Модуль № 2 Дене тəрбиесінің қағидалары, қуралдары жəне үйрету тəсілдері
Пререквизиттер (кірісудің сипаттамасы): педагогика, психология пəндерінде дидактикалық қағидалар, əдістер, оқыту үдерісі туралы білімдер.
Интегралдық дидактикалық мақсаты: Дене тəрбиесі үдерісінде қолданатын дидактикалық қағидаларды, құралдарды, əдістермен ідістемелік тəсілдерді анықтау.
ОЭ - 1
Дəріс № 1
Тақырып: Дене тəрбиесінің қағидалары Мақсаты: Дене шынықтыру үдерісінде дене тəрбиесі қағидаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар:
Қағида дейтің түсінік жəне оның түрлері
Қатынас қағидалары /белсенділік жəне саналылық/
Бағалау қағидалары /ғылыми, беріктілік, жекелік/
Сəйкестік қағидалары /қол жетерлік, корнекілік/
Құрылым қағидалары /қайталау, жұйелілік, реттілік/
Қағида деген түсінік жəне оның түрлері
Педагогикалық ғылымда қағидалар деп педагогикалық процестердің заңдылықтарын ашып көрсететін аса маңызды бастапқы ережелерді, мұғалім жəне оқушы қызметін басқаратын қағидаларды айтады.
Дене тəрбиесі жүйесінің сипаттамасында «қағидалар» түсінігі, күрделі əлеуметік- педагогикалық құбылыстың жетекші заңдылықтарының өмір сүретіндігін ашып көрсету жүзеге асырауда оларды басшылыққа алу əрбір мұғалім міндетті.
Дене тəрбиесі жүйесінің қағидаларынан бөтенде, тек педагогикалық процесс заңдылықтарын ғана көрсететін қағидалар да болады. Дене тəрбиесінің теориясында олар дене тəрбиесінің қағидалары деп аталады. (кейде, əдістемелік қағидалар деп аталуы мүмкін).
Дене тəрбиесі педагогикалық процесс есебінде сипаттайтын заңдылықтардың көптүрлігіне байланысты. Оның қағидалары өзара байланысты топтарға бөлінеді: оқыту қағидалары, немесе арнаулы білім мен қозғалыс дағдыларының заңдылықтарды қалыптастыратын қағидалар, дене мүмкіншіліктерін тəрбиелейтін қағидалар, немесе күшті, шапшандықты, т.б. артыратын, сонымен бірге заңдылықтарды ашатын қағидалар, дене жаттығуларымен айналысу кезінде жеке тұлға есебінде баланы тəрбиелеу қағидасы.
Оқыту негізінде заңдылықтар өзінің қызмет ету мүмкіншіліктері бойынша бірыңғай емес. Осыған сəйкес оқыту қағидаларының өзара байланысты төрт топқа бөлу жөн болады. Олар, қатынас қағидалары, құрылым қағидасы. Қағида топтарының атау шартты болады, бірақ мұғалімдерді педагогикалық міндеттерді шешуде олардың игерген қағидаларының қызмет ету мүмкіншіліктерін қолданып бағыттауға арналған. Сонымен қатар қағидалардың əрқайсысының атауы педагогикада жəне дене тəрбиесі теориясында қалыптасқан терминологияға қарсылық келтірілмейді.
Балалардың оқуға деген саналы түрде жəне белсенді көзқарасты қалыптастыру қажеттілігі саналылық жəне белсенділік қағидаларында қаралған. Функционалды мүмкіншіліктерінің ұқсатығы негізінде оларды көзқарас қағидалары тобына біріктірген жөн.
Оқу процесінің нəтижесін нақты бағалау қажеттілігі беріктік жəне ғылыми қағидаларында қарастырылған. Функционалды мүмкіндіктерінің ұқсастығы негізінде сұрыптау бағалау қағидалар тобына бірігеді. Баламен жеке, жыныстық жəне жас ерекшіліктеріне сəйкес оқытуды жүргізу қажеттілігі жекелілік, тиімділік жəне көрнекілік қағидаларында қарастырылған. Белгілі қызмет ету мүмкіншілігінің ұқсастығы негізінде оларды сəйкестік қағидалар тобына біріктірген дұрыс.
Оқу материалдарының ең тиімді құрылымын жасау қажеттілігі қайталау, жүйелілік, реттілік жəне бірте- біртелік қағидаларымен қарастырылған. Бұлар функционалды мүмкіншіліктердің ұқсастық негізінде құрылым құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |