Шешендіктолғау
Ше шен нің жан дү ние сін де гі шы мыр ла ған тол ға ныс тол қын да ры
тың да ған жан ға әсер ете тін тол ғау күй ін де өрі ле ді.
Толғау – шешеннің ішкі толғанысы. Ол өмір, дү ние сыры, адамдар
қатынаcының түйінін шешу т.б. күрделі мәселелерге ар на ла ды. Толғау
өлеңмен, жырмен айтылады. Бише шен дер – тек жұрт алдына шығып,
уағыз айтушы немесе әдемі, жү йе лі сөйлеуге үйретуші ғана емес,
таным сыр ларын шешуші, та ғы лым мәнін жеткізуші де.
Толғаулардың көп көтеретін тақырыбы – ел, жер, ұлт тағдыры.
Тол ғау ға насихат, өсиет, қоғамдықәлеуметтік жайға алаңдаушы лық,
сая сатқа күмән, философиялық талдау тән.
Толғаудың нақыл, мақалмәтел, басқа шешендік сөзден айыр ма
шы лығы – белгілі бір мақам мен, ас пап тың сүйемелдеуімен ай ты луы.
3.
Мәтінді оқып, шешендік толғаудың тақырыбын анықтаңдар.
Әділ бидің алдынан іс кетпейді,
Жәбірлікті бекерге істетпейді.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешіп,
Абыройын кісінің еш төкпейді.
Қылар жақсы түймеден түйедейді.
Жөнін тауып, әр істі жүйелейді.
Жаман болса төреңіз, ептей алмай,
Ақ ісіңді қаралап, күйелейді.
Дұшпандарды әділ би дос қылады,
Жаман би дауыңа дау қостырады.
Бұл бір мақал: киікті ата алмаған
Атамын деп киікті бостырады.
Жақсы менен жаманның нарқы басқа,
Айта берсең, бірталай сөз болады.
(Байжігіт би)
4.
Қо сым ша ре су рс тар дан Бөлтірік шешеннің толғауларын тауып,
көтерген тақырыбын, тәрбиелік мәнін талдаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|