Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет9/15
Дата17.02.2024
өлшемі356.5 Kb.
#492278
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
mu po zemleustroistvu dly prakt rabot na gos 201415gg

Αтеріс= αтура ± 1800
А бұрышын мына формуламен анықтауға болады (4 суретті қара)
А =α + γ,
γ нолге тең болғанда, ОВ сызығының азимуты (А) мен дирекциондық бұрышы бірімен-бірі тең болады.
Азимуттар мен румбтардың магниттік бұрышын буссоль арқылы табады.


3.3 Жоспарлар, карталар, жерге орналастыру жобаларын құрастыру үшін дәлді геодезиялық аспаптарды қолданады, олар арқылы жер бетінің горизонталды және вертикалды өлшемдерін алады.
Бұл аспаптарға (бұрышты өлшегіштер) теодолиттер, нивелирлер, тахеометрлер, кипрегелдер және т.б. жатады.
Теодолиттік суретке түсіру деп берілген масштабта жергілікті жер жоспарының түбегейлі контурын немесе бейнесін алу үшін теодолит, таспа (лента) және басқа да геодезиялық аспаптармен орындалған аспаптық далалық өлшеулер жиынтығын айтады. Ауыл шаруашылығында теоделиттік суретке түсіру ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жаңа жер пайдаланушылар мен жер иемденушілерді құруда немесе бұрынғыларды дұрыстауда, жер пайдалану шекараларын анықтауда және қалпына келтіруде, ауданды жоспарлауда, шаруашылық ішкі жерге орналастыруда және жерлерді ауыл шаруашылық мақсатында емес қажеттілікке бөлу мен алып қоюда пайдаланады
Жергілікті жерде далалық теоделиттік суретке түсіру мыналардан тұрады: полигонды бөлу және жергілікті жерде нүктелерді бекіту; полигондар мен теодолиттік жүрістердегі бұрыштарды, сызықтар ұзындығын тікелей аспапты өлшеу; ситуацияларды суретке түсіру (жер алқаптары).
Теодолиттік түсірудегі камералдық жұмыстар мыналардан тұрады: теодолиттік жүрістердегі бұрыштық және сызықтық өлшеулерді өңдеу және үйлестіру; нүктелердің өсімшелері мен координатарын есептеу; координаттар бойынша жоспарды салу және жасау; жоспарды масштабта және сәйкесті шартты белгілермен безендіру.
Далалық теодолиттік суретке түсіру геодезиялық аспаптар арқылы жүргізіледі.
Теодолит – жергілікті жерді бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап, ол арқылы горизонталды, вертикалды бұрыштарды анықтауға болады. Сонымен қатар азимутты және қашықтық өлшеуіш арқылы ара қашықтықты анықтауға болады.
Жерге орналастыру мен ауыл шаруашылығында теодолиттік суретке түсіру қолданылады:
1) тиісті дәлдік дәрежесінде жер пайдалану жоспарын, жер учаскесінің жоспарын жасауға (қажетті масштабта); суару және құрғату мақсатында, гидротехникалық ғимараттарды құруда (жоғары дәлдік керек жағдайда); жоспарлар мына масштабтарда: 1 : 5000, 1 : 2000, 1 : 500 жасалады. Сонымен қатар жоғары дәлдіктегі жұмыстар жерлерді қалпына келтіру, беткейлерді террасалау, жырықтарды жабу және оларды өнімді жер алқаптарына ауыстыру жағдайларында да қажетті;
2) жерді есепке алу барысында жоспарлы-картографиялық негізін жасау мен жер алқаптарының құрамын анықтауда, топырақтық, мелиоративтік, геологиялық, геоботаникалық және басқа да тексерулерді жүргізуде;
3) жобалау ұйымдарын сапалығы жоғары жоспарлы-картографиялық материалдар, суретке түсіру мәліметтерімен қамтамасыз ету, жер пайдалану объектілерін байланыстыру, дайындалған жобаларды жүзеге асыру.
Жерге орналастыру жобалары горизонталды және вертикалды суретке түсірудің көмегімен жасалған жоспарлар негізінде дайындалады.
Нивелирлеу – геодезиялық өлшеу арқылы жергілікті жердегі нүктелердің биіктік белгісін және биіқайырымын (превышения) анықтау.
Нивелир жүрісі – алғашқы пунктен аралық пунктер арқылы соңғы пунктке дейін дәйекті түрде биіқайырылымын өлшеу.
Бұндай жүрістер жүйесі нивелирлеу торабын құрайды. Нивелирлеудің келесі тәсілдері бар:
1) геометриялық нивелирлеу – нүктелердің биіқайырымын горизонталды көздеуіш сәулемен анықтайды; геометриялық нивелирлеу аспап нивелирлер деп атайды;
2) тригонометриялық нивелирлеу - нүктелердің биіқайырымын көлденең көздеуіш сәулемен анықтайды, былайша айтқанда теодолиттер мен кипрегелдердің вертикалды шеңберлерімен өлшенген вертикалды бұрыштар мағыналары; нивелирлеудің бұл түрін таулы аймақтарда жүргізілетін топографиялық суретке түсірулерде қолданылады – бедер қимасының биіктігі 2 және 5 м;
3) барометрлік нивелирлеу - атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін өлшеуге негізделген;
4) гидростатикалық нивелирлеу – нүктелердің биіктігін қатынаста болатын құмыралардағы сұйықтың деңгейіне дейінгі қашықтықтарына байланысты есептейді; негізінен ғимараттарды салу мен олардың деформациясын бақалау үшін қолданылады.
Нивелир - горизонталды жазықтықта айналатын сезімтал деңгеймен қамтамасыз етілген көру дүрбісі бар геометриялық нивелирлеуге арналған оптико-механикалық аспап.
Нивелирлеу жергілікті жер бедерін зерттеу мақсатында орындалады және онда жер бедеріне тән нүктелер, су айырлары, су ағындары немесе жергілікті жер жақсы көрінетін және жер бедерінің барлық формалары айқын бейнеленетін квадрат арқылы нивелирлік жүрістер салынады. Квадраттар бойынша нивелирлеу ең көп тараған және орындауы да оңай тәсіл болып саналады.
Тахеометрлік суретке түсіру арнаулы аспаптар – тахеометрлер арқылы жүргізіледі. Тахеометр – қашықтық өлшеуіш құрылғысы - дальномері бар теодолит.
Тахеометрлік суретке түсіру (тахеометрия грек тілінен – тез өлшеу) – бұл топографиялық түсіру түрі болып саналады, мұнда горизонталды және вертикалды бұрыштар тахеометрдің шеңбері арқылы, ал объектке дейінгі қашықтық дальномер - қашықтық өлшеуіші арқылы анықталады.
Тахеометрлік суретке түсірудің негізгі мақсаты инженерлік ізденістерге және жобалау жұмыстарына жергілікті жер учаскесінің жоспарын горизонталдарымен жасау. Тахеометрлік суретке түсіру жыралар, батпақтанған учаскелер, бөгендер мен жолдарды зерттеуде, елді мекендерді жоспарлауда өте ыңғайлы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет