7.2 Бір вертикальды оқпан арқылы ориентрлі-жалғастыру түсірісі
Бір вертикальды оқпан арқылы ориентрлі-жалғастыру түсірісі өз ішіне:
1) шахтаның үстімен екі нүкте жобалау; 2) осы нүктелерге үстіңгі бетте және олардың тау-кен жұмысының горизонттағы проекциясына жанастыру; 3) есептеу.
Жобалау оқпанға түсірілген екі тіктеуіш көмегімен іске асырылады. Тіктеуіштің вертикальды жағдайы, олардың шахта бетіндегі координатасы х және у , сондай-ақ жармасының дирекционды бұрышы сәйкеседі.
Тіктеуішпен үстіңгі бетте жанастыру, өндірісте белгілі пунктен жер бетінде тіктеуіш координатасын және олардың жармасының дирекционды бұрышын табуға мүмкіндік беретін, бұрыштық және сызықтық өлшеулерді қамтиды. Сәйкесінше тау жұмыстарының горизонттында тіктеуішке жанастыру-бұл тіктеуіштің табылған координатасы және олардың жармасының дирекционды бұрышы бойынша шахтада бастапқы пунктің координатасын анықтау және жер асты тірек торының бастапқы қабырғасының дирекционды бұрышын анықтауға мүмкіндік беретін өлшеу.
Осыдан, ориентирлі-жалғастырушы түсірісті бір оқпанмен жүргізу барысында, жобалаумен жанастыру, өте мұқият арнайы қабылдаумен жасалатынын байқауға болады.
7.3 Тау-кен жұмыстарының горизонтында үстіңгі бетпен нүктені тіктеуіш көмегімен жобалау
Тіктеуіш көмегімен жобалауды жүзеге асыру үшін қажет: тіктеуіштіі түсіріп-көтеруге қажетті қол лебедкасы 1, тіктеуішті шахтаға бағыттау үшін, блок 2, орталықтандыру пластинкасы 3, болат сым 4, жүк 5, тыныштандырғыш 6. Аталған жабдықтардың орналасуы 7.1 суретінде көрсетілгендей.
Сурет 7.1 - Бір вертикальды ствол арқылы ориентирлік-жалғастырушы түсіріс схемасы
7.4 Тіктеуіштің шайқалуын бақылау
Білетініміздей ауалық ағыстың немесе жаңбыр тамшылары әсерінен тіктеуіштің тербелуі толығымен тынышталмайды. Бұл жағдайда жобалау, тербелмелі тіктіеуішпен іске асырылады. Жобалаудың дәлдігін жоғарлату үшін, тіктеуіш тербелісін шкаласы бар орталықтандырғыш тарелка көмегімен бақылайды. (сурет 7.2).
Сурет 7.2- Шкалалы орталықтандыратын тарелка
Бұл бақылаудың мақсаты, шкала бойынша тіктеуіштің шеткі жағдайының оның тыныштың жағдайына салыстырмалы кері санағын табудан тұрады. Тіктеуіштің осы санағын кері қойып, одан жанасудың барлық элементтерінің өлшеулерін жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |