Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет62/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

өзгермелі орындау, ойын, жарыс əдістері қолданылады. Жарыс əдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдык мүмкіншіліктерінің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекте жылдамдық жаттығуларыньң көп рет қайталау "шапшаңдық кедергісін" тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкіншіліктерінін өсуіне бөгеу болады. Бүл кедергіні болдырмау үшін (мысалы, таудан еңіске жүгіру, бір нəрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядты лақтыру т.б.) жылдамдык қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Жылдамдык мүмкіншіліктерінің дамыту жағдайына қолайлы жас кыздарда - 11 -12 жас, жасөспірім үл балаларда - 12-13 жас. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен карапайым жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уакытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті кимылдары бар əр түрлі жаттығулар беріледі. Мысалы, эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доіі лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б. Орта мектеп жасында жылдам күш жаттығуларын көп жасатудың маңызы зор. Мəселен, секіру, көп ретте жоғары секіру, үдемелі жаттығулар, қысқа қашыктыкка қатты жүгіру (30-60) жаттығулары т.с.с.
Жоғары сынып оқушыларына мұндай жаттығулар күрделінеді. Өз жылдамдығын, күш жылдамдығын жəне төзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны (100- 200) көбейеді. Спорттық жəне қозғалмалы ойындар колданылады.


Төзімділік жəне оны дамыту əдістері


Адамның жұмысты үзақ, каркынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Адамнын берілген қарқынды əрекетке жəне болдыруға қарсылық ете алу уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз. Төзімділікті анықтаудың, түзу жəне жанама деген екі əдісі бар. Түзу əдісінде сыналатын спортшыға бір тапсырма беріледі де (мысалы, велоэргометр жүмыс істеу, стадионды айналып жүгіру т.с.с), сол жүмыстың орындалған уақыты аньщталады. Жанама жолмен төзімділікті анықтауда үзак қашықтықка (500,1000, 3000 метр) жүгіру уақыты немесе белгілі уақытта бір жүмысты орындау. Төзімділіктің екі турі бар: жалпы жəне арнайы. Жалпы төзімділіктің сипаты -
спортшының үзақ уакытка, жай қарөкынды, бұлшык ет топтарының көпшілігін қатыстыра жүмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу, ескек есу Т.С.С.). жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту жəне сол деңгейді үзақ уақыт үстап түра алу кабілеттілігі) мүмкіндігі.
Белгілі əрекетке арналған, спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы төзімділік дейміз. Мысалы, палуанның арнайы төзімділігі, шаңғышының арнайы төзімділігі т.с.с. арнайы төзімділіктің көптеген түрлері бар: шапшаңдық төзімділігі, күш төзімділігі, шапшаңдык күш төзімділігі, статикалык күш төзімділігі жəне аралас төзімділік. Жүмысты энергиямен қамтамасыз ету аэробты, анаэробты жəне аралас (аэробты - анаэробты) деген тозімділіктің үш түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет