Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет48/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Өзгермелі орындау əдісі: бүл əдіс жаттығуды орындау кезінде өзгеріп отырады (мысалы, 400 метр қашыктыкқа жүгіруде жылдамдык 100 м 1/2 жартылай күшпен. Өзгермелі орындау əдісінін көмегімен біз жалпы төзімдікті жəне жылдамдық төзімділігін дамытамыз, жігерлікке тəрбиелейміз.
Қайталап орындау əдісі. Бүл əдіс кезінде жаттығуды орындау көп қайталанылады, аралықтағы тынығуда организм толық бастапқы қалпына келуі қажет (мысалы, кысқа қашықтықка өте жоғары жылдамдықпен қайталап жүгірген кезде, аралык тынығу толық болуы қажет. Қайталап орындау əдісі күшті, жылдамдықты жəне күш жылдамдығын, жылдамдық төзімділігін дамытады.
Тəжірибеде қайталап орындау əдісінің бірнеше түрі кезігеді. Мысалы, циклді жаттығуларды орындау кезінде мынадай түрлері алдан шығады: а)түрақты бірдей қашықтықтарға жүгіру (7×100м); ə) біртіндеп үзартылып отырылған қашықтыкқа жүгіру (200×400×600×800); б) біртіндеп кыскартылған қашықтыкқа жүгіру (800×600×400×200)
Интервалды орындау адісі. Бүл əдістің мəнісі көп рет қайталанған жаттығудың орындалу қарқыны жоғары болуында (минутіне 160-180 рет жүрек соғу жиілігі). Жаттығуларды орындаған соң тынығу кезіндегі жүрек соғу минутіне 120-140 ретке жеткенге дейін созылады да, соден соң жаттығу кайталанады. Тынығу белсенді немесе бəсең болуы мүмкін, жаттғу сериалы орындалады (7×200). Бүл əдістің көмегімен жедел мерзімге жалпы жəне арнайы төзімділік касиетін дамытуға болады.
Шенберлі əдіс. Спорт зал мен спорт аландарында шеңбер бойынша орналасып "станцияларда" орындалған жаттығуларды, яғни сериалы орындауды шеңберлі жаттығу дейміз.
«Станцияларда» (саны 6-10 болуы мүмкін) карапайым, үйренген бір жаттығу орындалады (мысалы, штанганы иықта үстап отырып - түру, аспа темірде тартылу жəне т.б.). Жаттығуды орындау саны əрбір «станцияда» жеке тағайындалады. Бір сабақта «шеңберді» бір реттен үш ретке дейін түгел немесе тынығу аралығымен өтуге болады. Шеңберді бір айналып жаттығуды орындау уақытын, тынығу аралык уақытын, жаттығудың қайталау санын мөлшерлеп беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет