Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата05.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#466474
1   2   3   4   5   6   7
. [#898338]-1643772

TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 
36
Төлен Әбдіковтің шығармаларының негізгі идеясы – 
адамгершілік екенін жоғарыда айтқан болатынбыз. 
Сонымен бірге жазушының бір шығармасының өзінде 
бірнеше тақырып беріледі. Мысалға, “Оралу” повесін 
алайық, шығарманың негізгі тақырыбы – махаббат. 
Махаббат тақырыбы шығарманың негізгі тақырыбы болса, 
сонымен қатар туған елге деген сағыныш, Ұлы Отан соғысы 
кезіндегі қазақ ауылының хал-ахуалы да шығармада көрініс 
тапқан. Яғни, бізге белгілі болғандай, бір шығарманың 
бойында бірнеше тақырыптың жымдаса, біріге келуі заңды. 
Көркем әдебиет тек эстетикалық категория емес, оның 
қоғамдағы танымдық рөлі де үлкен.
Қаламгер 
Төлен 
Әбдіковтің 
прозалық 
шығармаларын тақырыбына қарай екі топқа бөлуге болады:
1) 
Заман 
көрінісі 
сипатталған 
шығармалар; 
2) Философия-психологиялық тақырыптағы шығармалар. 
Бірінші топтағы жіктеуге қазақ халқының ХХ ғасырдың 
басындағы күйі, 70-80 жылдардағы ауыл көрініс, жастар 
иделогиясы, 
тәрбиесі, 
заман 
көрінісі 
сипатталған 
шығармаларды 
кіргіздік 
(“Райхан”, 
“Екі 
кездесу”, 
“Сәндікөл”, “Қонақтар”, “Бір күндік ашу”, “Таласбай”, 
“Көктерек”, “Қарасын”, әңгімелері, “Сәби туралы сыр” 
эссесі мен “Күзгі жапырақтар”, “Әке”, “Оралу” повестері 
және “Өліара” романы); екінші топтағы жіктеуге адам 
санасындағы психологизмді шебер көрсетіп, философиялық 
астар жатқан шығармаларын енгіздік (“Оң қол”, “Бас 
сүйек”, “Жат перзент”, “Мансап”, “Қайырсыз жұма” 
әңгімелері мен “Ақиқат”, “Тозақ оттары жымыңдайды”, 
“Парасат майданы” повестері).
Әдіс – әдебиет сабақтарындағы мұғалім мен 
студенттің бірігіп атқаратын оқу-танымдық іс-әрекеті. 
Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған әдіс арқылы 
студент жаңа блім мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға 
ие болады, қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүниетанымдық 
көзқарасы қалыптасады. 
Қазақ әдебиетін оқытуда амал-тәсілдер алгоритмдік 
қолданысы арқылы жүзеге асырылып қолданылады. Төлен 
Әбдіков шығармаларындағы қазақ әдебиетін оқытуда 
қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады: 


 
Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 
37 

эвристикалық әдіс; 

ізденіс әдісі; 

репродуктивтік әдіс; 

продуктивтік әдіс; 

шығармашылық әдіс. 
Эвристикалық әдіс – студенттерге прозадағы 
психологизм саласын меңгерту барысындағы негізгі әдістің 
бірі бола алады. Осы ретте Т. Әбдіковтің “Қонақтар” 
әңгімесін алайық. Әңгімеде 1960-1970 жылдардағы қазақ 
халқының трагедиясын бір отбасы төңірегінде көрсетеді. 
Ерғабыл қарт жалғыз баласын қалаға жіберіп, кемпірі екеуі-
ақ қалады. Ал, бала жазғы демалысында курортта болып, 
әке-шешесінің қасына бір-ақ күн түнейді. Қартқа қаладан 
келген келіннің қол-аяғының жалаңаштығы бір батса, 
қазақша білмейтіні екі батады. Ата-әжесін танымай жат 
бауыр болған немересі мынау – шала қазақ. Немерелерімізді 
алып қалсақ деген кемпір мен шалға ауылда орысша мектеп 
жоқ деген сылтау айтып, тастамай кетеді. Қариялар үшін 
бұдан артық қорлық жоқ та шығар. 
Жаңа қоғам алып келген ой-сананың ана сүтімен адам 
бойына сіңетін ұлттық танымнан биік тұрғысы келіп, 
аласұрып әрекет етуі образдардың іс-әрекеті таным, түйсігі 
арқылы көрсетілген. Халық ұғымында қыз бала туған үйіне 
қонақ, ал ұл бала – сол үйдің иесі. Әңгімеде Сапабек ер 
азамат бола тұра үйіне қонақ болып келіп кетеді. 
Шаңырағының ыстығына күйіп, суығына тоңбайды. 
Сапабек – уақыт құлы. Ата-ананың жалғыз қалуы оны 
ойландырмайды. Аздаған ақша беріп, сый-сияпат жасаса 
ата-ана алдындағы парызы өтелетін сияқты көрінеді. Ұлы 
Жеңісті өзінің туған топырағынан жырақ ұстауы өзі ғана 
емес баланы да жатбауыр етіп өсіруі болып табылады. Келін 
мен немеренің қазақ тілін білмеуі қарт үшін күйзеліс болса, 
Сапабек үшін “жетістік” сияқты. 
Сапабек үйіне келгеннен бастап жұртты ұйытып 
әңгіме айтады. “Өзінің Лондонға, Будапештке, Мароккоға, 
Италияға барған сапарларын әңгімелейді. Бөтен жат 
халықтардың дәстүрін, мәдениетін, адамдарын мақтады” 
(Әбдікұлы Т., 2005) деген жолдарда сырт халықтың 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 
38
мәдениетіне жақындай отырып, өз халқының мәдениетінен 
алыстап бара жатқанын байқауға болады. Әңгімеде Ерғабыл 
қарт өткенді көп ойлайды. Себебі қарт ұлттың қымбат 
құндылықтарын сол өткеннен ғана көреді. “Таяғына 
қаттырақ сүйенген Ерекеннің жақ еттері жыбырлап, көздері 
қызарып жасаурап кетті. Тым әрі де, көз нұры, көңіл 
құрығы жетпейтін, тым әрі де қалған бейшара бір сағыныш 
жүрегінің әлсіз түртіп, онсыз да қаусағалы тұрған, әдіре 
қалғыр ит жанын күйзелткендей болды” (Әбдікұлы Т., 2005) 
деген жолдардан осыны аңғаруға болады. Ерғабыл қарттың 
ой-санасы арқылы берілетін өткенге деген сағыныш 
бүгінгінің зәрулігінен туып отыр. Жалпы, “Автор бұл 
әңгімеде ана тілі мен қазақ жерінің болашағы туралы екі 
мәселені қатар көтерген. Біріншісі – бір жылдары емге 
табылмай қалған қазақ мектептері мен балабақшаларын 
көксеу, екіншісі – жер асты тола байлықтың қазаққа 
пайдасы тимей жатқаны. Жазушы оны болашаққа күрсіне 
қараған қарттың көңіл-күйімен айшықтаған” (Қазақ 
әдебиетінің тарихы, 2005) секілді. 
Б. Майтанов: “Шығарма қаһармандарын бір-бірінің 
көзімен көрсету, өзге кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-
сипатын авторлық позициямен сәйкес бас кейіпкердің ой-
сезімі арқылы бейнелеу – психологизмге тән ұтымды 
әдістердің бірі” (Майтанов Б., 1982), – дейді. Бұл әдісті 
Төлен 
Әбдіковте 
шебер 
қолданғаны 
байқалады. 
Жазушының “Қонақтар” әңгімесінде қартайған шағында 
Ерғабыл қарияның жалғыз ұлы Сапабектен көрген қорлығы 
баяндалады. Ерғабыл қарияның сезімі, толғанысы авторлық 
позициямен сәйкес келеді. Қартайған шал мен кемпір 
жалғызсырап ауылда қалады. Шығармада өмірдің ащы 
шындығы көркем де, әсерлі бейнеленген. 
Әсіресе, “Қонақтар”әңгімесінде кездесетін мына бір 
кейіпкер психологиясын ұмыта алмаймыз. Қалада жұмыс 
істейтін, оқыған, жанұя құрған баласын сағынған Ерғабыл 
шал (пәруайсыз ұлы бұл кезде әке-шешесін естен шығара 
бастаған) дүниеден өткенде ел-жұртының өзін қалай 
шығарып салатынын ойлайды: 
“Әлдеқайда шалдың көз алдына өлгеннен кейін мұны 
жұрттың қалай шығарып салатыны елестеді. Елестегенде 


 
Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 
39 
“құданың құдіретімен” өткендегі Айтыбай шалдың сүйегін 
шығарғандағыдан бір айнымайды. Бірақ мұның жұртқа 
үлестіретін киімі одан көп екен. Аққұдық пен Сарыөзек 
тегіс келген секілді. Бата оқырын бергеннен кейін атпен 
жарысып мүше алып қашқандар да бар. Жұрттың бәрі: 
– Е-е, қайран дүние кімге опа берген, бұл кісілер де 
кетті-ау дүниеден. Мұндай кісілер енді тумайды, – деп аза 
тұтып, енді біреулер: 
– Шіркін бала деген осы ғой! Сапабек әкесін қандай 
ғып жөнелтті, ә! Ойпырмай, мұндай ұлы дүбірмен біздің 
елде әлі ешбір шал аттанбаған шығар, –десіп таңқалысып 
бара жатқанға ұқсайды” (Әбдікұлы, 2005). 
Қызық па? Қызық. Егер жазушы мұны тікелей 
суреттесе ешқандай әсері қалмас еді. Өйткені мұндай 
көрініс – классикалық әдебиетімізден таныс нәрсе. Алайда 
бұл жағдайда кейіпкер тірі, өзінің өлгенін ойлайды, жарық 
дүниеден абыроймен аттану қол жетпес арманы секілді. 
Баласы Сапабек пен келінінің бұлардан суып бара жатқанын 
іші сезеді, “шіркін-ай, баласы әкесін қандай ғып жөнелтті” 
дегізіп аттануды арман ететіні де сондықтан.
Осы “Қонақтар” әңгімесі арқылы жазушы оқырманына 
не жеткіземін деген мақсатын анықтау үшін мұғалім 
мынадай проблемалық-эвристикалық сұрақтарды қоя 
алады:

Әңгімедегі проблеманың деңгейі қандай деп 
ойлайсыз?

Әңгіменің өзектілігі неде? 

Әңгіменің 
кей 
тұстарын 
автордың 
басқа 
шығармаларымен салыстыр.
Осындай және оған қоса жүргізілетін даярлықтардан 
соң, 
эвристикалық 
әдіс 
арқылы 
әңгіменің 
түпкі 
проблемасын талқылау-талдау жүргізе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет