Техника тиімділігінің педагогикалық өлшемдері деп, мұғалім қозғалыс қимылдарын объективті қажеттіліктермен орындаудың өз əдістеріне сəйкестілігін анықтау негізіндегі белгілері деп түсінеміз. Педагогикалық практикада бірнеше өлшемдер бар. Өлшемдердің тиіділігі - қозғалыс қимылдарының сипатына, оқыту сатысына жəне оқушылардың дене дайындығы деңгейіне сəйкес келуіне де байланысты.
Бірінші өлшем – дене жаттығуларының нəтижелілігі ( оның ішінде, спорттық нəтиже де бар ) бəрінен де жиі қолданылады. Техниканы тұтастай жетістіріп отыру дене жаттығуларының нəтижелілігін арттыруға тікелей əсер ететіндігі есепке алынған.
Екінші өлшем – ол стандартты техникалар параметрлері. Оның мақсаты – бақылайтын қимыл параметрлерін салыстырудан тұрады. Бірақ ол үшін, стандартты техника үйренушінің жеке өзіндік ерекшеліктерін қаншалықты көрсететіндігін алдын–ала анықтау керек.
Үшінші өлшем – мүмкін болатын жəне нақты нəтиже арасындағы айырмашылық.
Дене жаттығуларын топтастыру дегеніміз – бұл ең негізгі белгілеріне қарап оларды өзара байланысты топтарына қарай бөлу деп білеміз. Сұрыптау нəтижесінде мұғалім дене
жаттығуларының өзіне тəн сипатты қасиетін анықтайды жəне едəуір дəрежеде педагогикалық міндеттерді шешуге жауап бере алатын дене жаттығуларын іздестіруді жеңілдете алады.
Дене тəрбиесінің тарихи қалыптасқан жүйесінің белгілері бойынша дене жаттығуларын топтастыру ( гимнастика, ойын, спорт,саяхат).
Бұлшық ет қызметінің ерекшеліктерінің белгілері бойынша дене жаттығуларын топтастыру: жаттығушылардан уақыттың өте қысқа мерзімінде жоғарғы ұмтылысты көрсетуді талап ететін шапшаңдық – күш жаттығулары (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіру, секіру т.б.) : шыдамдылықты талап ететін дене жаттығулары ( мысалы, ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғымен жүру т.б.
Білімдік міндеттерді шешу үшін олардың маңызына қарай дене жаттығуларын топтастыру: немесе оқу бағдарламасының білімдік міндеттеріне сəйкес үйрену пəні болатын қимылдар.
Жекелеген бұлшық ет топтарының дамуының артықшылық белгілері бойынша дене жаттығуларын топтастыру: қол мен иық еттері, кеуде мен мойын еттері, аяқ пен жамбас еттері үшін жаттығуларды бөліп қарастырады.
Спорттың түрлері бойынша дене жаттығуларын сұрыптау. Бұл орайда айтарымыз əрбір спорт түрінің өз жаттығуларының топтастыруы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |