ОЭ 3
Дəріс № 3
Тақырып: Дене тəрбиесінің үйрету тəсілдері
Мақсаты: дене тəрбиесінің үйрету тəсілдерінің ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар:
Түсінік аппараты
Практикалық əдістер
Сөзді қолдану əдістері
Көрнекті ықпал ету əдісі
Дəрістердің тезистері Түсінік аппараты
Əр түрлі жаттығулар тобымен өр қилы жағдайда, белгілі бір міндеттер орындау үшін қолданылатын дене тəрбиесі жаттығуларының тəсілін əдіс дейміз. Əрбір əдіс өзінің күрамына кіретін əдістемелік əдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, көрсету əдісінің орындалу тəсілдері: жаттығуларды айна тəсілмен көрсету, керекті қаркынды немесе баяу қаркынды көрсету т.б. Нақтылы үйрету міндетіне сəйкхс іске асыратын əдіс жолын əдістемелік тəсіл дейміз. Əдістемелік тəсілдер көп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі өзгеріп, ал келесі біреулері мүғалІмнің ізденісімен өмірғе келіп жатады. Сабақ беру деңгейінін əр түрлілігі мүғалімнің осы əдістемелік тəсілдерді көп білуіне, кеңінен қолдануына байланысты.
"Əдіс" деген түсініктен "əдістеме" түсінігін ажырата білуіміз керек. Əдістеме деп дене тəрбиесі процесінде белгілі бір нəтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен əдістер жүйесін айтады.
Əдістер жүйеленісі. Барлық əдістер арнайы (тек кана дене тəрбиесі процесіне тəн) жəне жалпы (дидактикалык білім беру жəне тəрбие бағытында қолданылатын) болып екіге бөлінеді.
Күш түсіру дегеніміз дене тəрбиесі жаттығуларымен адам организменде əр түрлі көлемде əсер ету. Күш түсірудің шамасы оның қаркындылығы мен көлеміне байланысты. Күш түсіру көлемі - орындалған дене қуаты жүмысының саны.
Күш түсіру қарқыны - белгілі бір уакытта дене тəрбиесі жаттығуларын тездете орындау. Күш түсірудің ішкі жəне сырткы қарқындық көрсеткіштері болады.
Сыртқы көрсеткіш - қозғалыс жылдамдығы, спорт ойындарындағы ойын карқыны т.б. Қарқын ішкі көрсеткіштеріне жүректін соғуы жиілігі, белгі бір уақытта күш жүмсау өлшемі т.б. жатады.
Бұлщық еттің жүмысына байланысты күш түсіру стандартты жəне ауыспалы болып келеді. Стандартты күш түсіру - бүлшық еттің белгілі бір уакытта жаттығуды орындаудағы түрақты қарқынды жүмысы, Ауыспалы күш түсіру -бүлшық еттің жаттығуды орындаудағы каркынының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін). Күш түсіру əркашан тынығумен кезектесіп отыруы керек. Тынығу аралықтарынынң үш түрі бар. Олар: қарапайым, қатан жəне төтенше. Қарапайым немесе толық тынығу деп келесі қайталап күш түсіру алдында организмнің жүмыс қабілетінін толық бастапқы қалпына келуін айтамыз. Қатаң тынығу дегеніміз - келесі қайталанатын күш түсіру жаттыктырушының организмінің жүмыс қабілетінің толық бастапкы калпына келмеген кезде қайталануы. Төтенше тынығу аралығы дегеніміз - келесі күш тұсіру организмінің жұмыс қабілетінің көтерілген кезіне, жаттығушының өзіндік дайындык ниетінің толық көрінген кезіне тап келуі. Мазмұны жағынан тынығу бəсең жəне белсенді болып екіге бөлінеді. Белсенді тынығу - спортшының алдыңғы жаттығуға қарағанда аз түріне көшуі (мысалы, жүгіруден соң ақырын жүру).
Достарыңызбен бөлісу: |