Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


ОЭ 2 Дəріс № 2 Тақырып: Дене тəрбиесінің құралдары



бет39/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

ОЭ 2


Дəріс № 2

Тақырып: Дене тəрбиесінің құралдары


Мақсаты: Дене шынықтыру үдерісінде дене тəрбиесі құралдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау.

Жоспар:


  1. Түсінік аппараты

  2. Дене жаттығуларының айырмашылық белгілері

  3. Дене жаттығулар дене тəрбиесінің негізгі құралы ретінде, оның мазмұны жəне құрылымы

  4. Дене жаттығулардың əсерін анықтайтын факторлар

  5. Дене жаттығуларының техникасы, оның бөлімдері мен фазалары

  6. Техника тиімділігінің педагогикалық өлшемдері

  7. Дене жаттығуларының педагогикалық топтастырылуы

Түсінік аппараты


Дене жаттығуларының теориясын білу, мұғалімнің алдына қойылған педагогикалық міндеттерге сəйкес, ең тиімді дене жаттығуларын іріктеп алуға мүмкіндік береді. Дене жаттығуларының түпкі, нақты жүйесінің жасауға ықпалын тигізеді. Дене жаттығуларының педагогикаылқ топтастыруын өз мəнінде өткізуге, қосымша құралдармен біріктіре сауатты қолданып, пайдалануға мүмкіндік береді.
«Дене жаттығулары» деген түсінік адам қозғалысы мен қозғалыс іс – қимылы туралы түсінікпен байланысты. Ал қозғалыс дегеніміз адам организмінің мотрлы функция есебінде, дененің жəне оның бөлшектерінің өзгеруі деп ұққанымыз дұрыс. Əрбір қозғалыс үш белгіменен сиаптталады: 1) ол əр уақытта санның функциясы болады; 2) ол адамның өмірлік қызметі бойы қалыптасады; 3) қозғалысқа үйрету үйренушінің еркіне бағыну дəрежесін арттырады. Еркін қозғалыс əр уақытта саналы түрде болғандықтан, ол адамға тұлға есебінде əсер етеді. Жеке қозғалыстар қимыл элементтері болып табылады.
Қозғалыстың өзара арасындағы байланысты қимыл жүзеге асырылады. Мысалы, аяқтың, қолдың, кеуденің, бастың қозғалысының белгілі бір жүйесі оқушыға секіру түрінде қимыл жасауға мүмкіншілік береді, сондай қозғалыстармен əртүрлі қимылды орындауы жəне керісінше бір жəне сондай қимыл əртүрлі қозғалыспен жүзеге асыруға болады.
Қозғалыс пен қимылдың баяндалған сипаттамасын негізінде дене жаттығуларының теориясы құралады. Дене жаттығулары деп адам денесін жетілдіру үшін жасаған жəне қолданылатын қозғалыс қимылдарын атайды.
Кез – келген қимыл дене жаттығулары деп аталмайды. Тек қана дене тəрбиенің қимыл ғана дене жаттығуларын құрайды.
«Жаттығу» деген сөз адамның дене, психикалық қасиетке əсер ету мақсатында, қимылдың қайталануына бағытталған жəне осы қимылды орындалу əдісін жетілдіруді көрсетеді.
Сонымен, дене жаттығулары бір жағынан нақты қимыл есебінде /бұл жағдайларда «Мен жаңа жаттығуды үйрендім дейді»/ екінші жағынан көп рет қайталанатын процесс /мысалы,
«дене жаттығулары» күшті арттырады/ есебінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет