Дене жаттығуларының техникасы дегеніміз ізденідің, ғылыми анализдің жəне спортшының қимылды орындау əдісін практика жүзінде тексеруден өткен нақтылы нəтижелері деп түсінеміз.
Стандартты техника дегеніміз шынығушылардың ең қолайлы негізде керекті қимылды орындауды көрсететін техника деп білеміз. Стандарттық техника орындауды көрсететін техника деп білеміз. Стандартты техника қимыл негізін көп өзгерістерге ұшыратпайды жəне орындалатын жаттығулардың кейбір элементтерін орындауда ауытқу мүмкіншіліктерін жоққа шығармайды.
Техниканың жекелілігі екі бағытта жүзеге асырылады: жалпы адам тұлғасының жəне адамдардың жеке тобының дене дайындығына байланысты стандартты теника деңгейінде өзгеру енгізетін кездегі типтік жекелілік жолымен, немесе адамның жеке ерекшеліктерін ескеретін дербес жекелілік жолымен жүзеге асырылады.
Техниканың болімдері. Қимылды құрайтын қозғалыстың орындалуы бірдей емес, сондықтан техниканың негізін жəне
оның бөлшектерін айыра білу жөн. Бұл сəтте екі қағида есепке алынады. Біріншісі: қозғалыс қимылдары тұтастай болуға тиісті дейтін болсақ, оған кіретін əрбір қозғалыстың орындау сапасына тəуелді. Екінші:техника негізі жəне оның деталдары деген түсінік мұғалім қызметінде екі жақты орындалады. Бірінші жағдайда ол қимылды талдауға жəне жаттығулар жүйесін құруға пайдаланады, екіншісінде оқу процеснің өзі үшін, оқушы назарын бағыттау үшін пайдаланады.
Қозғалыс қимылын талдау оның техникасының негізі деп сол қимылдың арнайы белгілерін бейнелейтін қозғалыстарды жəне белгіленген қимылды орындау үшін міндетті қолзғалысты есептейді. Техника негіздерінің бір қозғалысын орындамау қимылдың тұтастай дұрыс орындалмауына əкеліп соғады. Мысалы, ұзындыққа секіру кезінде аяқ қолдың қызметіне байланысты орындалуы техникалық ерекшеліктерді байқауға болады.
Техниканың негізі жетекші бөлшектерден құралады. Осы бөлшектердің тиімді орындалуы көрсеткіштерге тікелей байланысты екендігін байқауға болады. Мысалы, тіреп секіруде қолмен итеру негізгі элемент екендігі жəне нəтиженің осы қозғалысқа тікелей байланысты екенін аңғару қиын емес.
Қозғалыс қимылына үйреткен кезде техниканың негізі мен деталдарын жеке бөліп қарау, қозғалыс міндеттерінің мазмұнына байланысты. Егер осы қозғалысты игеру үшін адам бойындағы қасиеттерінің ең жоғарғы мүмкіншіліктерін көрсету қажет болатын болса /шапшаң жүгіріп өту, биікке секіру т.б./ негізгі əрекеті кинематикалық сипаттама тұрғысынан болады, ал бөлшегі ретінде динамикалық сипаттамада болуға тиісті.
Егер қозғалыс міндеттері орындалатын қозғалыстың белгілі бір этолонға /гимнастика, суға секіру, т.б./ сəйкес келуін талап етсе, онда қимылдың негізі есебінде динамикалық, ал бөлшегі ретінде кинематикалық сипаттама болады. Дене жаттығулардың фазалары.
Танымдылық жəне дидактикалық мақсаттар көзделген жағдайда дене жаттығуларын үш фазаға бөліп қарау орынды.
Дайындық фазасы қимылдың басты міндетін орындау үшін ең қолайлы жағдайлар жасауға арналған. Мысалы, жүгіріп келіп
қарғуда – аяқты бүгу жəне серпілудің алдындағы қолдың сермелуі де осы фазаға жатады.
Негізгі фаза қимылдың басты міндеттерін шешуге көмекші болатын қозғалыстардан тұрады. Мысалы, бір орында тұрып, қос аяқтап секірген кезде – аяқпен итерілгеннен кейін – ұшу негізгі фазасына жатады.
Қорытынды фазасы, бейнелеп айтқанда жұмыс жағдайынан шығуға мүмкіндік беретін қимылмен аяқталады. Мысалы,секіруде бұл фаза жерге аяқтың түюінде, ал жүгіруде бұл фаза – инерция бойынша фиништен кейінде жүгіріп өту.
Негізгі фаза техниканың негізін құрайтын қозғалыстардың көмегімен, ал қалған екі фаза – техниканың бөліктерін құрайтын қозғалыстың көмегімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |