Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Дене ақыл-ой жəне эстетикалық тəрбиенің өзара байланысы



бет68/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Дене ақыл-ой жəне эстетикалық тəрбиенің өзара байланысы


Эстетикалық тəрбие эстетикалық қабылдау, эстетикалық көңіл- күй күйзелісін, жоғары талғамды, адамның өмірге, өзіне- өзі эстетикалық жағынан қатынасын түсінуді қалыптастыруға бағытталған. Дене тəрбиесі процесіндегі эстетикалық дамудың негізгі міндеттері мыналар: дене мəдинеттерінде жəне өмірдің басқа салаларында эститикалық қабылдау, əдемілікті сезіну жəне дұрыс бағалау қабілетін тəрбиелеп, дененің шынығуын жетілдіру жолында шығармашылық ізденіске эстетикалық кемелденген ынтаны қалыптастыру; шұғылданушылардың арасындағы күнделікті қатынаста эстетикалық сергектікті ынталандыру; шұғылданушыларды əдемілік əлемін терең де кең түсінуге мүмкіндік беретін біліммен байыту.
Дене тəрбиесі процесінде тəрбиеленушілердің эстетикалық сезіміне əсер ету дене тəрбиесіне тəн əдістермен жүзеге асырылып, олар эстетика талаптарына сай келуі керек. Ең алдымен көрнекті əдістерге негізделген əдістер. Əсіресе сөз əдісінің рөлі үлкен. Мұндай сөз дəл жəне мазмұнды болып қана қоймай ашық, əсем əрі бейнелі болуы керек.


Дене жəне еңбек тəрбиесінің өзара байланысы


Еңбек тəрбиесі шын мəнінде тəрбиенің барлық басқа түрлерін біріктіріп, адамды негізгі əлеуметтік қызметке- шығармашылық еңбекке даярлайды. Дене тəрбиесінің советтік жүйеде еңбекке бағытталуы оның мақсатты міндеттерінде айқын көрсетіліп, бағдарламалық- мөлшерлік негіз болып табылатын- РТО комплексінде көрініс тапқан.
Дене жəне еңбек тəрбиесінің өзара тығыз байланысын мына жағдайлардан көруге болады: дене тəрбиесі өзара тығыз байланысын мына жағдайлардан көруге болады: дене тəрбиесі еңбек қызметі үшін жалпы даярлық жəне тікелей қолданбалы мəнге ие болады; дене тəрбиесі басқа түрлерімен байланысты бола отырып еңбексүйгіштікке тəрбиелеуде үлкен роль атқарып, шығармашылық қабілетті дамытады; советтік дене тəрбиелеу мəдениеті қозғалысының тəжірибесінде қоғамдық пайдалы еңбекке ерікті жəне тегін қатысуға ерекше мəн беріледі; жаттығулармен айналысу процесінде еңбекке тəрбиелеуде даярлық үстінде өзіне өзі қызмет көрсету де де пайдалы əсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет