Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет19/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Дəрістердің тезистері


Дене тəрбиесі пайда болуының жəне дамуының негізгі себептері
Қоғамдық құбылыс есебінде дене тəрбиесінің пайда болуы мен бастапқы дамуы халықтардың тұрмысы мен санасына байланысты белгілі мақсатты шешу болды. Дене тəрбиесінің пайда болуы адамзат қоғамымен бірге жасап келеді. Ол объективтік (мінез – құлық, өндіріс деңгейі т.б.) жəне субъективтік (адам санасы) факторларға негізделген (сурет 1). Мындаған жылдар бойы ептілікте жануарлармен күш сынасқан. Бұл «сайыста» табысқа бүкіл аншылар тобынан жан жақты дайындығы бар адамдар жеңіске жете алатын.
Найза, тас, таяқша лақтыру жəне т.б. еңбек құралдарын пайдалану, арқылы қозғалыс дағдыларын игереді. Аң мұндай қозғалысқа дағдылануы келе – келе кəсіби қызметіне айнала бастады. Алайда өндіріс пен күнделікті тіршілік адамдардың шынығуын қажет етуі дене тəрбиесінің одан ары дамуына ықпалын тигізеді. Адам бір нəрсені үнемі жаттығып үйренуге саналы түрде баруы қажет болады, сонымен бірге еңбек процесінде қолданылатын құралдарын тиімді игеру үшін алдын ала қажетті дене дайындыығын маңызын түсінуі керек болады. Осы жайды түсіне келе адам еңбек процесінен тыс кездерде де тіршілікке қажетті қимыл қозғалыстарды қайталап отырған. Осы кезден бастап ол қимыл қозғалыстар дене жаттығуларына айналып арнайы шұғылдануды бастаған. Еңбек еткендегі қозғалыстардың дене жаттығуларына айналуы, оның адамға əсер ету ауқымен өлшеусіз кеңейтті, сонымен қатар денені жан – жақты жетілдіру мүмкіншілігін туғыздырады. Сөйтіп, еңбек құралын дайындау жəне оны қолданудағы жинақталған тəжіребе дене жаттығуларының пайда болуының объективті себептеріне айналады.
Адам бойындағы еңбек процесінің негізінде қалыптасқан қозғалыс дағдылары келе – келе дене тəрбиесінмен мақсатты түрде шұғылдануға жеткізді. Бұл əуелгі кезде дағдыны үйреніп еліктеу жүзеге асырылады. Балалар ата –атааналары аң, балық аулау кезіндегі орындалған еңбек қозғалыстарына бейімделіп үйрене бастады. Дегенмен, еліктеу тəрбие деп сипатталғанымен адамдар арасындағы процесі емес еді. Оның себебі, тəрбие тек қана адамдар саналы түрде отбасының, қоғамның қажеттілігіне сай мінез құлықты қалыптастыруға, ойластырылған іс – қимылға бірін – бірі тарту кезінде пайда болды.
Дене тəрбиесінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, дене тəрбиесінің ең басты құралдарының бірі дене жаттығуларының өзгеуіне де əсерін тигізді. Мысалы, кейбір жаттығулардың орындалу түрлері өзгеріп жатса енді біреуі жойылып орнына жанасы пайда болып жатады. Бұл өзгерістер екі себептен: - біріншіден, қоғамның материалдық өмірінің дамуы кезендерінде адамнан қозғалыс дағдыларының талап етілуі. Екіншіден, дене тəрбиесі жөніндегі ғылымның дамуы,
адам қозғалыс қызметіндегі заңдылықтарды теренірек таңуы, бұрын адам өмірінде кездеспеген дене жаттығуларын жасау, адамға жағымды əсер ететін тиімді құралдарды іздестіру. Дене тəрбиесінің дамуы жаттығулардың түрлерін көбейтті.
Дене тəрбиесі жүйесінің негізгі түсініктері
«Дене тəрбиесі», «спорт», «дене шынықтару» т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу үшін ең əуелі оның ғылыми теориялық анықтамасын талап етеді.
Дене тəрбиесі негізі 2 бөлімнен тұрады: біріншісі спорт, бұл жеке бастын белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып кəсіпке айналдыруы. Екіншісі дене шынықтыру. Бұл жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене тəрбиесі» «дене шынықтыру» деген түсігініннен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып есептеледі. «Дене тəрбиесі» педагогикалық процесте үш бағытқа бөлінеді: жалпы дене тəрбиесі, кəсіптік бағыттағы дене тəрбиесі, спорттық бағыттағы дене тəрбиесі.
Соңғы кездерде, арнайы спорттық əдебиеттерде жиі кездесетін түсініктердің бірі «физикалық рекреация» дегеніміз белсенді демалысты қамтамассыз ету, адам бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына келтіру үшін басқа бір іспен айналыса отырып, дене тəрбиесінің тағы бір міндетінт шешуді көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет