Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет55/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Қимыл ептілігінің жетілуі


Бүл бөлімде қимыл əрекетін орындау тəсілі меңгеріледі жəне бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірак жаттығуды орындау түрақсыздығы сақталады, тəсілді əр түрлі себептер жеңіл бүза алады. Жаттығуды орындау барысында жіберілген кателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор. Қателердің шығу себептері: окушылардың үйрену міндеттерін дүрыс үкпауынана, үйрету жобасын дүрыс күрмауынан, жалпы дене қуаты дайындығының төмендігінен. Қатені көру оңай болғанымен, оның шығу себептерін білу киынға соғады. Қатені түзету жолдарын дүрыс анықтай алуға болады. Қателерді түзету ережелері өте көп.
Қатенің шығуы, оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты. Ол қарапайым кайталау жəне вариативті қайталау болып бөлінеді. Қарапайым қайталау стандартты жаттығулар тəсілін үйренгенде
пайдаланылады, оқушылардың қимыл - əрекеті мұғалімнің көрсеткеніндей орындауын талап етеді. Вариативті кайталау
қозғалыс əрекетін əр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол максатпен қозғалыс əрекетін каиталау əр түрлі ауыспалы варианттар жүйесімен, түрліше жағдайда орындалады.
Бүл кезеңнің мақсаты - қимыл дағдысын калыптастыру, сол аркылы жоғары қимыл ептілігіне жету. Жаттығуды көп кайталағаннан соң кимыл ептілігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп жеке козғалыстарға емес, нақты əрекет нəтижесіне бағытталған қимыл əрекетін автоматтандыра орындай алу кабілеттілігін айтамыз. Қимыл дағдысы əр түрлі қозғалушы факторларға қарсы жоғары түрақтылық танытады (жаттығыды басқа спорт залда орындау, көрермендер, əр түрлі метерологиялық жағдай т.б.). Қимыл дағдысын калыптастырғанда козғалыс дəлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетіледі, жеке қозғалыста біртүтас қимыл əрекетке айналады.
Тəжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады. Созылмалы - көптеген сабақтарға бөліне қайталау жасау. Түйінді - кыска мерзімде бір немесе бірнеше сабақты қайталау.
Қимыл дағдысы əр түрлі жəне біртіндеп қалыптасады. Əр түрлі қалыптасу төрт түрге бөлінеді. 1. Дағдының "жағымсыз тездете" қалыптасуы. Үйрету барысында басында қимыл əрекетін игеру тез, сонан соң ақырындап қалады. Өйткені тəсіл негізі тез қабылданады да, бөлшектері үзақ игеріледі. 2. Дағдының "жағымды тездете" қалыптасуы. Бүл үйренудің бас кезінде дағды аздап, сонан соң тезірек өседі. Əр түрлі қалыптасудын осы түрі, күрделі əрекетке жетелейді, жаттығуды бөлшектеп үйреніп толықтырған соң, ол үйренулер дағдының тез өсуін шапшаңдатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет