Дағды дамуының ақырындауы. Бүндай жағдай дағдының жетілу деңгейіне жеткен кезінде пайда болады. Дағды неғүрлым жетілген сайын оның одан əрі дамуына қажымас қайрат, көп еңбек жəне педагогикалық шеберлік керек. Дағды дамуының токталуы - үйрету əдістері қате (тиімсіз) болғанда, дене қуатының даму деңгейі (күш, ептілік т.б.) болғанда, жаттығуды ебедейсіз (қорқыныш, шаршау), ыңғайсыз жағдайда (нашар спорт жабдықтарында т.б.) орындағанда паида болады.
Қимыл дағдыларының ауысымы. Дене тəрбиесінін тəжірибесінде қалыптасар қимыл дағдыларының бір - бірімен
біріге əрекеттенуі жағымды жəне жағымсыз жағдай туғызады. Ертерек калыптасқан дағды, келесі дағдының калыптасу процесін жеңілдетуін жағымды ауысу дейміз. Бұл жағдайда алдыңғы калыптасқан дағдының, жаңа үйренетін қозғалысқа үқсас элементтерін қолданамыз (мысалы, оқушы гранат лақтыру тəсілін жаксы меңгерген болса, найза лактыру тəсілін де тез игереді). Ертерек калыптаскан дағдының делесі дағдының калыптасу процесін киындатуын жағымсыз ауысу дейміз.
Қимыл дағдысының жетілу процесі шексіз. Оның негізгі міндеттер оқушыны түрмыс, еңбек, спорттық əрекетгер дағдаларын еркІн меңгеруге үйрету. Дағдының тəжірибелік қүндылығы осында. Егер окушы спорт залында секірген биіктіктен, табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тəжірибелік қүндылыгы болмайды. Сонымен, жоғары қимыл ептілігі дегеніміз калыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру жəне басқа өнеркəсіптік, əскери əрекеттер) жəне үйрету мақсатынын соңғы межесі.
Ұсынылатын əдебиеттің тізімі
Ботағариев Т.А., Кубиева С.С Дене шынықтыру теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010. – Б. 7-16, 26-29.
2 Уанбаев Е.К. Дене мəдениеті жəне спорттың ілімі мен əдіснамасы:Оқу құралы. – 3-ші басылым, өнделіп толықтырылған. - Өскемен: «Либриус» баспасы, 2010. – Б. 48- 53.
Достарыңызбен бөлісу: |