Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2,20 г/см3.
Қараңғыда жарқырамайды.
Ауада оттекпен 260°С-та тотығады.
Отқа қауіпті емес. Қыздырғанда оталады.
Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді.
Улы емес.
400°С-та балқиды.
Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі Мырыш фосфиді — зиянкес кемірушілермен күресуде қолданылатын препарат.
Реакция жағдайына байланысты фосфор хлормен (70°С) әрекеттесіп, фосфор трихлоридін РСІ3 және 300° С-та фосфор пентахлоридін РСІ5 түзеді:
Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН3 түзеді:
Фосфин РН3 — түссіз, ерекше иісі бар, өте улы зат. Аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз.
Шырпының басына жанғыш заттар — күкірт пен бертолле түзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны үнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бер- толле тұзынан от алып, тез түтанады (21-сурет). Реакция теңдеуі:
2Р + ЗСl2 = 2РСl3 галогендермен галогенидтер береді
2Р + 3S = P2S3 күкіртпен сульфид түзеді
ЗСа + 2Р = Са3Р2 металмен фосфид түзеді
Фосфор өзінің аталуына сәйкес (грекшеден аударғанда “жарық шығарғыш” деген мағынаны білдіреді) ауада оттекпен жарық шығара отырып, қарқынды әрекеттеседі. Осы тәжірибені жасап көрейік. Әуелі шыны қалпақшының тығыны зат жағатын темір қасықшаны өткізеді.Себебі фосфор жанғанда, ақ түтін будақтап, оның оксиді түзіледі. Ол ауада шашылмас үшін қасыққа салынған фосфорды спирт шамы жалынында қыздырып, жана бастағанда шыны қалпақшаға кіргізіп тығындайды. Сонда түзілген фосфор (V) оксиді бірте-бірте төмен қонып, суда ериді. Енді реакция теңдеуін жазайық:
4Р + 5O2 = 2Р2O5 оттегімен оксид түзеді