ІІ БӨЛІМ
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҰАУЛАР
1 КЕЗДЕСЕТІН ЗАБОЙМЕН КЕН ОРНЫН ӨҢДЕУДЕГІ ӨТКЕЛ БАҒЫТЫН БЕРУ ҮШІН, КЕРІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУМЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
БЕРІЛГЕНІ: А және В нүктелерінің координаттары
ХА = 720,28 + 0,1n ХВ = 780,72 + 0,08n
УА = 290,56 + 0,2n YB = 210,81 + 0,15n
ZA = 356,20 + 0,05n ZB = 357,71+0,04n
α(25-А) = 280°25',7
n – Нұсқа нөмері
ТАБУ КЕРЕК:
А нүктесінен кен орнын өңдеу өткелі үшін, берілуі тиіс горизонталь бағыттың бұрышын;
А нүктесінен өтуі тиіс кен орнының еңістігін.
Сурет 1 – Тау-кен өңдеудің схемалық планы
Берілген тапсырманы келесі ретпен шешу қажет:
1) Өңдеудің А және В екі нүктесінің белгілі x және y координаттары бойынша αАВ дирекционды бұрышын, кері геодезиялық есептеу жолымен табу қажет.
(1.1)
Осыдан αАВ дирекционды бұрышына сәйкесті rАВ сүйір бұрышын табуға болады.
Дирекционды бұрышты табу үшін, анықталған бұрыштың қайсы ширекте жатқандығын анықтау керек. Аталған ширекті табуды келесі 1 кестедегідей Δx және Δy қатынастары арқылы анықтауға болады.
Кесте 1
Румбының координаттар өсімшесінің таңбаларына тәуелділігі
Δx таңбасы
|
+
|
-
|
-
|
+
|
Δy таңбасы
|
+
|
+
|
-
|
-
|
Ширектің атауы
|
СШ
|
ОШ
|
ОБ
|
СБ
|
r бойынша α есептеу
|
α = r
|
α =180- r
|
α = r+180
|
α = 360- r
|
2) αАВ және αА-25 дирекционды бұрыштары бойынша, өңдеудің горизонталь бағытын беруге арналған А-25 бағытынан сағат тілі бағытымен салынатын бөлінетін бұрышын анықтауға болады.
= αА-В - αА-25 (1.2)
Осыдан α25-А дирекционды бұрышы бізге белгілі, осы бұрыштан қажетті αА-25 бұрышына өту үшін, оған 1800 қосып немесе алып тастаймыз.
αА-25 = α25-А ± 1800 (1.3)
3) АВ өңдеуі өтетін еңістікті анықтау үшін, В және А нүктелерінің белгілерінің айырмашылығын табу керек:
ΔZ = ZВ - ZА (1.4)
Еңістікті есептеу үшін қажетті АВ аралығы келесі теңдеулермен анықталуы мүмкін:
(1.5)
, (1.6)
Талап етілген еңістік i келесідегідей анықталады:
(1.7)
Есепті шешуге келтірілген мысал:
ХА = 720,28 + 0,1·40 = 724,28 м ХВ = 780,72 + 0,08·40 = 783,92 м
УА = 290,56 + 0,2·40 = 298,56 м YB = 210,81 + 0,15·40 = 216,81 м
ZA = 356,20 + 0,05·40 = 358,20 м ZB = 357,71+0,04·40 = 359,31 м
1)
rАВ = 53º53'15'' СЗ
αАВ = 360 – rАВ = 306º06'45''
2) αА-25 = 280º25,7' – 180 = 100º25',7
= αАВ – αА-25 = 306º06,7' – 100º25',7 = 205º41',0
3) dАВ = м
4) ΔZАВ = ZВ - ZА = 359,31 – 358,20 = 1,11 м
2 ЖЕРАСТЫ ПОЛИГОНОМЕТРИЯ ЖҮРІСІНІҢ ЖӘНЕ ДАЛАЛЫҚ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІН КАМЕРАЛЬДЫҚ ӨҢДЕУ
Жерасты полигонометриясының нәтижесіне камеральдық өңдеу жүргізу. Жүріс ашық түрдегі жүріс. Тірек пунктері торының арасында жүкті және адамдарды тасымалдауға арналған горизонтында (откаточном горизонте) салынған. Бұрыштар қайталау тәсілімен өлшенген. Пунктер арасындағы арақашықтық тура және кері-екі рет анықталынған. Далалық өлшемдердің нәтижесі нұсқалар бойынша А қосымшасында келтірілген. Б қосымшасында координаттар өсімшесін есептеу, ал В қосымшасында № 1 нұсқаның шешу жолдары мысал ретінде келтірілген.
Теодолиттік түсірісті камеральдық өңдеу полигондағы бұрыштық қилыспаушылықты есептеуден басталады. Ол келесі шартты қанағаттандыруы керек:
(2.1)
Мұндағы -Полигонның рұқсатты бұрыштық қилыспаушылығы;
- өлшенген бұрыштардық қосындысы;
- ішкі бұрыштардың теориялық қосындысы:
(2.2)
- өлшенген бұрыштың орташа қателігі;
n - жүрістегі бұрыштар саны.
Полигонның бұрыштық қилыспаушылығын теңестіру барысында 1 дәлдікпен барлық бұрыштарға бірдей етіп бөледі де, түзетілген бұрышты алады. Полигон қабырғаларының дирекционды бұрыштарын есептейді:
(2.3)
Берілген жүрісте сол жақ бұрыш өлшенгендіктен түзетілген алдына «+» таңбасын алу керек.
Бастапқы және соңғы қабырғалардың дирекционды бұрышы берілген мәліметтер кестесінде көрсетілген (А қосымшасы).
Румбыны есептеу:
I ширекте r = α –дирекционды бұрыш;
II ширекте r = 180° - α ;
Ш ширекте r = α – 180° ;
IV ширекте r = 360° - α .
Координаттар өсімшесін келесі формуламен есептейді:
, (2.4)
Координат өсімшелері анықталынатын дирекционды бұрыш таңбасына немесе сәйкесті қабырғаның румбысының аталуына ие болады.
Координаттар өсімшесін қосу нәтижесінде координаттар өсімшесіндегі байланыспаушылық fy және fx есептелінеді, есептеуге жүрістің абсолютті сызықтық қилыспаушылығы және салыстырмалы қилыспаушылығы пайдаланылады:
, (2.5)
Полигонометриялық жүрістің рұқсатты салыстырмалы қилыспаушылығы 1/5000.
Координат өсімшелерінің Х және Y өсі бойынша салыстырмалы қилыспаушылығы рұқсатты мөлшерде болғанда, оларды кері таңбамен қабырға ұзындықтарына пропорциональды бөліп таратады:
және (2.6)
Мұндағы
Түзетілген координат өсімшелері келесі формуламен анықталады:
(2.7)
(2.8)
Жүріс нүктелерінің координаттары келесі теңдікпен есептеледі:
, (2.9)
Нүктелердің координаттарын түзетілген өсімшелермен есептеу нәтижесінде полигонның соңғы нүктесінің координатасы қатесіз шығуы керек, бұл барлық есептеулерді бақылау үдерісін қамтиды.
3 ЖАЛҒАСТЫРЫЛҒАН ҮШБҰРЫШ ТӘСІЛІМЕН ШАХТАЛЫҚ ТІКТЕУІШПЕН ЖАНАСТЫРУ. ЖАЛҒАСТЫРЫЛҒАН ҮШБҰРЫШ ТӘСІЛІМЕН ЖАНАСТЫРЫЛҒАН БІР ВЕРТИКАЛЬ АРҚЫЛЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒЫТТАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН КАМЕРАЛЬДЫҚ ӨҢДЕУ
Тапсырма: Жалғастырылған үшбұрыш тәсілімен бағытталатын горизонтта және жер бетінде бір вертикаль оқпан арқылы геометриялық бағыттаудың камеральдық өңдеуін жүргізу. Жер асты полигонының бірінші нүктесінің координатасын С (Хс ,Ус ) және бірінші қабырғасының дирекционды бұрышын αсд анықтау .
Құрал-жабдықтар, аспаптар және қажетті құралдар: жобаланған және бекітілген тіктеуіш, штативпен теодолиттер, рулетка, калькулятор, кесте және журнал.
Далалық жұмыстарды орындаудың сатысы:
1) С және С нүктелеріне теодолитті, Д және Д нүктелеріне сигналдарды орнату.
2) Бұрыштық және сызықтық өлшемдерді жүргізу.
3) Өлшемдерді бақылау.
4) Бағытты есептеу.
Далалық жұмыстарды орындау реті:
1 Жер бетінде бастапқы пункте (С) оқпан аузында теодолитті орнатып центрлеп, жазық жағдайға келтіреді, ал келесі пункте (Д) сигналды орнатады. Бағытталатын горизонтта Жер асты түсірісінің бірінші нүктесінде (С) теодолитті қойып, ал келесі нүктеге сигналды орнатады.
2 Бұрыштар үш реткі толық қайталаумен өлшенеді. Арақашықтық (а), (в) және (с) болат рулеткамен «салмаққа» бес рет милиметрлік есеп алумен жер бетінде және жер астында жасалынады.
3 Оқпанды тіктеуіштен босатпас бұрын, өлшеулерге бақылау жүргізіледі. Ол үшін өлшенген аралық (С) және (С) келесі косиностың формуласымен есептелінеді:
(3.1)
Егер есептелінген мәнмен өлшенген мәннің арасындағы қилыспаушылық ± 2 мм (жер бетіндегі үшбұрышта) және ± 4 мм (жер астындағы үшбұрышта) аспаса, өлшеу қателіксіз орындалған (рұқсатты қателікпен), керісінше болған жағдайда өлшеуді қайта жүргізеді.
4 Бастапқы мәлімет ретінде С (Хс және Yс) нүктесінің координатасы және ДС (αДС) қабырғасының дирекционды бұрышы алынады.
5 Бұрыштарды тіктеуіш арқылы жер бетінде және жер астында есептейді. Үшбұрыштың формасына байланысты әртүрлі формулаларды қабылдауға болады.
Егер үшбұрыш созылған түрдегі формада болса және бұрыш < 20° болса, есептеу синустар теоремасымен жүргізіледі:
, (3.2)
Егер үшбұрыштың қабырғалары шамамен тең қабырғалы немесе тең бүйірлі болса, есептеу қабырғалар формаласы бойынша анықталады:
, (3.3)
Мұндағы - жартылай периметр.
Егер созылған формалы үшбұрыштың бұрышы < 2° болса, онда есептеуді келесі жуықтау формуласымен есептеуге рұқсат етіледі:
, (3.4)
Есептеулерге бақылау жүргізіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |