Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Қазақстан Республикасының дене мəдениеті жұйесінің негіздері



бет25/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Қазақстан Республикасының дене мəдениеті жұйесінің негіздері


Əлеуметтік экономикалық негіздері. Дене тəрбиесі жүйесі қоғамдағы экономика, саясат, ғылым жəне мəдениет
саласындағы жүйелермен тығыз байланыста. Қоғамдық қатынастардың көрінісінің бір сферасы есебінде, ол сол жүйедегі жүріп жатқан өзгерістер əсерімен дамып отырады. Дене тəрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігі осы байланыстардың нақты негізінің бірі болғандығынан. Алайда қоғамдық өндіріске ол қосымша жолдар арқылы əсер етеді. Бұл жүйе тікелей қоғамдық өнім жасауға араласпайды. Бірақ ол осы сфераға өндірістік қатынастардың субъектісі – адам арқылы аралық əсер етеді.
Өзінің əртүрлі формалары арқылы дене тəрбиесінің жүйесі адамның əлеуметтік қызметінің барлық негізі түрлеріне қатысты. Бұл адамның қозғалыстағы биологиялық қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге əлеуметтік – жеке түлғаның қалыптасуын, қоғамдық қатынастардың жетілуінде қанағаттандырады. Адамның денесінің дамуы биологиялық заңдарға бағына отырып табиғи жолмен де жүзеге асатындығы мəлім.
Қоғамның əлеуметтік – экономикалық даму деңгейі жоғары болған сайын, оның азаматтарына дене шынықтырудың байлықтары толықтай беріледі, дене тəрбиесі мақсаттарына жұмсалатын ұлттық табыстың бөлігі де жоғары болмақ, денсаулық деңгейі жəне адамдардың жасалуы да ұзақ болмақ.
Экономикалық жағынан дене тəрбиесі жүйесі дамыған материалдық жəне материалдық емес өндірісі бар халық шаруашылығының бір бөлігі есебінде көрінеді. Материалдық өндірісінің сала қызметкерлерінің еңбеғі заттай материалдан формаға ие болады:спорт құрылыстары, құрал-жабдық, аяқ- киім, киімдер. Бірақ бұл сфера адамдардың денесінің жетілдіруіне бағытталған, өндірістік емес дене тəрбиесінің басты сферасына қарағанда қызмет көрсету сыпатына ғана ие.
Құқықтық негіздері. Еліміздегі дене тəрбиесінің жүйесі, оның қалыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір нормативтік құжаттарға, актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың əртүрлі заң күші бар /қаулылар, заңдар, жарлықтар, нұсқаулар/. Олардың ішінде еліміздің жаңа 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған конституциясының алар орны ерекше /29 бап/. Бұл бапта Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқылы екендігі бекілген. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1995 жыл 24 карашадағы №1593 Қаулысында спортты жəне дене тəрбиесін нақтылы шаралары белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет