Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Дене жаттығулардың əсерін анықтайтын факторлар



бет41/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Дене жаттығулардың əсерін анықтайтын факторлар


Факторлардың көпжақтылығы төмендегідей топтарға бөлінуі мүмкін:

  1. Мұғалім мен оқушының жеке тұлға есебіндегі сипаттамасы маңызды фактор болады.

  2. Ғылыми факторлар адамның дене тəрбиесі заңдылықтарын тану өлшемін сипаттайды. Дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері неғұрлым терең зерттелген сайын, сол ғұрлым алға қойған педагогикалық міндеттерді шешу жолында тиімді пайдалану мүмкіншіліктері молаяды.

  3. Тəсілдік, факторлар, дене жаттығуларын пайдалану кезінде жүзеге асырылуға тиісті талаптардың кең көлемдегі тобын біріктіреді.

  4. Гигиеналық факторлар дене тəрбиесі жүйеснің сауықтыру бағыты бар қағидаларды жүзеге асыруда шешеуші факторы болып табылады. Оның ең басты мақсаты – дене жаттығуларын адамның өмір қызметінің құрамдас бөлігі ету.

  5. Метеорологиялық факторлар əсер ету заңдылықтарын біле отырып, дене жаттығуларының жоғары тиімділігіне жетуді қолайлы жағдайларын анықтауға мүмкіндік беретін факторлар тобын құрайды.

  6. Əсер етудің тұтастығы дене жаттығуларының соңғы нəтижелілігін анықтаушы факторлары есебінде дене жаттығуларының əртүрлі жүйесі түрінде дене тəрбиесінің негізгі құралдарын қолдануды қарастырады. Сонымен қатар гигиеналық жəне метеорогиялық əсер ету шараларын қамтиды.

  7. Материалдық факторлар /спорттық құрылыстар, құралдар, киім жəне т.б./ көп жағдайларда спорттық міндеттерді

/шапшандықпен жүгіріп өту, биікке секіру, т.б./ шешуге жəне кейде жалпы білімділік, сауықтыру міндеттерін артыруға əсер етеді.


Дене жаттығуларының техникасы, оның бөлімдері мен фазалары


Техника деген түсінік педагогикалық немесе биомеханикалық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті. Педагогикаылқ тұрғыдан дене жаттығуларының техникасы деп қимыл қозғалысын орындаудың ең тиімді əдісін айтады.
Тиімділік оқушы организміне ең қолайлы əсерінен /мысалы, тұлғаны дамытуға, шынықтыруға қажет бұлшық ет топтарына əсер ету/ жəне қимылдық нəтижелінінен /мысалы, қарғу қашықтылығымен/ көрінеді.
Бірдей қимылдарды əртүрлі əдіспен де орындауға болады, бірақ оның ең қолайлысын ғана орындау техникасы деп атайды. Мысалы, əртүрлі əдіспен жүзуге болады /кроль, брасс т.б./ бірақ кейбіреулер классикалық əдісті игермей – ақ жүзе алады. Бұл жағдайда біз «жүзу техникасын игермеген» дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет