Ойын əдісі. Дене тəрбиесі процесінде спорттық жəне қозғалмыла ойьтндарды қолдану - ойын əдісі деп аталады. Ойын əдісінің мынандай өзіндік ерекшеліктері мен белгілері бар: 1.Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары жəне тəртібі аркылы ойнаушыларды үйымдастыру. 2. Ойын əрекеттерінде бəсекелектік, жеңіске деген талас пен эмоциялык сезім. 3. Ойын барысында өз бетімен кимыл - əрекетке шешім кабылдау (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лактырудың жолын өзі тандайды).
Жарыс əдісі. Дене тəрбиесі жаттығуларын жарыс, бəсеке түрінде орындауды жарыс əдісі дейміз. Жарыс əдісінің ең негізгі белгісі - біріншілікті жеңіп алу үшін бəскелесу
Сөзді қолдану əдісі
Қозғалысқа үйрету процесінде жеке дене қуаты касиетін тəрбиелеуде сөз қолдану əдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөз колдану əдісі үш топқа бөлінеді: 1. Баяндау, əңгімелесу, түсіндіру əдістерінде сөз окушыларға білім беру максатында пайдалынады. 2. Бүйрық беру, тапсырма, нүсқау беру əдістері жаттығулардың əрекеттерін басқаруға пайдаланылады. 3. Талқылау, бағалау əдістері жаттығушылардың əрекетін талдауға, баға беруге арналған.
Енді осы əдістердің маңызына жəне оларды қолдану ерекшеліктерІне тоқталайық. Баяндау - теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс əрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалыктарды хабарлауға пайдаланылады.
Қысқа да бүйрыкты раймен белгші бір істің, қимылдын бүлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрык дейміз.
Қысқаша айтылып, бүлжытпай орындалуды талап ететін сөз əсерін - нұскау беру деп атаймыз. Бүл əдіс көбінесе қозғалысқа үйретуде коданылады. "Жылдамдат, "тездет", "асықпа", "еркін жүр" т.с.с. нүсқаулармен мүғалім қимыл -козғалысты бақылап отырады.
Көрнекті ықпал ету əдісі
Бұл əдістер жиынтығы көру, есте жəне үйренетін жаттығулардың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: а) көру көрнекілігі əдістері; ə) есту көрнекілігі əдістері; б) кимыл көрнекілігі əдістері.
Көру көрнекілігі əдістеріне жататындар: үйренетін қозғалысты оқушының (немесе оқытушының тапсырмасын оқушының) көрсетуі. Көрсету кезінде оқытушы мынадай əдістемелік талаптарды басшылықка алуы керек:
Көрсетудің мазмұны сөз колдану əдісімен қатар жүруі тиіс.
Көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сəйкес келуі кажет:
а) бірінші рет жаттығу тəсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті деңгейде толық орындалуы керек;
ə) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толык немесе бөлшектеліп, жай «з қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі;
б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дəрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол окушыларды ынталандырады, сол деңгейде орындауға үмтылдырады.
Жаттақтырушы даттығуды көрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолаЙлы, оқушылардың бəріне көрінетін, өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |