Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы



бет73/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы


Биологиялық белгілеріне байланысты мектепке дейінгі балалардың жастары мынандай кезеңдерге бөлінеді:

  1. Жана туған сəби – алғашқы 1 ай өмір уақыты.

  2. Емшектегі сəби – 1 айдан 1 жасқа дейінгі уақыт

  3. Балбөбек немесе ясли жасы кезеңі – 1 жастан 4 жасқа дейінгі уақыт.

  4. Мектепке дейінгі кезең – 4 жастан 7 жасқа дейінгі уақыт. Баланың тірек-қимыл жүйесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың омырқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды(патологиялық

сколиозге акеледі, бір жақ бүйіріне қарай қисаю).
Бала туғаннан үш жасқа дейінгі жас кезінде баланың жүйке- бұлшық ет аппаратының аздап қозуы мен лабильдігі байқалады, бұлшық еттері əлі əлсіз болады.


Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың дене тəрбиесінің амалдары, сабақтарының, жаттығуларының түрлері, оларды жүзеге асырудың əдістемелік ерекшеліктері


Дене жаттығулардың арасында үш топ дене тəрбиесі жаттығулары қолданылады: 1)негізгі гимнастика; 2)қозғалмалы ойындар; 3)спорттық түрі жаттығуларының қарапайым түрлері
Негізгі гимнастика жаттығулары.

  1. балалардың əр мүшелеріне арналған жалпы дамыту жаттығулары. Ол жаттығулар спорт құралдарымен (доптар, кубиктер, тулар, гимнастикалық таяқтар, булавалар т.с.с.) жəне құрал-дарсыз орындалады;

  2. əр түрлі жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдік сақтау, асылу түрлері;

  3. саптық жаттығулар (сапқа тұру жəне қайта тұрулар, бұрылулар, жинақталу жəне созылулар);

  4. би жаттығулары. Би жаттығуларының сипаты жаттығуды жүргізушінің таңдауына байланысты,олар мүсің, сымбат түзулігіне, дене қуаты қасиетіне, əр түрлі бұлшық ет топтарына арналуларына болады.

Қозғалмалы ойындар. Барлық амалдардың ішінде негізгі орынды қозғалмалы ойындар алады. Ойындар кезінде дене қуаты қасиеттерін кешенді дамыту жағына көп көңіл аударған дұрыс болады. Бала ағзасының барлық жүйесінің қызметтік мүмкіншілігің дамытуға да көп көңіл бөлу қажет.
Спорттық түрі жаттығуларының қарапайым түрлері. Бес жасқа толған балалардың спорт түрі жаттығуларының қарапайым кіргізуге болады. Ол түрлері:шаңғы мен жүгірудің
қарапайым тəсілдері,суда жүзу,доппен ойын түрлерінің қарапйым тəсілдері т.с.с. Спорт түрлерінің жаттығуларын орындау білім беру жəне денсаулықты нығайту міндеттерін орындаумен қатар, спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыра бастайды.
Табиғаттың сауықтыру күштері. Бала ағзасы мүмкіншілігіне байланысты тұрақты, жүйелі күн қызуын, ауа температурасын, су процедураларын пайдалану ағзадағы дене қызуын реттеу механизмдеріне, псикалық үрдістерін қалыптастыруға, денелерін шынықтыруға көмектеседі.
Гигиеналық факторлар. Дұрыс тамақтану мен ұйқы толық болған кезде ғана дене тəрбиесі ғана жаттығулары ағзаға тиімді əсер береді. Жаттығатын жердін, əр түрлі спорттық жабдықтардың тазалығы əр түрлі микробтар, ағзаға жат инфекциялдық таякшалардың болуына кедергі жасайды, бала ағзасын кездейсоқ ауырулардың қорғайды.
Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың дене тəрбиесі сабақтарының, жаттығуларының түрлері.
Қозғалыс əрекет түрлерінің негізгілері мектепке дейінгі мекемелердегі тəрбиешінің, үйдегі ата-аналардың басшылығымен орындалатын күнделікті дене тəрбиесі жаттығулары сабақтары, əр түрлі түрдегі ойындар жəне өз бетімен орындалатын баллалардың қозғалыс əрекеттері.
Қозғалыспен жəне массаждың дербес сеанстары. Олар баланың екі айлығынан басталады.
Дене шынықтыру сабағы. Олар 3-6 жастағы балармен өткізледі. Кіріспе бөлімінің міндеті – балаларды ұйымдастыру, олардың назарын жасасайтың тапсырмаларға аударту жəне организмді негізгі бөліміне даярлау. Негізгі бөлімінде қозғалтқыш ептіліктерді жəне жетілдіру жүзеге асырлады, дене қасиеттер тəрбиеленеді. Қорытынды бөлімінде əрекеттің басқа түріне кошу жоспарланады. Ол үшін жүру, жай қимыл ойындар қолданылады.
Тəнертенгі гимнастика. Ол арқылы балалардың қозғалтқыш тəртібі тиімді болады, балалардың денсаулығына жəне білімдеріне жақсы əсер етеді.
1 кіші топта ккешеннің ішіне 3-4 ойындық жəне соған үқсастық жаттығулар кіргізледі. Олар жүрумен, жүгіріспен,
секірумен қатар 5-минуттын ішінде болып өтеді. Жөғары топта жаттығулардың саны 6-дийін кобееді, ұзақтығы – 12 минутка дийін.
Ауда қыдыру мезгіліндегі қимыл ойындары жəне дене жаттығулар.
Сыртта қыдыру күннің 1 жəне 2 жартысында 30 минуттан 2 сағатқа дийін болнеді. Олардың міндеті – ауда болуынын кезінде қимыл ойындармен, жаттығулармен айналасуға жəне балаларды табиғи шартта қозғалтқыш ептіліктерді дурыс қолдануға үйрету.
Дене шынықтыру минуткасы. Ол жөғарғы жастағы балалармен өткізледі. Оның міндеті – санау, сөйлеу дамуына арналған сабақтардың кезінде ойлану қабілеттерің көтеру немесе сол күйінде сақтау, жқмысқабілеттің төмендетпеуне қарсыласу.
Дене шынықтыру мирамдары. Олар кем дегенде бір жылда екі рет орта жəне жөғары топтарда өткізледі. Олардың міндетіне жататын балалармен жаттығуларды, ойындарды игерудің табыстарың көрсету
Өз бетімен орындалатын баллалардың қозғалыс əрекеттері. Бұл əрекет балалардың ықылас жəне ынтасына байланысты құрылады. Бұл əрекетті тиімді іске асыру үшін топтардың аландарында арнайы құралдармен атрибуттар болу қажет.
Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың дене тəрбиесінің əдістемелік ерекшеліктері
Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың дене тəрбиесінің ұйымдастырудың екі түрі бар. Бірінші түрі – мемлекеттік, балалардың дене тəрбиесі жұмыстары балабақшаларында ұйымдастырылады. Екінші тұрі – дербес – өз беттерімен, бұл кезде дене тəрбиесі жұмыстары отбасында жүргізледі.
Дене тəрбиесі жұмыстарын мемлекеттік түрде ұйымдастыру мектепке дейінгі балалар мекемелерінде міндетті түрде ұйымдастырылуы керек. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тəрбиесі сабақтары балабақшаларындағы балаларды оқыту дене тəрбиелеуге арналған мемлекеттік бағдарламаның «Дене тəрбиесі» бөліміндегі міндеттер, дене тəрбиесі жаттығуларының
түрлері мен мазмұнына сай өткізледі. Дене тəрбиесі сабақтарын балабақшасының тəрбиешелері мен дене тəрбиесі əдіскерлері өткізеді.
Дене тəрбиесі сабақтарының əдістемесі балалардың жастарына, қозғалыс мүмкіншілігіне жəне балабақшасының базасы мен спорттық құрал-жабдықтарына байланысты жүргізледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет