Дене тəрбиесінің кез-келген қолданылатын құралдары, оқыту əдістері жəне сабақ ұйыдастыру формалары бар қағидаларға жауап беретіндей болу керек. Бұл қағида мұғалімнің өзінін теориялық дайындығының мазмұнын үздіксіз жаңартып отыруды талап етеді. Ғылыми қағидасын жүзеге асыра отырып, төмендегі ережелерді ескерген жөн:
оқу материалдарын іріктеп алғанда ғылыми түсініктер мен фактілердің қазіргі жүйесінің бастауы есебінде пайдалану қажет;
ғылыми қағидаларды артық қысқартулардан басқаша түсіндіруден сақтану керек;
оқу процесіне зерттеу əдісін біртіңдеп енгізу керек. Бұл екі бағытта жүзеге асырылады: біріншіден, мұғалім эксперименті бақылауды, оқыту əдісін жетілдіру есебінде сынама жүйесін қолданылады, екіншіден, балаларды талдау жасатып үйрету, интеллектіні дамыту есебінде үйренетін материалды салыстыра алу. Болашақта оқыту əдісін ғылыми əдістермен жақындасу қажет;
Сөйлегенде тек ғылымда арнайы қабылданған терминологияны пайдаланған жөн.
Егер ғылыми қағиданың жүзеге асу деңгейін оқытудың өз барысы бағалайтын болса, беріктілік қағида оқушының тиісті жұмысқа дайындылығын бейнелейтін қорытынды нəтижені бағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыдағы айтылған қағидалар мынадын көрінеді. Біріншіден, үйренген қозғалыс дағдылары мен білімнің сақталуының қажетті ұзақтылығымен; екіншіден, стандартты емес жағдайда қажетті уақытта оларды пайдалану мүмкіншілігімен, сонымен қатар əуелде үйреніп алған дағдылар мен біліммен байланыстыруда; үшіншіден, өте күрделі оқу материалдарын алдағы уақытта игеру үшін қажетті алғысшарттар жасаумен көрінеді.
Беріктілік приципінің жүзеге асырылуы екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт- арнаулы білімдердің беріктік бағытын қалыптастыру.
Екінші бағыт – берік қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Қозғалыс дағдыларының беріктілігі көптеген факторларға тəуелді.