Бүл кезеңнің міндеті-оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру жəне соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, үғыну процесі қалыптасу кезінде бір-біріне байланысты үш кезең пайда болады.
Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының міндеті бір сабақта (мысалы, шаңғымен сырғанауға үйрету) немесе бірнеше сабакта (мысалы, шаңғымен екі адамды, кезекпе кезек таяна сырғанау тəсілі) орындауды үғынуы. Оқушылар тəсілдің негізін түсінуі керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.
Орындау жобасын кұру. Бүнда оқытушы қимыл тəжірибесі мен білімін үсынады, ал окушыда сол арқылы жаттығуды калай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік калыптасады.
Қимылды бөліп немесе түтас орындау. Қимылды орындап көру танысу кезеңінің бастапка элементі. Орындап көру арқылы оқушы өз міндетін қаншалыкты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін калай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл - əрекеттің күрделілігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуды толык орындай беруге болады. Күрделі жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн.
Сөз қодану əдістері (түсіндіру, баяндау), көрнекі қабылдау əдістері (көрсету, көрнекі кұралдар т.б.) жəне тұтас немесе бөлшектеп үйрету əдістері - оку əдІстеріне тəн қимыл - əрекетімен таныстыру кезеңі.
Қимыл - əрекетке үйрету кезеңі
Бүл кезеңнің міндеттері, оқушыларға тəсіл негізін үйрету, оны тұракіы орындауға жеткізу жəне осылар арқылы қимыл ептілігін қалыптастыру (сурет ). Оқушының əрбір козғалыска ықылас сала орындайтын кимыл əрекетін қимыл ептілігі дейміз. Қимыл ептілігі қалыптасуының өзіне тəн мынадай белгілері бар: 1. Қимыл əрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару. 2. Жаттығуды түрақты дұрыс орындамау. 3. Əр түрлі жаңылдыратын себепгерге қарсы түра алмаушылық.
Қүрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімнен түрады: қимыл ептілігі. Оқытушы бүл бөлімде оқушылардың жаттығу тəсілінің негізіне, пайда болған қателерді жоюға, жаттығу орындаудағы дене сіресуін болдырмауға үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |