай дайындық жақтарын дамыту əдістері қолданылады: дене қуаты; техникалық; тактикалық; психологиялық; теориялық.
Қозгалыс техникасын жетілдіру үшін жалпы педагогикалық: көрнекі көрсету жэне сөз қолдану əдістері жаттықтыру сабақтарында кең қөлемде пайдаланылады.
Спорт жаттыктырулары дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық жəне теориялық дайындықтар деген спортшы дайындығының жақтарынан күралады.
Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен
жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарылатуға, дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы жэне арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене қуаты дайындыгы алдыңғы жəне негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады.
Жаттыктыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене қуаты дайындығы жүргізіледі.
Техникалық дайындық. Техникалық дайындық деп жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті - спорттүріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдьшану.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындауы керек:
Техника нəтижелілігі - жарыс жаттыгу техникасының нəтижелі орындалуы.
Тиімділігі - биомеханика зандылықтарына сай тиімді қозғалыс құрылысын орындау.
Тұрақтылығы - тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетуге бағыт-талган қозғалыс техникасын құрастыру.
Бейімділігі - спортшының жетілдірілген қозғалыс техникасын барлық жарыс жағдайында орындай алуы.
Үнемділігі - энергияны неғұрлым аз жұмсайтын қозғалыс құрылысы
Тактикалық дайындық. Тактикалық дайындық дегеніміз, жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын əдіс- амалдарды, айла-тəсілдерді қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен түрады: спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау; осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай əр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларда
қайталау; арнайы кітаптар оқу, əңгіме өткізу; бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.
Психологиялық дайындық. Спортшыга жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тəрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз. Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады: 1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш азамат ретінде тəрбиелеуге бағытталған. 2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бүл арнайы дайындық - жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған.
Спорттагы психодиагностика əдісі — КБС (К - көңіл күйі, Б - белсенділік, С - сергектік) əдістемесі бойыңша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейін əр түрлі аспаптар, тəсілдер арқылы анықтау.
Теориялық дайындық. Теориялық дайындық кезінде спортшыларға дайындық жактарының заңдылықтарын, олардың əдістемелерін үйретеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |