Үйрету тиімділігі оқушы мүмкіншілігіне сай таңдап алынған əсердің сəйкес келуіне байланысты. Үйретудің жекелілігі жалпы анықтамада оқушының жеке мүмкіншілігіне сəйкес оқу тапсырмаларын дифференциялау жəне оны шешу түрінде көрінеді (əдістер, жаттығуды ұйымдастыру түрлері т.б.)
Бұл заңдылықтар, жекелілік қағидасының мазмұнын анықтай отырып үш жағын анықтауға мүмкіндік береді: а) оқушының жеке ерекшіліктерінен оның даму болашағын көруге болады; б) баланың күшті жақтарына сүйене отырып, əлсіз жақтарын дамытуға; в) кез келген жекелілік қағидасын үйретудің жалпы заңдылықтары негізінде құрылуы тиіс.
Жекелілік қағидасы қазіргі балалардың даму деңгейін есепке алып отыруды қажет етеді.
Жекелілік жолдарын байланыстырудың негізгі қағидалары нақты типтік жекеліліктің ең кең көлемдегі дербес жекелілікке сүйенуді қарастырады, не болмаса бұл «типтік жекеліліктің ішіндегі дербестік» деген формула түрінде көрінеді.
Типтік жекелілік спорттық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі қажеттілік болып қала береді.
Сəйкестік қағидалары /қол жетерлік, корнекілік қағидасы/
Оқу жəне практикалық материалды игеру үшін қолайлы күш жұмсаған жағдайда ғана берілген тапсырма оқушының қасиеттернің дамуын тиімді түрде өз септігін тигізеді.
Қол жетерлік қағидасының негізідегі оқытудың бұл заңдылығы оқу тапсырмасы бала мүмкіндігінен алып кетпей даму эффектісін арттыруды талап етеді. Тиімділіктің ең маңызды құралы дене жаттығулары болып есептеледі: оның құрылымының күрделілігі, орындауға қажетті психофизиологиялық шығындар деңгейі, біртіңдеп жəне үздіксіз жасалатын қозғалыс- қимыл саны.
Артық дене жүктемелері адам органдары мен жүйсіне қажетсіз өзгерістер енгізіп жатқан жағдайда ол үлкен зиян келтіру мүмкін.
Оқу материалының тиімділік деңгейі, тұтастай оқу- тəрбие процесінің қойылуынан, мұғалімнің іс қимылымен оқушылардың мінез-құлқына тəуелді. Осыдан келіп тиімділік қағидасының басты ережесі туындайды: барлық өзге қағидалардың талаптарын орындағанда ғана өзге қағидалардың талаптарын орындағанда ғана тиімділік шаралары артпақ.
Бағдарламалық-мөлшерлік тиімділігі оқу материалдарының оқушыларға деген белгілі бір бөлігі үшін тиімділігін үшін бірыңғай мемлекеттік дене тəрбиесі бағдарламасының
көрсетілген. Дене тəрбиесінің төл құжаттарының бір болып есептелетін бағдарламада, көрсетілген оқу материалы, жаттығуды сауаттылық пен ұйымдастырған ретте оқушылардың тиісті бір бөліктері үшін тиімді болмақ.
Тиімділік қағидасын жүзеге асыру барсында дидактикалық ережелердің қатар жүруін қарастыру қажет.
Оқу тапсырмасының тиімділігін оны орындау үшін белгілі бір күш жұмсауды етуді қарастырады.
Қозғалыс қимылдарын орындау барысында берілетін информация көп болған жағдайда ол тапсырманың орындалуы да қиындай түседі.
«Жалпылама емес, көп нəрсені іздену қажет» Бұл педагогикалық шындықты оқу тапсырмасының тиімділігі деген мағынада түсінгеніміз жөн.
Дене жаттығуларының тиімділігін бағалай отырып, оның құрылымдық күрделілігі мен оны орындауға кететін психофизиологиялық күш жұмсауының жоғары деңгейін есепке алу қажет.
Қозғалыс қимылдарын үйрету тиімділігі тиісті дене икемділіктерін даму деңгейімен анықталады.
Тиімділік шараларын анықтай отырып, табиғи процесінің негізінде жəне үйрету барысында дамыған физикалық қасиеттер мен интелектуалдық жағынан болған даму процестерінің нəтижесін, оқушының дайындық кезінде ескеру дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |