Т. Н. Ермекова, К.Ә. Бер ті леуова, Р. Н. Мұ на саева 11 Қ азақ тілі


Шешенге­қойылатын­негізгі­талаптар



Pdf көрінісі
бет25/118
Дата21.12.2023
өлшемі3.86 Mb.
#487532
түріУчебники
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   118
32
Шешенге­қойылатын­негізгі­талаптар
Шешеннің бойында мына қасиет тер болу керек:
тіл байлығы, сөз қорының молдығы;
• білімділік және сөйлейтін мәселесін анық білу;
шыншылдық, адамгершілік, турашылдық;
• жинақылық, тапқырлық, жылдамдық.
Шешенге­қойылатын­қосымша­талаптар
Шешендік сөздің әсемдігін арттыратын факторларға тек тілдік
қасиеті мен сөз мәнері ғана емес, шешеннің көпшілік алдында өзін­өзі
ұстау әдебі мен сыртқы келбеті де жатады. Көпшілік алдына шығатын
адамның киім киісі, тазалығы, жинақы лығы, өзін ұстауы, бет­жүз, дене
қимылдарының сөз мазмұнымен үйлесімді болуы да шешен сөзінің
мәнін арттырады.
5.
Мәтінді оқыңдар. Абайды шешен деп айта аламыз ба? Оның бо -
йын да жоғарыда айтылған қасиеттердің қайсысы кездеседі?
­Дүние­үмітке­сүйенеді­
Бірде Жанқұтты шешен Құ нан бай дың үйінде отырған да, 
Абай келіп сәлем береді. Абайдың тапқырлығын, өлең шы ға-
ра тынын естіген шешен одан: «Дүние неге сүйенеді? Көздің 
көрмесі бола ма? Шам жарығының түспесі бола ма? Болат 
пы шақ тың кеспесі бола ма? Тамағына тартпайтын мақлұ қат 
бо ла ма?» – деп сұрайды… Сонда Абай:
Сіз – сұңқар самғай ұшқан қиядағы,
Талпынған мен – балапан ұядағы.
Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,
Жалғыз үміт – дүниенің тиянағы.
Көз көруі жетпейді қабағына,
Шам жарығы түспейді табағына.
Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,
Мақлұқат тартпай қоймас тамағына, – деп жауап беріпті.
(«Қазақтың би-шешендері» жинағынан)
6.
Көр кем дік құ рал дар ды сұ рып тап, орын ды пай да ла нып, «Зама ны-
мыздың заңғар жазушысы» та қы ры бын да шы ғар ма жа зың дар.
7.
М.Әуе зов тің ту ын ды ла ры бой ын ша пре зен та ция не ме се бір шы ғар-
масы жайлы ойтұжырым дай ын даң дар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет