Дене адамгершілік жəне идеялық саяси тəрбиенің өзара байланысы
Дене, ақыл-ой жəне эстетикалық тəрбиенің өзара байланысы
Дене жəне енбек тəрбиесінің өзара байланысы
Дене тəрбиесі процесіне жеке адамды бағыттай қалыптастырудың шешу факторлары мен шарттары
Дене тəрбиесі мұғалімінің кəсіптік шеберлік негіздері
Дəрістердің тезистері
Дене адамгершілік жəне идеялық-саяси тəрбиенің өзара байланысы
Біздің қоғамымыздағы адамгершілік тəрбиесінің, оның ішінде дене тəрбиесінің адамгершілік саны, көзқарастар мен тəртіп нормаларын, коммунистік мораль талаптары тұрғысында моральдық- еріктік шараларды қалыптастыруға бағытталғаны белгілі.
Дене тəрбиесі процесінде шешілуге тиіс адамгершілік тəрбиесінің міндеттері мыналар: адамгершілік сананы, идеялық сенімділікті, еңбексүйгіштікті, коммунизм идеяларына терең берілгендікті қалыптастыру; Отанға сүйіспеншілік, советтік патроитизм, пролетарлық интернационализм, коллективизм, достық, жолдастық, қоғамдық борыш пен жауапкершілік сезімдерін тəрбиелеу; мінездің тұрақты белгісі ретінде моральдық жəне еріктік қасиеттерді тəрбиелеу, коммунитік тəртіп дағдыларын қалыптастыру, дене тəрбиесінде жəне одан тыс жерлерде жалпы азаматтық өлшеулерді қалыптастыруға тырысу.
Дене тəрбиесі саласында адамгершілік тəрбиесі əдістерін пайдаланудың аспектілері мынадай:
Көрнекті үлгі жəне сендіру əдістері
Соңғысы тəрбиеленушілердің бойында адамгершілік категориясы ретінде берік сенімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін сөзбен əсер етудің əрқилы түрлерін қамтиды. Этикалық əңгімелер мен түсініктер беру кезінде мақұлдау, мақтау немесе айыптау, құптамау, ұялтау сияқты тəсілдер қолданылады.
Практикалық қолдану əдістері: ынталандыру жəне жазалау. Адамгершілік өлшулеріне іс жүзінде үш кезеңді бөліп қарауға
болады: шұғалданушыларды арнаулы біліммен қаруландыру; оларды жүйелі түрде кеңету жəне тереңдету; осы білімдердің көмегімен ғылыми- диалектикалық- матералистік көзқарастың қалыптасуына, алынған қимыл тəжірибесін обьективті бағалай білуге, оны талдап, тиімді пайдалана білуге жағдай туғызу; таным белсенділігін, ақыл- ой сапасын жəне қимыл əрекетінен шығармашылық қабілетті дамыту; өзін-өзі тəрбиелеуге ынтаны туғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |