Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет20/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

«Физикалық реабилитация» дегеніміз денені қайта қалпына келтіру деп түсінуге болады. Дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақаталып, якни болмаса басқа аурулармен ауырып уақытша жоғалтқан адам организмінің мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалануын көрсетеді.
«Дене шынықтыру мəдениеті» жекеден жалпыға сияқты
«мəдениет» деген түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда дене шынықтыру халық мəдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене тəрбиелеу мəдениеті адамның өзінің денесін дамытып өзгерту жолындағы қызметтің нəтижесі жəне осы жолдағы процесс деп ұғынамыз.
Дене шынықтырудың құрамдас бас бөлігі спорт болып табылады. «Спорт» ұғымының екінші бір жағына тоқталатын
болсақ, ол адамдардың дене кызметі үшін қоғамыздағы қалыптасқан материалдық жəне рухани байлықтарды игілігіне дарыту деп билеміз.
Спорттың басқа да функциялары жетілікті. Біріншіден – спорт өз алдында тəрбиелік жағына дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді шеше отырып, кызмететеді. Екіншіден, спорт - өндірістік қызметке жатпайды, жəне материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысы жоқ.
«Жасөспірімдер спорты» деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобыменен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың қатысуына байланысты.
«Мектептегі спорт» деген түсінік қатысушылардың жас белгілеріне қарағанда «балалар спортына» сəйкес. Бұл екі түсініктің айырмашылығы «балалар спортын» мектептерде жəне мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» тек мектеп қана ұйымдастырады.
Балалардың дене тəрбиесі бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет