Жүйелілік қағидасы
Бұл қағиданың негізгі- педагогикалық процестің мазмұнының тұтастық дəрежесіне үйрету тиімділігінің тəуелділігін ашып көрсететін заңдылық болып табылады.
Жүйелік пəн ішіндегі жəне пəн аралық байланысты орнықтыру арқылы қамтамассыз етіледі. Білім мен дағдының жүйелілігі- ойлау кезіндегі жүйелілік дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Жеке сабақтың жүйелілігі оның барлық элементтерінің логикалық бір- біріне бағыныштығына тəуелді. Сабақтардың бірыңғай тіркесі, белгілі календарлық уақыттың шеңберінде оқу материалдарының кейбір көлеміне үйренуге бөлінетін сабақтар сериясынан құралады.
Қандай да болмасын оқыту жүйесі дене тəрбиесі білімінің деңгейі мен нақты бағытын анықтайды. Олай дейтін болсақ, білімнің əр бір түрі, тиісті əдістер, құралдар көмегімен оқу- тəрбие міндеттерінің арнайы жүйсін шешуді талап етеді.
Реттілік қағидасының негізіне бір сабақ жəне сабақтар сериясының деңгейіне оқытудың міндеттерінің, құралдарының жəне əдістерінің сабақтастығы жатады. Сабақтастық оқыту міндеттерінен құралдарына жəне əдістеріне ауысуға негізделген реттіліктің шартты ретін білдіреді. Осы кездегі ең басты міндет өткізілгенге сүйену арқылы келесі мінденттерді шешу үшін алғышарттарды жасау болып табылады. Реттілік қағидасын жүзеге асырылып оқу материалдарының жоспарлауынан басталады. Бұл оқу материалдарында міндеті түрде дене жаттғуларының реттіліктері жəне өзара байланыстары нақтылы түрде белгіленуге тиісті.
«Жеңілден ауырға» деген ережені, жаттығумен айналысушы салыстырмалы түрде көп дене күшін жəне
психикалық күшті талап етпейтін жаттығуларды үйренуден бастағаны дұрыс. Бірақ олар кейінен арттырылады.
«Біліммен дағдыға» ережесін, қажетті білімді пайдаланып соған сəйкес дағдыларды қалыптастырудың алдында жүретіндей реттелікті қарастырады. Бұл ереже дене тəрбиесіне өте тəн, арнаулы білімнің бағалылығы қозғалыс қимылы түрінде көрінеді. Екінші жағынан, қимылдың түрі тиісті білімнің сапасы мен көлеміне де байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |