Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Қатынас қағидалары /белсенділік жəне саналық/



бет32/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Қатынас қағидалары /белсенділік жəне саналық/


Қағидаларды жүзеге асыру шағында үйренуші балалардың мына сұрақтарға жауап беретіндей дəрежеге жеткізу міндет: Дене жаттығулармен айналысу неге қажет? дене жаттығуларының қайсысын орындау керек? дене жаттығуларын қалай орындау керек? Неге тек осылай ғана орындау қажет? Бұндай сұрақтарға жауапты балалар оқу процесінде дейділі ұйымдасқан жағдайда ғана ала алады.
Оқушының дене тəрбиесімен шұғылданудағы мақсатымен мұғалім алдындағы мақсатымен дəл келе бермейтіндігі түсінікті. Кейбір жағдайларда мақсаттардың дəл келетіндігі де жоққа шығарылмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларды сынаққа дайындау мақсатын өз алдына қояды, ал ол сынақты тапсырам деуші оқушылар оған дайындалады. Осындай ұқсастық өте қажет, бірақ оған қол жеткізу қиын, əсіресе жоғарғы қоғамдық маңыздылығы бар мақсат болса, онда ұзақ уақыт бойы тəрбиелік əсер етуді қажет етеді.
Екіншіден, оқушылар қойылған мақсатқа жету үшін шешуге тиісті оқу міндеттерін саналы түрде түсінуі керек.
Үшіншіден, қабылдайтын білім мен үйренетін жаттығудың қолданбалы бағасын оқушының түсінуіне қол жеткізу керек
Төртіншіден, жеке қимылдарды бөлектеуге жəне жинақтауға, қозғалысты, қимылды, қозғалыстың жеке өлшемдерін салыстыруда ақырғы нəтиже үшін олардың мақсатын түсіне білуге үйрете отырып, оқушылар санасын жетілдіретіндей оқытудың əдістерін пайдалану қажет.
Саналылық қағидасын жүзеге асырғанда төмендегідей кейбір ережелерді тұтастай сақтаған жөн: а) өз ісін түсіну жəне саналы қатынасты дамыту əдістері оқушының жас мүмкіншіліктеріне сəйкес келуі керек; б)оқыту процесіне оқушылардың саналы қатынасының ауқымын жоспарлы түрде, бірте-бірте кеңейту қажет.
Белсенділік қағидасы
Дене тəрбиесінің теориясында белсенділік екі жақта қаралады. Бір жағынан, белсенділік баланың мінез құлқының белгісі есебінде, екінші жағынан оқу ісінің сипаттамасы есебінде. Бұның өзі оқытуда потенциалды мүмкіншіліктерді
толық ашып көрсеуге мүмкіндік беретін, оқушы белсенділігін саналылығы арқылы дамыту маңызын шартты түрде көрсетеді.
Белсенділік принципін жүзеге асыра отырып, кейбір ережелерді сақтаған жөн:

  • қойылатын талаптар оқушы ұстаннатын мотивтер сипатын есепке алу керек;

  • оқушының белсенділігі оған қойылатын талаптардың тиімділігін тікелей байланысты екендігін білі;

  • белсенділікті арттыруға септігін тигізуде үйреніп жатқан қозғалыс қимылдар арасындағы сабақтастық байланысты оқушының саналы түрде түсінуі арқылы жетуі.;

  • қажетті белсенділікті қалыпты ұстау жəне арттыруға бала назарын тұрақты жəне шапшаң дамытудан бастау керек. Ол үшін механикалық жаттығуды қажет етпейтін оқушы санасын арттыратын үйретудің белсенді əдістерін жүгіну;

  • тек қана білім мен дағдыны меңгеруде емес, дағдыны қалыптастырудың өзінде де оны əртүрлі жағдайларда қолдану, қозғалыс қызметінің т.б. күрделі ситуациясында жағдайдан шыға білуде де белсенділік танытуға жəрдемдесу;

  • оқу- тəрбие процесінде əрбір оқушының белсенділігі ұжым қызметіне бағытталуы үшін ұйымдастыру керек екендігін білду;

  • оқушы белсенділігі мұғалімнің басшылық роліне қарама- қайшылық болмауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет