Əдістемелік негіздері дене тəрбиесінің заңдылықтарын жəне оқыту мен тəрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жөніңдегі тиісті ұмыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың əрбір əлеуметтік тобымен жаттығудың əдістері мен формаларын ұйымдастыруды, құрал жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
Бағдарламалық – нормалық негіздері тұрғын халықтың дене дамуымен бірге білім деңгейіне қойылатын үш сатылы өзара байланысты талаптар жүйесінде көрсетіледі. Дене тəрбиесінің бірыңғай мемлекеттік бағдарламасы балалар бақшалары мен яслилерінде жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы жəне жоғары оқу орындарында өткізілетін дене тəрбиесінің ең төмеңгі міндетті көлемін анықтап, белгілейді.
Дене тəрбиесі мен спорт саласына қатысты негіздердің бір мысалы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жыл
24 маусымындағы №774 қаулысын атауға болады. Осы қаулының 1-бабында Еліміздегі халықтардың дене тəрбиесіне қатысты даярлығын Президенттік сынамалары арқылы анықтау Ережелері бекітіліп 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енгізілсін делінген.
Спорттык – бірыңғай классификациясы дене тəрбиесі жүйесінің бағдарламалық, мөлшердік негізінің ең жоғары, қорытынды сатысы болып табылған. Ол елдің барлық спорт ұйымдары үшін спорттық разрядтар мен атақтарды беру ережелер мен қағидаларын, сонымен қатар спорттың əр түрінен спортшылық дайындығына қойылатын бірыңғай мөлшерлер талаптарды белгілеген.
Спорттық классификацияның негізгі мақсаты: спортпен көпшілікті қамту, спортшыларды жан-жақты тəрбиелеу, олардың дайындық сапасын арттыру жəне осы негізде жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ету.
Ұйымдастыру негіздері. Дене тəрбиесі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлекеттік, өзін-өзі туындаған қоғамдық жəне басқару органдарының біртұтас байланыстылығынан құралады. Бұл байланыс дене тəрбиесі жүйесінің бірыңғай мақсаты.
Дене тəрбиесі жүйесіне қатысты мемлекеттік жəне қоғамдық мекемелердің бұндай бірлігі мынадан құралады: спорт құрылыстарын салуға қаржы бөлу жəне бұрын соңды салынған құрылыстарды тиімді пайдалануынан, спорт құрал – жабдықтарын тегін жəне төлем арқылы пайдалануынан, мамандар даярлаудың мемлекеттік жетілген жүйесінен, дəрігерлік дене шынықтыру қызметінің болуынан, дене жаттығуларымен айналысудың қажетті жағдайыесебінде еңбекшілердің бос уақытының үнеміесеп отыруынан.
Достарыңызбен бөлісу: |