Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет35/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Көрнекілік қағидасы


Көрнекілік қағидасында көрсетілген оқыту заңдылығы, обьективтік шындықты жəне тануды төмендегі ережелерден байқауға болады: «Даму тіршілігінен абстрактылы ойлауға жəне одан тəжірибеге айналу». Яғни ғылыми таным процесін оқыту кезіндегі таным процесімен салыстыруға болмайды.
Сезіммен қабылдауға сүйене отырып, оқушы үйренетін қимылдың сыртқы жақтарына ғана назар аударады, оның ойы бір жақты болып қалыптасуы мүмкін. Нəтижесінде психикалық процестердің деңгейі төмендейді, үйренем дейтін қимылдың заңдылықтары мен байланыстары туралы деректер мен түсініктер кең көлемде пайда болмайды.
Есту көрнекілігі жаттығудың ұзақтығы жəне қозғалыс екпіндігін, қимыл ретімен дыбыс арқылы қалыптастыру үшін дыбысты шығарып естіртудің əртүрлі əдістері қолданылады. Олар метроммен ритмді байқаттыру, дауыспен белгі беру, т.б. Қозғалыс көрнекілігі баланың қозғалыс қимылдарын орындау барысында, онда пайда болатын бұлшық ет сезімдерінің есебінен дене жаттығулары туралы түп-түсікті қалыптастырады.
Көрнекілік қағидасын жүзеге асырудың тиімділігі кейбір ережелерді сақтаған жағдайда ғана артпақшы:

    1. Оқытудың кез келген кезеңінде көрнекіліктің əртүрлі тəсілдерін тұтастай қолдану қажет. Бірақ, тұтастық өзара тепетендікті білдірмейді.

    2. Кері байланысты қолдану көрнекілік əдістерінің тиімділігін арттырады.

    3. Көрнекілік қағидасының əртүрлі жастағы балалардың психикалық дамуының ерекшіліктерін есептей отырып жаттығушылардың барлық жас топтарында жүзеге асыруға болады.

    4. Көрнекілік қағидасын жүзеге асыруда оқушының тəжірибесінде болған түсінік- түйсіктерге сүйенген дұрыс.

    5. Көрнекілік тəсілдері, қозғалыс қимылының сыртқы түрі арқылы бұлшық еттің жиырылуы жаттығудың динамикалық образын қалыптастыруға жəрдемдесуі керек.



Құрылым қағидалары /қайталау, жұйелілік, реттілік/ Қайталау қағидалары


Қайталау қағидасы қозғалыс дағдыларының бірте-бірте қалыптасуы жəне көп қайталау арқылы арнаулы білімнің қалыптасу тиімділігін көрсетіледі.
Қайталау қағидасын жүзеге асыру үш негізгі жағдайға байланысты:

  1. Дене жаттығулары үнемі қайталанып тұруға тиісті. Тек қана осы талап сақталған жағдайда ғана пайдаланатын жаттығулар адамның денесіне тұрақты түрде жəне анық əсер етеді.

  2. Дене жаттығулары адамды шаршатып шалдықтырады, сондықтан да демалыс үшін үзілістер міндетті түрде болуға тиісті;

  3. Дене жаттығулармен айналысқан кезде, адам денесінің үлестемелерге бейімделу процестері болады, бірақ ол жағдайлар ұзаққа созылуы мүмкін емес. Сондықтан жаттығудың тек қана қайталану саны емес сонымен қатар екі ортада берілетін демалыс үзілісінің саны мен ұзақтылығын бақылауға тиістіміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет